География | Жұбантам алаңына барлау жұмыстарын жүргізу

КІРІСПЕ
Жұбантам алаңында бор түзілімдерінде мұнай кеніштерінің барлығын анықтауға осы диплом жобасы арналған.
Осы диплом жобасында іздеу жұмыстарын жүргізудің негіздеу, олардың міндеттерін бұрғылаудың әдістемелігін және көлемін, ұңғымаларды сынамалау жұмыстарын және геофизикалық зерттеу жұмыстары қарастырылған.
Жобаланған ауданының мұнай-газ кеніштерін барлығы анықталған жағдайда Каспий маңының оңтүстік – шығыс ауданының мұнай қорларының көбейуіне мүмкіншілік береді.
Диплом жобасын құрастырғанда алаңдағы мұнайгаздылығы анықтау үшін алаңының геологиялық құрылымын, мұнай-газды жағдайын мәлімдеп, іздеу жұмыстарының әдістерін және жүргізу бағыттамаларын дәлелдеу, ұңғыларды орналастыру тәртіптерін және олардың тереңдіктерін анықтау, қорын есептеу сұрақтары қарастырылған.
Жұбантам алаңында жүргізілген сейсмобарлау жұмыстарының МОГТ мәліметтерінен Жұбантам алаңы тектоникалық экрандалған және литолгиялық шектелген шоғык екені байқалады.
Диплом жобасын құрастыруға дипломаттық диплом құрастыру аладындағы және өндірістік тәжірибесінде сонымен қатар жоба құрастыруға қажетті материалдар қолданылған.
Диплом жобасы, диплом жобасын құрастыру әдістемелігіне және стандартқа сай құрастырылған.
1 Геологиялық бөлім
1.1.Алаңның физикалық, географиялық, экономикалық жағдайлары
Жұбантам кенорыны Сағыз және Ембі өзен араларында орналасқан. Атырау облысы Жылыой әкімшілігіне кіреді. Кенорын алаңы Құлсары темір жол станциясының солтүстік шығысына қарай 90 км. қашықтықта орналасқан.
Орография жағынан жұмыс алаңының территориясы Каспий маңы ойпатының оңтүстік бөлігіне тән болып келеді. Жазықтық аумақта тартылып қалған тұзды сор көлдері көктемде жауынды және еріген қар суларымен толып отырады. Кейбір терең сорлар жаз мезгілінде тартылмай көлік жүрісіне бөгет болады. Сор сулары ащы тұзды, органикалық жағынан техникалық мақсаттарда пайдалануға болады. Ас суы жұмыс алаңында тапшы. Сондықтан ауыз суын жақын орналасқан ауылды мекендерден тасымалданады. Бұрғылау жұмыстарына қажетті суларды Сағыз өзенінен тасымалдайды.
Ауа райы өте ерекше континенталды, жаз айларында құрғақ +400С+450С, қыс айлары салқын, орташа –100-1500С кейбір кезде –300-400С аяз болады. Жалпы жыл бойынша орташа температура +50С. жыл бойынша орташа жауын шашынмен қар суларының мөлшері 200мм аспайды.
Аудан көлеміндегі жануарлар дүниесімен өсімдіктер әлемі кедей, сондықтан тіршілік жәндіктері-тышқандар, сарышұнақтар, қояндар, қосаяқтар, қасқырлар; құстар-бүркіт, қыран түрлері жиі кездеседі. жер бедерінің беткі қабаты әдетте тұрақсыз саздақтардан және ұсақ құмтас, саздар түзілімдерінен тұрады.
Ауданның негізгі қатынас жолдары-жақын елді мекендермен байланыстыратын жазда ыңғайлы қара топырақ жолдары, тас жолдар және үлкен темір жолдар.
Жергілікті халықтардың көп мөлшері негізінен қазақпен орыс ұлттары мекен етеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық