Филология | Мемлекеттік тілдің бүгінгі таңдағы көрінісі

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Тіл – қоғамдық құбылыс. Ол адам баласының ғана келбетін, даму сипатын көрсетіп қоймайды, сонымен бірге қоғамның да ілгерілеуін, алға қадам басуын, көркеюін көрсетеді. Тіл – адам баласының ғана емес, ұлттың, халықтың, қоғамның болмысын көрсететін құбылыс. Адамзаттық құндылықтар қатарында тіл – ғылымнан да, мәдениет пен өнерден де бұрын аталады. Ғылым да, мәдениет те өнер де материалдық игіліктер де, саясат та тілдің қатысуымен жасалады. Тілдің адамның жан – дүниесіне өлшеусіз әсер ете алатын құдіреті саяси тетік ретінде ертеден – ақ пайдаланылған.
Ғалым – ұстаз Ш. Бектұров тілдің қызметі туралы төмендегідей ой – пікір айтады: «Жалпы тілдің қоғамдық қызметімен қатар, ойды жарыққа шығару қасиеті де бар. Әрбір адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы айтып жеткізеді, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. Сонымен тілге анықтама беруде, тілдің әлеуметтік, яғни адам қоғамына қызме етуі және ойлаудың, ойды жүзеге асырудың құралы екендігі негізге алынады. Тілдің қатынас құралы болу қызметін қарым – қатынас коммуникативтік қызметі десе, ал оның ойды жүзеге асыру қызметін көркемдеуші, бейнелеуші экспрессивтік қызмет дейді».
Тілдің бұл екі қызметі – қарым – қатынас коммуникативтік қызметі мен көркемдеуші бейнелеуші экспрессивтік қызметі - өзара бір – бірімен тығыз байланысты, бірі екіншісін тудыруға себепкер. Мысалы, басқа тілді үйрену үшін адам, ең алдымен, сол тілде сөйлейтін адамдармен қарым – қатынас жасау әрекетін бастайды. Әбден үйреніп алғаннан кейін ғана сол тілде ойлап, ойын жарыққа шығарудың құралына айналдырады.
Әрбір құбылыстың өзінің шығу және даму тарихы болатыны тәрізді тілдің де шығу тарихы бар. Кейбір тілдер ерте туып, бірақ кейіннен келе – келе қолданудан шығып жатса, енді бірқатары ілгері басып дамиды. Осындай қолданудан шығып қалған тілдерді өлі тілдер немесе көне тілдер деп атайды.
Бүгінгі таңда, күнделікті өмірде қолданылып жүрген тілдерді тірі тілдер немесе қазіргі тілдер дейді. Әр мемлекеттің өз ішінде көбірек қолданылып, мемлекеттік маңызы бар іс қағаздары негізінен осы тілде жүргізілуі тиіс тілдерді – мемлекеттік тіл дейді. Мәселен, бұған қазіргі қазақ тілін жатқыза аламыз.
Бітіру жұмысында қазақ тілінің әлеуметтік қырлары, қолданылу аясы кеңінен сөз болады. Қазақ тілінің саласында тер төгіп жүрген ғалымдардың нақты тұжырымдарына сүйене отырып, мемлекеттік тілдің заңдық тұрғыда қолданылуын бағдарладық.
Жұмыстың көкейкестілігі: Мемлекеттік тіл тақырыбы қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Өйткені мемлекеттік тіл – біздің бүкіл халқымыздың ортақ тілі, тарихы талай ғасырлардан бері келе жатқан құбылыс. Мемлекеттік тіл бірақ дәл қазіргі кездегідей бұрын – соңды мүшкіл халді бастан өткеріп көрмепті. Ана тіліміздің бүгінгідей жағдайға түсуі қазақ халқының ұлттық, отаншылдық сана – сезімінің қандай деңгейде екенін көрсетеді. Бірақ мемлекеттік тілдің құлдырауы бұлай жалғаса беретін болса, қазақтығымызды, елдігімізді мүлде жоғалтарымыз ақиқат. Сондықтан бұл жұмыстағы негізгі ой қазақ тілінің өткір мәселелерін жан – жақты ашып талдау болатын.....
Дипломдық жұмыстар
Толық