Шағын кәсіпкерліктің дамуына көптеген иялық жұмыстар арналған. Онда шағын кәсіпкерліктің дамуының әлемдік тәжірибесі, сонымен бірге бәсекелестік механизімінің арқасында олардың кейбіреулерінің ірі бизнеске айналуы, бүгіегі нарықтық экономикакаға дейінгі мәселелер қарастырылған. Нарықты экономикасы дамыған елдерде шағын кәсіпорындар бірнеше жүз жылдарда табиғи дамыған, ал Қазакстанда мүлде басқа жағдай. Нарықтық экономикаға өткенге дейін бұрынғы Кеңес Одағының құрамындағы мемлекеттерде ірі өнеркәсіп кәсіпорындары болды да, олардың артықшылықтары абсолютті деп саналып шағын кәсіпорындар мәселесі жоспарға кірмеген болатын. Бұл ойдың қателігі командалық орталықтанған жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге өту кезінде, шағын кәсіпорындар мемлекеттің стратегиялық бағыттың негізгі құралына айналғанда мойындалды. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті осы жолдағы жолдауында Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес, олардың барлық кәсіпорындары санының 90 пайызын құрағандығын және көптеген дамыған елдерде олар жалпы өнімінің 50 пайыздан астамын беретіндігін айта келіп, біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен идеологиясын бүзу қажеттігін баса айтты. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек. 1990 жылдардың басында жаңа экономикалық жүйеге өтуге байланысты кәсіпкерліктің жаңа түрлеріне жол беріліп, шағын кәсіпорындарға ерекше ынта ....
Өзінің даму процесінде ХВЖ төрт кезеңнен өтеді, олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. Бірінші, алтын стандарт жүйесі. Бұл жүйе ХІХ ғасырда стихиялы түрде 1867 жылы Париж конференциясында бекітілді. Осы конференцияның шешімі бойынша, алтын әлемдік ақшаның жалғыз формасы болып есептеледі. Алтын стандарт жүйесі төменгі принциптерге сүйенеді: 1. Бұл жүйенің негізі-алтын монеталық стандарт. Әрбір валютаның алтындық құрамы бар, осыған сәйкес олардың алтындық паритеттері белгіленеді. 2. Әрбір валютаның алтынға айырбасталуы. Алтын танымал әлемдік ақша ретінде қолданылады. Әрбір валюта ел ішінде де, оның шекарасынан тыс жерлерде де еркін түрде алтынға айырбасталады. 3. Алтын құймалар монеталарға еркін түрде айырбасталады, сонымен бірге, алтын еркін импортталады, экспортталады және алтын халықаралық нарықта сатылады. 4. Алтынның ұлттық қоры және ақшаның ішкі ұсынысы арасында қатаң арақатынас орнатылады. Алтын монеталық стандарт бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін салыстырмалы түрде болды. Уақыт өте келе алтын монеталық стандарт ескіре бастады, яғни ол өсіп бара жатқан шаруашылық байланыстардың масштабына сәйкес болмай қалды. Соғыс басталғаннан кейін жауласушы елдердің орталық банктері банкноталарды алтынға айырбастауды тоқтатты және соғыс шығындарын жабу үшін олардың эмиссиясын ұлғайтты. Бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде қалыптасқан валюталық хаос кезеңінен кейін алтын девиздік стандарт белгіленді. Ол алтынға еркін айырбасталатын жетекші валюталарға негізделді. ....
2007 жылдың қаңтар-ақпан айлары бойынша барлық қаржыландыру көздерінің есебінен тұрғын үйдің 187,9 мың шаршы метрі (оның ішінде 114,2 мың шаршы метрі – жария етілген тұрғын үйлер) қолданысқа берілді, ол өткен жылдың сәйкестендірілген кезеңінен 2,0 есеге көп, соның ішінде: 181,163 мың шаршы метрі- тұрғындардың қаражаты есебінен; 6,777 мың шаршы метрі- кәсіпорындар мен жеке меншік ұйымдардың есебінен. Облыс бойынша барлығы 2007 жылдың қаңтар-шілде айлары бойынша 2504 пәтер, оның ішінде 2412 жеке тұрғын үйлер енгізілді. Ағымды жылдың екінші жылдығында жалпы ауданы 12,4 мың шаршы метрді құрайтын коммуналдық тұрғын үй құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. 2007 жылдың 15 тамызында Өскемен қаласы Жаңа Согра кентінінің Вешний қиылысындағы жалпы ауданы 5,183 мың шаршы метр болатын тұрғын үйді қолданысқа қабылдау бойынша мемлекеттік комиссия өткізілді. 2007 жылы несиелік тұрғын үй құрылысы бойынша Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз, Көкпекті және Зайсан аудандарындағы жалпы ауданы 39,353 мың шаршы метр болатын тұрғын үйлерді қолданысқа енгізу жоспарланып отыр. 2007 жылдың 1 қыркүйегі бойынша тұрғындардан ипотекалық несиелендіру жүйесі бойынша тұрғын үйді иеленуге барлығы 4367 арыз келіп түсті, оның 2065 төлеуге қабілеттілігін растады. Мелекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша барлығы 1575 пәтер енгізілді, оның ішінде – 1556 пәтер сату-сатып алу келісім-шарты жасалды, өткізілгені – 1556 пәтер. Облыстың жер қатынастары басқармасының мәліметтері бойынша 2007 жылдың 25 тамыз айы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін бөлу бойынша келіп түскен арыздардың саны 11487 құрайды, оның ішінде жас отбасылардан - 2384, мемлекеттік ұйым жұмысшыларынан – 1541, мелекеттік кәсіпорындар мен әлеуметтік бағыттағы қызметкерлерден- 1182. 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4099 жер телімдері (келіп түскен арыздар санына 36%), сондай-ақ ағымды жылы 915 жер телімі бөлінді.
ШҚО тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат Облыста 2004 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2004 жылғы 3 шілдедегі № 6/70-ІІІ шешімімен бекітілген ШҚО тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы іске асырылуда. Өңірлік бағдарламаның іс-шаралар жоспарымен төмендегідей шаралар қарастырылған: республикалық бюджет қаражаты есебінен: - жыл сайын 8,1 мың шаршы метр көлемде коммуналдық тұрғын үй салу, бұл 2005-2007 жылдарға 24,3 мың шаршы метрді құрайды; - жыл сайын 56,7 мың шаршы метр көлемде коммуналдық тұрғын үй салу, бұл 2005-2007 жылдарға 170,1 мың шаршы метрді құрайды; басқа көздер есебінен (тұрғындар, жеке меншік кәсіпорындар мен ұйымдар есебінен): 2005 жылы – 68,3 мың шаршы метр, 2006 жылы – 118,5 мың шаршы метр, 2007 жылы – 164,5 мың шаршы метр, бұл 2005-2007 жылдары 351,3 мың шаршы метрді құрайды. ....
Жаңа туған нәресте адам деп аталғанымен, тұлға деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менің» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте ,сәби, бөбектерді кісі,тұлға деп айту қиын. Есейіп,ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибәсі, білімі мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды да кісі, не тұлға деймиз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бұзық қасқай т.б толып өкілдері болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзатқа қас жауыз тұлға. Халық түсінігінде мінез-құлықтың әр түрлі жағымды жақтары ' «кісілік» ұғымының төңірегіне топтасады. Кісіліктің басты белгілері: ар- ұятты қастерлеп сақтау, намыстылык, мейірімділік пен қайырымдылық, ізеттілік, адамдық пен шыншылдык, ілтипаттылық пен кішіпейілділік. Қазақ дәстүріндегі үлкенді сыйлау, оның алдынан кесе өтпеу, оған міндетті түрде сәлем беру, үйге келгенде төрдең орын беріп, кісінің көңіл-күйіне қарап, орынсыз сөзге араласпау кісілікке жарасымды қасиеттер. Сондықтан адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ен алдымен оның әлеуметтік жағдайын,яғни оның қандай коғамның мүшесі, қандай таптың өкілі екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс-тәжірибесін білуіміз қажет. "Тұлға" (лат. personalitas) ұғымы жеке адамды белгілі бір қоғамның немесе қауымдастықтың мүшесі ретінде сипаттайтын, оның әлеуметтік маңызды нышандарының орнықты жүйесі мағынасында қолданылады. Мысалы, педагог оқушы-жасөспірімнің тұлғасы туралы; әлеуметтанушы жұмысшының тұлғасы туралы; криминалист қылмыскердің тұлғасы туралы; психиатр холериктің тұлғасы туралы айтқанда, олардың әрқайсысы, ең алдымен, адамды — оқушы-жасөспірім, жұмысшы, қылмыскер немесе холерик етіп тұрған, солар үшін тұрпатты және мәнді, оларды өзгелерден абстракциялап тұратын нышандарды меңзеп отыр деп түсіну керек.....
Әр түрллі факторлардың әсеріне сезімтал онтогенездің кезендері қауыпты , ал зиян келтіретін факторлардын теротонды факторлар деп атайды . Адамда эмбрмогенездің 3 қаупты кезеңдерін ажыратылады: а) имплантация –эмбрионның жатырдың кілегей қабатына енуі. б) плацентация –плацентаың түзілуі в)туылу Эмбрион дамуындағы қауіпті кезеңдерінің маңызды сол, сипаты бойынша әр түрлі патогенді факторлар бірдей патологиялық өзгерістер тудыруы мүнкін , бұл олардың әсерінің уақытына тәуелді блоакды . Бір жағынан эмбиронға дамуының әр түрлі мерзімде әсер еткен бір типті әсерлер бірдей емес эфект бірдей.Мысалы ,бірдей дозалы рентген жүкті егеуқұйрықты сәулелендіргенде , жүктіліктің 10-шы күнінде ұрықта анэнцефалия ,11 тәулігінде микро-анофтальмия ,14 тәулікте –аяқтарының даму аноамалялары байқалады. Теротогендік факторлардың әсерлері дамудың 1-ші қауыпты кезенінде имплантацияның кеш өтуіне, ұрпақтың ерте оліміне әкеледі . Екінші қауыпты кезендегі зиянды әсерлер туа біткен кемтарлықтарға әкеледі. Даму сатыларына тәелді прентальдағы антогенездегі барлық ақаулықтарын гаметопатиялар, бластопатиялар, эмбриоптиялар және фенопатияларға бөлуге болады. Гаметопатиялар- бұл ұрықтануға деиінгі гаметалардағы өзгерістер.Бұл өзгерістер спантанды түсікке және тұқым қуалайтын ауруларға әкеледі. Ұрпақтың алғашқы 2-ші аптадағы зиготаның зақымдалуы. Осы кезенде зақымдалған факторының әсеріне ұрықтың жауап беру ”барлығы немесе ештеңе” принціпімен, яғни ұрық тіршілігін жояды және репаративтік қабілеті жоғары болса әсері еткен факторларды ” сезбей” ары қарай дамиды . Бір қатар жағдайларда осы кезендегі ұықтарда келесі бластопатиялар деп аталатын бластопатиялар деп аталатын паталогиялық өзгерістер кездеседі.....
Ұрықтың даму ақаулары және аурулары ұрықтың түрлі даму кезеңіне әсер етуші себептерге байланысты. Оларға бластопатия, эмбропатия фетопатии. Бластопатия – ұрықты ұрықтанудан 15 күннен Бластопатия дамуына егіздердің бітісіп кетуі және бос қапшық. Бластопатиядағы көп жүктілі 3-4 апта үзіледі немесе ұрық өлімі байланысты. Эмбриопатия – ұрықтың 15-ші күнінен ІІІ айды қоса бұзылықстары. Бұл уақытта жерден даму ақаулары, дамуы тоқтауы немесе ұрық өлімі болады. Фетопатия – онтогенездің ІV айынан жүктілік аяқталғанша, яғни барлық органдар қалыптап болғаннан кейін Патогенезіне және себебіне байланысты инфекциялы және бейинфекциясы болады. – Инфекциялы – ол кез-келген инфекция агенттен және процестік жайылуына ұрық организміне спецификация өзгерістерге әкеледі. – Бейинсфекциялы – плоцена жетіспеушілгін және зат алмасу бұзылысынан экстрагентальды аурудан. Фетопатиялардың барлығы себебіне қарамай клиника-морфолгиясы бір: – Ұзындығы және дене салмағы өзгерісі. – Мүшелерінің дамуының функциялық және морфологиялық қалуы. – Дәнекер ткані артық өндірілуі мезенхимиялық элементінің гипертрофиясы және гипекртазиясы болады. – Инфекция және токсикасы фетопатия геноррагиялық диатез және гепатоспленомегалиямен жүреді. Третоксикалы фетолпатия – диффузды-токсин. Зобтың ауыр дәрежесінен пайда болады. Диабетті фетопатия – ұрық артық салмағы, арқаулар жиілігі, мүшелер мен жүйелердің қызметі жетіспеуі. Алдын-алуы – анасының ауруларын табу, жүктілікті қадағалау. Емі – ұрықтың ауытқуы табылса энбрио-фетопатияны себебін жабу. Тума ақау – Себебіне тұқым қуалаушылық, мультифактор, экзогенді. Тума ақау – мутациядан пайда болады. Моногенді синдром және хромосомды ауру.....
Адамзаттың жануарлар дүниесінен ерекшеленуі мен табиғатты меңгерудегі басты іс-әрекеттің бірі және өзіндік қасиеті – оның дыбысты анық тілі. Дыбысты тіл арқылы адамзат өзара қарым-қатынас жасап, іс-қимылы мен өмір-тіршілігінің бейнесін қалыптастырады, өмір тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырады.Тіл – дегеніміз сөздік белгілердің жүйесі. Ал белгі – шындық пен болмысты білдіретін бөлшек.Осы белгінің қасиеттеріне орай әр алуан іс-әрекеттер орындалып, жүзеге асады. Белгілердің немесе тілдің екі түрлі мәні бар. Жалпы тілдік белгілерді психологиялық фактор әрі құралдеуге де болады. Тілдік белгінің бірінші мәні – оның қоғамдық-әлеуметтік мәні. Адамзат тарихында бұл белгілер қоғам арқылы қабылданып, әр түрлі нәрселердің мән-жайын түсіндіреді. Мысалы, көшелерде жүріп-тұру мен жол белгілері. Бұл – белгі, ал сөз – қару. Тілдік белгілердің екінші мәні – олар арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасап, пікір алысатындығы. Соған орай дара адам үшін әрбір белгінің мәні бар, олар оның саналы түрдегі іс-әрекетіне әсер етеді. Тіл үш түрлі қызмет атқарады: 1. Адамзаттың қоғамдық тәжірибесі. Бұл қызмет адамның тіл арқылы білімді меңгеріп, дүниені танып білуін қамтамасыз етеді. 2. Тілдік қатынас нәтижесінде адамдар тілдесіп, бір-бірімен түсініседі. Тілдің мұндай қызметін ғылыми атауда коммуникативті қызмет деп атайды. 3. Әрбір адамның өз мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі даралық тәжірибелерді күнделікті тіршілікте қолданып отыруы, сөйтіп, сыртқы орта мен жағдайлардың өзгеруіне бейімделуі. Адам өзінің ғана емес, өзгелердің де тәжірибелерін қолданады, алға қойған мақсат-міндеттерін шешеді. Мұндай әрекеттер адамның ақыл-ойымен байланысты.....
