Дауыссыз дыбыстардың жуан айтылуы Саяхаттау арманым (1 сынып, 5 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Cаяхат»
Сабақ тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың жуан айтылуы. Саяхаттау арманым.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу)1.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады
1.3.12.1 Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады
1.3.8.1 Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді
Сабақ мақсаттары: Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады
Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады
Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Туристік жолды жарнамалау Жуан және жіңішке жұп дауыстылар А-ә о-ө ы-і ұ-ү (1 сынып, 5 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат»
Сабақтың тақырыбы: Туристік жолды жарнамалау (маршрут). Жуан және жіңішке жұп дауыстылар А-ә, о-ө, ы-і, ұ-ү.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)О5 Мәтіннің түрлерін және стильдік ерекшелігін тану
Сабақтың мақсаттары: 1.1.5.2 Диалогке қатыса отырып, өзгенің пікірін таңдау және сыйлау, өз пікірін дұрыс жеткізу
1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің не туралы екенін анықтау
1.1.4.5 Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін (Мысалы: әңгіме, өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, мақал-мәтелдер) таниды және ажырата алады .....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Балабақша ойындары | Қимылдық ойындар

Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8-10). Тәрбиеші балаларды ойынға шақырып, қазір олардың қуыршақтарға қонаққа баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге көрсетілген бағытта, жай ғана....
kz
Толық

Қазақ тілі | Қосарлы дауыссыз дыбыстар және олардың емлесі

Емледегі тілдің емлесі оның басты құрылымының дұшпаны емес, қорығы болуы керек, өкінішке орай, қазақ тілінің атазаңы болып табылатын Үндестік заңдылығын аяққа басуға қазырғы емле қолғабыс болуда: қазыр – қазір, қадыр – қадір. Мұның үстіне тілдің бұл заңын жоққа шығарып, орыс тілінің заңдылығын тықпалап жүрген Ь секілді белгілер бар, мәселен, сингармонизм заңы бойынша қазақ тілінде «дельфин» сөзі жіңішкелік белгісіз жазылуы керек: делфин, өйткені, қазақ тілінің жіңішке е дыбысы «л»-ды жіңішкертіп тұр; ал орыс тіліндегі е дыбысы жуан айтылып, келесі дауыссызға ықпалы болмағандықтан, «л»-ды жіңішкертуге арнайы белгі керек екені рас. Тіпті, екеуі бірдей таңбаланса да, қазақы Е жіңішке, орысша Е дыбысы жуан дыбысталатынын ескермейміз. Осы орайда, әліпбиге терең үңіліп, орыс дыбыстарының ішіндегі ерекше тоқталуды қажет ететіні – «и». Жалпы, қазақ тілінде бір ғана қысқа «и» (й) дыбысы бар, ал ұзақ «и» - қазақ тілін тәуелдендіру саясатының нәтижесі. Әдеттегі қазақ тілі қағидасына енгізілген «дауысты дыбыстан соң қысқа и (й), дауыссыздан соң ұзақ и айтылады» дейтін ереже тіліміздің қасиетін көз бе көз бұрмалау болып отыр. Салыстырайық: сүй - ки, күй – би, түй – ти, үй – ши деген сөздердегі қысқа мен ұзақ «и»-лердің айырмашылығы бар ма? Жоқ! Өйткені, бәрі де қысқаша дыбысталып тұрған «и»-лер, «йй» болып тұрған ешқайсысы жоқ, демек, қазақ әліпбиіндегі ұзақ и - дыбысы артық әуре! Сонымен бірге, и дыбысы «сипат», «жинақ» сөздеріндегі «ый»-ды, «жиі» сөзіндегі ій-ді не үшін алмастырып тұрғаны түсініксіз, әліпбиімізде қысқа й болмаса, бір сәрі! Көрер көзге артық и әріпін ақтау үшін тілдің жазылымын тәлкекке салып отырғанымыздың мысалы осы емес пе?! Бұл мысал «ый» және «ій» дыбыстарын таңбалайтын и әріпінің қазақ тіліндегі екі «жүзділігін» көрсетіп тұр. Масқара болғанда, қазыр біз «музыйка», «румыйнйа» деген сөздерді орысша түрде «музыка», «румыния» деп жазып жүрміз, мұндағы орыстың «ы» әріпінің, «ый» болып дыбысталатынында шаруамыз болмай қалған. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қаздауысты Қазыбек

Тұңғыш рет Қазыбек би 13—14 жасқа толған шағында Жоңғар хандығына Тайкелтір бастаған елшіліктің қосшысы болып барады. Осы сапар барысын-да болған бізге белгісіз мынандай бір оқиға бар. «Ұзак жол қысқарсын» деп, жас Қазыбек Тайкелтірге жақындай келе, атын теңестіріп: «Алдияр, жоңғар ханының алдына барғанда сөзімізді неден бастағанымыз дұрыс, соны ойлансақ қалай болады», — дейді. Сонда Тайкелтір бұғанасы әлі қатпаған баланың бұлай сөйлеуіне разы болмай: «Оған ойланудың қажеті не, аузымызға қандай сөз түссе, содан бастаймыз да», — деп атына қамшы басып, желе жөнелген екен.

Бала... бала болса да—дана...
Жоңғар ханының ордасына келген соң Тайкелтірдің аузына сез түспей, тұтығып: «Өгізімді өлеңді жерге қойыппын, өз алдыңа келіппін» деп міңгірлеп, тоқтап калган көрінеді. Тақ үстінде отырған жоңғар ханы сөздің мәнін түсінбей, «өгізі кім» дегендей жан-жағына қарап, ешкім үн қатпаған соң, бес тал мұртын тікірейтіп, ашу шакыра бастайды.
Дәл сол сәтте қазақ елшілігінің арасынан ең төмен отырған жас Қазыбек орнынан атып тұрып, төсін оң колымен басып, бір иіле:
Ордың жалгыз ағашына таңба салғыздың,
Ол да сенің өнерің
Мұғалжардан тас алғыздың,
Ол да сенің өнерің.
Ертістен арық тартып ат суғарттың,
Ол да сенің өнерің.
Айналада алты хан бар еді,
Өзіңнен артық кім бар еді.
Қатты қарғысың болса,
Қайырлы жарылғасының бар еді,
Сол жарылғасыннан үміт қылып келдік, — деген екен.
Сол сәтте хан күлімсіреп «олай болса, шаруаларыңды айтыңдар», —дейді. Тоқтап қалған Тайкелтірге Қазыбек бір қарап, сөзін одан әрі батылырақ өрбіте келе ханнан шапқыншылықта қолға түскен тоқсан жесірді қайтаруға келгенін баяндайды. Жоңғарлықтардың ханы алғыр жігіттің иығынан кағып: «Елің үшін туған ұл екенсің, дана болуға лайықсың, сен сияқты ерлері бар елді тәуелді ету маған оңайға соқпас»,—деп күң болып жүрген жесірлерді босаткан екен. ....
Рефераттар
Толық

