Қазақ әдебиеті | Бекежан Сүлейменов тарихшы ғалым және оның ғылыми мұралары

Кіріспе
Тақырыптың маңыздылығы. Қазақстанның егеменді ел болуы жағдайында, демократиялық қоғам мен нарықтық экономика құру жолында, Республиканың басынан кешірген тарихи жолдарын ғылыми тұрғыдан қайта қарап, әділ бағасын беру ісі едәуір нәтижедерге жетті. Тарихшылар жаңа әдістемелік көзқарастар, жаңаша ойлау әдістерін жасауға, тарихи үрдісті оның өзі қандай болса, сол күйде - өзара байланысты, тұтастықпен ұласқан, диалектикалық даму үстіндегі түрінде көруге ұмтылып, жаңа айқындамалар тұрғысынан жазылған еңбектер жарық көруде. Әсіресе, соңғы жылдары Республикамызда тарих ғылымына деген қызығу арта түсті. Оның бірнеше себептері бар. Олар: жоғарыда айтылғандай Қазақстанның егемендік алуы, ұлттық сана сезімнің өсуі, тарих ғылымының идеологиялық қыспақтан арылуы, қазақ халқы тарихының күрделі тұстарын қайта қарау және жаңаша түсіндірудің қажеттілігі. Мұндай күрделі жұмыстың сәтті болуы үшін Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша қалам тартып, зерттеулер жүргізген ғалымдардың мұрасын дұрыс, жан-жақты талдап, игере білудің де өзектілігі және маңызы зор.
Белгілі қазақ тарихшысы Бекежан Сүлейменұлы Сүлейменовтің тұлғасына көзқарас осындай күрделі мәселелердің қиылысында тұрған тақырып болып табылады. Б. С. Сүлейменов ғалымның көрнекті қайраткері деуге толық негіз бар. Оның атымен республика халқы 1917 ж. қазан революциясына дейінгі Қазақстанның әлеуметтік экономикалық және саяси тарихы, мәдениеті және қазақ халқының ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар мәселелерін зерттеудегі бірталай жетістіктерді орынды байланыстырды. Тарихшы – ғылымның қоғамдық, ғылыми – шығармашылық қызметін талдап сараптап баға беру, оның маңыздылығын арттыра түседі. Өйткені, Б. С. Сүлейменов сияқты зерттеуші – тарихшылардың тиянақты ғылыми өмірбаяндары Қазақстан тарихнамасына қосылған елеулі үлес болады, сондай-ақ, мұндай еңбектер көш бастаушы ғалымдардың тәжірбиесін және үлкен нақты деректі мағлұматтарды зерттеу негізінде өткенді танудың маңызды тұжырымдамаларын атап көрсетеді. Қазақстан тарихшылары туралы, олардың ғылыми-шығармашылық қызметіне талдау жасаған еңбектер қазірде жоқтың қасы. Осы орайда бүгінгі күнге дейін кеңес дәуіріндегі үш тарихшының ғана өмірі мен шығармашылық қызметі кандидаттық дисcертация деңгейінде зерттелді. Отандық тарих ғылымы үшін көрнекті тарихшылардың ғылыми өмірбаянын жариялау тіптен маңызды. Өйткені, кең тараған проблеманың тарихнамамен қатар көрнекті тарихшылар туралы ғылыми еңбектер әр елдегі тарих ғылымының берік негізін қалайды. Мұндай ғұмырнамаларда көрініс тапқан тамаша кәсіби тарихшылардың шығармашылық тәжірбиесі бұл ғылымның жас мамандары үшін жақсы мектеп болды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық