Қазақ тілі | Газет тілін зерттеу

КIРIСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектiлiгi: Газет тiлiнiң қазақ тiл бiлiмiнде зерттеушiлер назарында жүрген сала. Алғашқы басылымдар мен бүгiнгi күнгi газеттер тiлi әр түрлi аспектiлерде қарастырылып келедi. Сондықтан да газет лексикасының қабаттары әр қабатқа сай ерекшелiктер, газет тiлiндегi жаңа қолданыстар, сәтсiз баламалар мен ұтымды атаулар, олардың әдеби тiлдi дамытудағы рөлi мен қызметi туралы мәлiметтердiң болуы көп жылғы зерттеулердiң жемiсi болмақ.
Зерттеудiң мақсаты: Газет тiлiн зерттеу қажеттiгiн тудыратын факторлар сан алуан. Газет тiлiн зерттеу арқылы жалпы қазақ тiлiнiң даму бағытын, деңгейiн аңдауға болады. Газет тiлi құрылымы мен жүйесiне сай жиi қолданылатын тiлдiк бiрлiктердi сөзге тән өзге де ерекшелiктер аясын айқындау және олардың жасалу жолдарын сипаттау барысында сөзжасамдық амал-тәсiлдерге тоқталу қажеттiлiгi туындайды.
Зерттеудiң әдiстерi: Газет-ақпарат жеткiзiп, үгiт-насихат тарататын орган. Оның аталмыш қызметтерi бұқара, әлеуметтiк ортамен тығыз байланысты. Сондықтан да газет тiлiн әлеуметтiк ортамен тығыз байланысты, газет тiлiн әлеуметтiк лингвистикамен ұштастыра зерттегенде он нәтижеге қол жеткiзуге болады.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы: Бүгiнгi күнде қазақстан аумағында газет-журналдар, телеканалдардың бәрiн қоса есептегенде жалпы саны 356 бұқаралық ақпарат құралдары қызмет атқарады. Соның iшiнде газеттер туралы мәлiметтерге көңiл аударғанда, олардың саны мен түрлерiнде, типтерiнде бiрқатар сапалық та, сандықта өзгешелiктер пайда болғанын аңғардық. Айталық, газеттердiң мемлекеттiк және мемлекеттiк емес түрлерi пайда болған. Бiрақ, мемлекеттiк емес қазақ газеттерi саны мен сапалық көрсеткiшi жағынан әлi де өз деңгейлерiне жете алмай жатқанын аңғару қиынға түспейдi. Әр газет типiне орай олардың айдар, тақырыптарында айырмашылығықтар болады. Бұл айырмашылықтар сөз қолданыста (арнайы лексиканы қолдануына орай, кiрме сөздер мөлшерiне қарай) айқын байқалғанымен, жалпы газет атаулының айдар, тақырып, жанрлары құрылымында аса көп өзгешелiктер жоқ.
Зерттеудiң теориялық, практикалық маңызы: Қазақ публицистикасы стилiнiң пайда болып, қалыптасып, дамуындагазет тiлiнiң, олар атқарған, әлеуметтiк-қоғамдық қызметтерi түрлерiнiң (ағартушылық, ақпараттық, әдеби тiлдi жетiлдiру) әсер-ықпалы мол екенiн бiлемiз.
Зерттеу-жұмысының құрылымы: Сонымен бiрге, газет лексикасының құрылымы мен жүйесiне тән ерекшелiктердi тану, оның құрылысына (айдар, тақырып, жанр кейбiр мәтiндiк ерекшелiктерiне) тоқталу, сондай-ақ газет лексикасының типтерiн қоғамдық-саяси лексика, бағалауыштық лексика, бейтарап сөздер қатарын анықтау, оларға тән тiлдiк қабаттарға тарихи-сементикалық талдаулар жасау.
Жұмыста, сондай-ақ, тiлдiк жүйе мен құрылым, оларға тән парадигмалық және синтагматикалық қатынастардың газет лексикалы деңгейiнде көрiнуi негiзделедi, талданады....
Дипломдық жұмыстар
Толық