Қазақ тілі | Дауысты дыбыс әріптерінің емілесі

1. Дауысты дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай, еркін шығуынан жасалады.
2. Дауысты дыбыс буын жасауға қағысады.
3. Дауысты дыбысқа екпін түседі.
4. Тіліміздегі дауысты дыбыстар: а, ә, е, н, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э.
5. Дауысты дыбыс тіл, жак және еріннің қатысына қарай жуан - жіңішке, ашық - қысаң, еріндік - езулік болып жіктеледі.
Тілдің
қатысына қарай Жуан тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестенуі арқылы жасалады а, о, ұ, ы, у
Жіңішке тілдің ұшы ілгері созылып жіңішкеруі арқылы жасалады ә, ө, ү, і, е, и, (у), э
Жақтың
қатысына қарай Ашық жақтың кең ашылуы арқылы жасалады а, ә, о, ө, е, э
Қысаң жақтың тар ашылуы арқылы жасалады ы, і, и, у, ү, ұ
Еріннің
қатысына қарай Еріндік еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалады о, ө, ұ, ү, у
Езулік езудің кейін тартылуы арқылы жасалады а, ә, е, ы, і, и, э
6. Қазақ тілінің төл сөздерінде дауыстылар үндестік заңы бойынша бірыңғай жуан не жіңішке болып келеді (бұлақты, келімсек т.б.). Қазақ тіліндегі өзге тілдерден енген біршама кірме сөздерде дауыстылар жуан-жіңішке болып араласып келе береді (кітап, компьютер т.б.).
Ескерту: ё, я, ю әріптері дауысты дыбыс қызметін атқарғанмен, дауысты дыбыс түрлеріне жіктелмейді. Себебі бұлар йо, па, йу қосарлы дыбыстарынан тұрады.
1. Л әрпі ж, ш мен й әріптерінің ортасында келгенде, э болып оқылады, бірақ а әрпі жазылады. Мысалы: шай, шайнау, жай, жайлап, мән-жайы т.б.
2. Л әрпі араб-парсы тілдерінен енген сөздердің соңғы буынында келгенде, ә болып естіледі, бірақ а болып жазылады. Мысалы: Жәмила, рәсуа, Ләззат т.б.
3. О, ө, ұ, ү, ә әріптері қазақтың байырғы сөздерінде бірінші буында ғана жазылады. Мысалы: әр, көрші, құлын, ұлық, үлкен, түлкі, сәкіде, әңгіме т.б. Бұл әріптер біріккен сөздермен қос сөздердің екінші сыңарларының бірінші буындарында жазылады: Қараөткел, Қаратөбе, Айманкүл, Есенәлі, бүрсігүні, басқұр, той-топыр т.б. ....
Рефераттар
Толық

Педагогика | Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балалардың дауысымен жұмыс

КІРІСПЕ
Нашар еститін және естімейтін балалардың ауызша сөйлеу тілінде дауыспен жұмыс ең негізгі бөлім болып табылады. Дауыс төңірегіндегі даулар мен оның қалыптасу мәселесін көптеген ғалымдар қарастырған. Олар: лингвисттер, психолингвисттер, логопедтер,фониаторлар, сурдопедагогтар. Осы тұста мына ғалымдардың жұмыстарын атап өтуге болады: Алмазова Е.С, Вильсон Д, Дмитриева Л.Б, Ермакова И. И, Жинкина Н.И, Ларова Е.В, Максимова И.А, Митринович-Моджеевска А, Правдина О.В, Рау Ф.Ф, Таптапова С.Л, Телеляева Л.М. Хватцаева М.Е. Бұл ғалымдардың жұмыстарында дауыстың дамуы және қалыптасуының теориялық және практикалық көптеген мәселелері қарастырылған. Ауызша сөйлем, темп, бірігу, әуен, сөздік немесе логикалық екпін секілді дауыс сипаттамалары дауыстың сапасы мен дауысты игере білуде көп әсер етеді. Дауыс ауызша сөйлеу тілінің нақтылығын, дұрыс мәнерін, интонациясын анықтайды.
Есту қабілеті зақымдалған балалар үшін нормаға жақын дауысты қалыптастыру, яғни дұрыс күштегі, биіктігі дауыстар, ырғақтың өрескел бұзылысынсыз дауыс қалыптастыру ең қиыны мәселесі болып табылады. Мұл мәселені дауыс сапасына қатысты жүргізілетін арнайы жұмыссыз шешу мүмкін емес. Мектеп жасына дейінгі кезең балалар дауысының дамуының сентитивті кезеңі болып табылады. Дауысты қалыптастыру мақсатында жүргізілетін жүйелі түрдегі толыққанды жұмыстар есту қабілеті зақымдалған балалардың мектепке дейінгі мекемелерінде жүргізілуі тиіс. Естімейтін мектеп жасына дейінгі балалардың дауысына қатысты жүргізілетін жұмыстардығы арнайы әдістердің жоқтығы балаларда сөздік біліктің қалыптасуының төменгі деңгейімен сипатталады. Осы зерттеу жұмыстың негізгі өзектілігі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты есту қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі балалардың дауысымен жүргізілетін жұмыстарды талдау.
Мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысының келесідей міндеттері анықталды: ....
Курстық жұмыстар
Толық