Филология | Араб тілінің есімді және етістікті болымсыз сөйлемдер

Кіріспе
Бұл зерттеу жұмыстағы зерттеу нысаны араб әдеби тіліндегі болымсыз сөйлемдер болып табылады. Болымсыз сөйлем бұл жерде болымсыз пайымдаудың семантикалық– синтаксистік категориясысының бөлшегі ретінде қарастырылады. «Пайымдау – бір нәрсе жайында, біреу туралы пікір. Болымсыздық ұғымы бір нәрседен бір нәрсені жоққа шығару туралы пікір». Бір нәрсеге тән құбылыс жоққа шығарылып айтылуы мүмкін, ал бір нәрсеге тән емес құбылыс соған қатысты болады және мұны осы шақпен байланыстырамыз, не біреу айтқан пікірдің бәрін де жоққа шығаруға болады немесе біреу жоққа шығарып тұрған нәрсенің бар екенін дәлелдеуге болады. Бұл жерден шығатыны, «барлық пікірлерге қарсы қарама – қайшылықты пікірлер жатады және барлық жоққа шығаруларға қарсы – пайымдаулар жатады», /1, 96/ - деп Аристотельдің дәлелдегені.
Болымсыздық мәселесін синтаксистік тұрғыдан қарастыру оны қазіргі тіл білімі, әсіресе шет тілі білімі аясында зерттеуде жетекші роль атқарады. «Болымсыздық әрекетінің шеңбері сөйлем болып табылады», - деп Б. Рассельдің ізінше Е. В. Падучева дәлелдеп кеткен /2, 143/. «Болымсыздық және соған сәйкес, оның анықталған тұлғалары әрқашан сөйлем деңгейіне қатысты болады», - деп көрсеткен Н. Ю. Шведова. Тақырыпқа мұндай қадам жасау зерттеу мәселелерінің ортасын айқындайды, оның өзі жалпы тіл білімі аясында және болымсыздық категориясын зерттеумен байланысында жекелеген тіл білімдерінде қарастырылады.
Зерттеу пәні болымсыздық категорияларының және предикаттық құрылым деңгейінде қызмет ететін басқа категориялардың өзара қарым – қатынасы болып табылады. «Синтаксистік категория болып табыла отырып, болымсыздық сөйлемге қатысты басқа да категориялармен анықталған өзара қарым – қатынасқа түседі», - деп толықтырған Е. И. Шендельс /3, 65/. Оның ішіндегі маңыздысы предикаттылық категориясы болып есептеледі. Жекелеген түрде, пайымдау болымсыздық категориясының қосмүшелі сипаттамасы оның предикативтілік категорияларымен өзара қарым – қатынасын алдын – ала айқындайды, сонымен қатар «бұл категорияның бір мүшесінің еріктілігі осы позицияда екіншісінің де еріктілігіне жатқызылады, ал оның біреуінің міндеттілігі екіншісінің мүмкіншілігі болмайтындығын білдіреді». Демек, бұдан ұғынғанымыз, сөйлем құрамындағы предикативті қос мүшенің бірі болдыруды білдірсе, екіншісі болымысздықты білдіреді. Яғни әрекеттің жүзеге асу– аспауы екеуінде керісінше жүзеге асырылады.
Кез-келген айқын сөйлемдерді ұйымдастыруда болымсыздықтың сипаттамасы мен ролі әр түрлі болып келеді. Мұның өзі зерттеушілердің алдына түрлі шешімін таппаған мәселелерді қояды. Бір жағынан, болымсыздық предикаттық қатынастардың туу механизмдеріне тиіспейтін сөйлемдердің шартты болымсыз тұлғалары зерттеледі. Бұл байланыста, жекелеген түрде болымсыздықтың «сөйлемдердің дербес типтерінің жүзеге асырылуын» шектейтін әсері қарастырылады, немесе – морфологиялық категориялар шеңберінде – сөйлем мүшелерінің қатысуына шектеулі түрде әсер ету, яғни әр түрлі жүйелі шектеулердің алынып тасталуы, мәселен, морфологиялық сипаттамасында байқалады. Екінші жағынан, зерттеудің арнайы нысаны ретінде болымсыздық «сөйлем құрылымын құрастыруда және мүшеленудің логикалық – грамматикалық, синтаксистік деңгейлерінде маңызды роль атқаратын» предикативтік конструкцияларға бөлінеді, мұнда болымсыздық предикаттарды тудыруда үздіксіз қатысады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық