Экономика | Экономикада инфляцияны реттеуді жетілдіру жолдары

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Ұлттық банк экономиканың «қызып кету» қаупін бәсеңдету және соған сәйкес экономикада инфляцияның ұлғайып кетуіне жол бермес үшін ақша - несие саясатын қатайта қарау көздеуде. Қазақстан Республикасының экономикадағы инфляциялық әлеует 2013 жылы ең төменгі деңгейде болды. Инфляция қарқынының тұрақты төмендеуі байқалды. 2013 жылдың қорытындылары бойынша 6,2 % деңгейінде қалыптасты.
2012 жылы Қазақстан Республикасындағы инфляциялық қысымның одан әрі төмендеуі күтілмейді, ол кейбір тәуекелдердің болуымен байланысты. Инфляциялық кеңеюі бюджеттен төленетін жалақыны, әлкуметтік жәрдемақыларды және зейнетақыларды 2014 жылы жоспарлы түрде көтерумен қамтамасыз етілуі мүмкін. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы Кеден Одағының құрылуымен байланысты әкелетін өнімге салынатын кедендік баждың көтерілуіне байланысты импортталатын өнімнің қымбаттауы да мүмкін.
Осындай инфляциялық қысымның арту жағдайында елдегі іскерлік белсенділіктің жоғары қарқынымен үйлесім жағдайында инфляцияны төмендетуге қол жеткізу қажет, яғни Ұлттық Банк ақша - несие саясатын елдің экономикалық өсімімен байланыстырып, экономикаға ақша ұсынуды теңдестіре ұлғайтудың дәйекті саясатын жүргізу тиіс. Бұл мақсатта Ұлттық банк ақша - несие саясатының трансмиссиялық механизмін қолданады. Оның құрылымы макроэкономикалық өзгерістер тізбегі арналарынан тұрады, атап айтқанда пайыздық ставка, валюта бағдары, ең төменгі резервтік талап мөлшері, қысқа мерзімді құнды қағаздар шығару көлемі, ашық нарықтағы операциялар және т.б Бірақ бұл трансмиссиялық механизмге кіретін арналар жиынтығы мен оның бұлжымас біртұтас құрылымы бар деген сөз емес. Қатып қалған заңның болмайтыны секілді, экономиканы да нарық белгілейді. Соған қарай трансмиссиялық механизмнің оны жағдайға қарай реттеп отыратын тағы да бірнеше арналары жетерлік. Әрбір орталық банк ұлттық экономика ерекшеліктерін есепке ала отырып, тек өзінің жеке арнаулы арнасын жасайды. Ұлттық банк те инфляцияны ауыздықтау принціптеріне өтуге дайындық аясында өз механизмін жасау үшін бірқатар жұмыстар жүргізуде. Ол механизм ақша - несие саясатының ұлттық экономикаға ықпалын сипаттауы тиіс.
Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы Ұлттық Банк саясаты валюталық режимді одан әрі ырықтандандыруға, капитал қозғалысына байланысты тәуекелдерді реттеуге қолданылатын жаңа тәсілдерді әзірлеуге бағытталған. 2013 жылы Қазақстан валюталық режимді ырықтандыру үдерісі аяқталып, ұлттық валюта қызметінің жаңа кезеңі басталды. 2001 жылы валюталық операцияларды жүргізуге шектеуді кейіннен алып тастау және ұлттық валютаның толық конвертациялануы қағидатына көшу үшін жағдай қалыптастыру жұмыстары жүргізілді. «Валюталық операция туралы тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызметтер көрсетудің осы стандарты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.
Ресми органдар тереңдеп келе жатқан экономикалық мәселелерге ортасында банктерді қайта капиталдандыру және экономикалық қызметке қолдау тұрған Ұлттық мұнай қорынан қаржыландыратын 10 млрд доллар сомаға кризиске қарсы жоспарды дайындай отырып жауап қатты. Кризиске қарсы жоспар басқа бюджеттік шаралармен,орталық банктің өтімділігіне қолдаумен және қаржылық қадағалау агенттігі тарапынан реттеу шараларымен толықтырылады. Экономикалық даму жылдары жинақталған мемлекеттік шетел активтерімінің үлкен қорымен және мемлекеттік борыштың төмен деңгейінде ресми органдар кризисті еңсеру бойынша шаралар қабылдау үшін жақсы жағдайда тұр. Орталық банктің резервтері шамамен 20 млрд доллар деңгейінде тұрақталды және құнсызданудан кейін айырбас бағамына қысым азайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық