Педагогика | Орта мектептердегі 9-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты – оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі, нақты білім беру.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1]. Бұл міндеттерді шешу мұғалімнің ізденісіне байланысты. Осы күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім берудің жаңа парадигмасын туғызды.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатымен, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған. Онда: «Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 % - ға артуына себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен бірі сапасыз ауыз суды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеліп соғады» - деді [2].
Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері - аймақтық техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, озон қабатының жұқаруы, қышқыл жауынның пайда болуы, ормандардың селдіреуі, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттардың белең алып және улы қалдықтардың қолданылуы қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Қазіргі кезде табиғат пен адам арасындағы қарым - қатынасты дұрыс жолға қойып табиғат байлықтарын көздің қарашығындай сақтап, оны тиімді пайдалану керек. Табиғаттың осындай күйге ұшырап, еліміздің көптеген жерлерінің апат аймағына айналуының бір себебі – экологиялық білім мен тәрбиенің төменгі дәрежеде болуынан.
Сондықтан жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден – бір қажетті кезек күттірмес екендігі 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында», «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында» (2003ж.) және Ата заңымызға негізделіп жасалған ҚР «Білім туралы» заңдарда көрсетілген. [7,8,9,10].
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-шы бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді, ал Конституцияның 38-шы бабы Қазақстан Республикасының азаматтарына табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға міндеттейді. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы 1997 жылдың 15-ші шілдесінде қабылданды. 19 тарау, 89 баптан тұратын заңның 15 - тарауында мынадай қағидалар көрсетілген:
1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің жалпыға бірдейлігі және үздіксіз жүргізілуі;
2. Оқу орындарының білім беру бағдарына және меншік нысанасына қарамастан, оларға экологиялық пәндерді міндетті түрде оқытудың көзделуі;
3. Лауазымды адамдар мен мамандардың қажетті экологиялық даярлығы болуға және олар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негіздерін білуге міндеттілігі;
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер мемлекет тарапынан қолдау табатындығы айтылған. 73-бабы «Экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілуі» деп аталады. 74-бап оқу орындарында «Экологиялық білім берудің» мәселесіне, 75-бап «Қоршаған ортаны қорғау» саласында зерттеулердің мәселелеріне арналған. Осылармен қатар 1995 жылдың Республикамыздың қабылданған Конституциясында – табиғат байлықтарын қорғау, көбейту және тиімді пайдалану керек екендігі көрсетілген (6,38 баптар) [11].....
Дипломдық жұмыстар
Толық