Жаңа туған балада дыбысқа ұқсас реакциялар (жылау, іңгәлау т. б.) байқалғанымен, бұларда дыбыстық сипат болмайды. Жеке дыбыстардың көрінуі үш айдан былай қарай байқалады. Мұны баланың уілдеуінен (дауысты, дауыссыз дыбыстардың қосылуынан пайда болатын реакциялар) жақсы көруге болады. Уілдеудің өзі оның үлкендерден естіген сөздеріне, дыбыстарына орайлас жасалатын реакциялар. Мәселен, үш-төрт айлық бала "мә", "ға", "ге" секілді жеке буындарды, бес-алты айдан былай қарай "ма-ма", "па-па" деген екі буыннан келетін жеке сөздерді айтатын күйге жетеді. Сегіз айлық бала сөздің интонациясын, дауыстың ырғағын аңғара алады. Бірақ жеке сөздердің айырмашылықтарын, олардың мәнін әлі толық ұға алмайды. Бір жарым жастан былай қарай бала жеке сөздерді айтуға үйренеді. Оның алғашқы сөздері "мама", "папа", "ата", "әже", "аға" деген сөздерден басталады. Алғашқыда шағын сөздерді ғана айта алады. Үш-төрт буыннан түратын күрделі сөздерді айтуға шамасы келмейді. Бала алдымен дауысты дыбыстарды, кейінірек дауыссыз жөне сонор дыбыстарды, соңынан дауыссыздардың қатаң, үяң түрлерін меңгереді. Балаға ызың дауыссыздар мен (ж, ш) ысылдап шығатын дауыссыздарды ұғыну қиынырақ болады, "л", "р" дыбыстарын төрт-бес жасқа дейін дұрыс айта алмайды. Екіден былай қарай баланың сөздік қоры қауырт өседі. Мәселен, жас жарымдағы балада 10—15 сөз болса, екіге келгенде 300, үш жаста мыңға жуық сөзі болады. Үш жастан былай қарай ана тілінің заңдылықтарын стихиялы түрде үйренуге кіріседі. Баланың алғашқы сөздері бір не екі сөзден құралады, ол бір сөзбен-ақ айтайын дегенін аңғартады. Мәселен, "әже су" дегені, "әже маған су бер" деген мағынаны білдіреді. Кейде осындай сөздерін ым-ишараларымен жеткізеді. Сөз заттың нақтылы сигналы ретінде көрініп, белгілі нәрсеге меңзеліп айтылады, Бала үлкендермен сөз арқылы байланысқысы келеді. Осындай сөздер оның практикалық әрекеті мен нақтылы қажетін өтеуге байланысты туып отырады. Баланың алғашқы кездегі сөзінде зат есімдер көп болады, бұл сөздер айналасындағы заттармен, адамдармен қатынасында елеулі роль атқарады. Кейіннен етістіктер, есімдіктер, тағы басқа сөз таптарын да қолданады.....
Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу. Анықтамасы Этимологиялық деңгейде психология жан мен рухты (көне грекше: ψυχή — жан, рух) зерттеу (көне грекше: -λογία — ғылым, тану) деп танылады. Өзінің грекше мағынасында бұл зерттеу вегетативттік (психофизиология), сезімдік (мотивация, байым, моторика), интеллективттік (когнитивттік психология) функцияларымен шектеледі. Алайда психология — ақыл-ой функцияларын зерттеумен бірге, субьективтілікттің казуисттік әдістемесі, субьект жекешілдігінің, тұлға ішіндегі ақиқатты зерттеу. Ақыл-ой — тек комбинация мен арақатынас мекені емес, ол абстракция мен материалдық қатынас арқылы адам затын ойлау әрекетіне икемді нәрсе ретінде анықтайды. Осы тұста адам мен жануар арасындағы айырмашылық көрінеді. Психологияның зерттеу объекті — осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті — мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б. Психологияның әртүрлі тараулары қолданған әдіс (клинакалық немесе тәжірибелік), немесе адамның әрекеті (жұмыс, еске салу, есте сақтау, еске түсіру, сезу, тәлім тану, т.б), немесе зерттеу бағыты (бала дамуы мен психологиясы, Бет#психофизиология, жануар психологиясы) арқылы ажыратылады.....