Мақсаты: Балаларға жазы ыстық, құрғақ болып келетін шөл дала туралы түсінік беру, шөл далада өсетін өсімдіктер мен жануарлар туралы алған білімдерін бекіту. Жүру және жүгіру түрлері, секіруге арналған жаттығулар арқылы белсенді қимыл - қозғалыстарын дамыту. Табиғатты сүюге және тәрбиелеу. Алдын - ала жүргізген жұмыс: Шөл дала өсімдіктері мен жануарлары, құстары туралы түсінік берілді. Қажетті құралдар: Шөл дала өсімдіктері: қазжуа, жантақ, таспашөп, ағашы - сексеуіл; Жануарлар: қосаяқ, кесіртке, тасбақа, түйе; Құстары: бұлдырық, дуадақ суреттері Шаттық шеңбері
Тәрбиеші: Балалар, мен сендермен саяхатқа шыққалы тұрмын. Қайда деп ойлайсыңдар? (Балалардың жауабы) Ендеше мен жұмбақ жасырайын: Күні ыстық қапырық, Толқындай қозғалған. Айнала сап - сары құм басқан Бұл дала қай дала? (шөл дала) - Балалар, сендер шөл далаға барғыларың келе ме? Мен сендерді әлемдегі ең үлкен – Сахара шөліне апарғым келіп тұр. Немен баруға болады? Мен ұшақпен ұшуды жөн көріп тұрмын. Алдымен «жол сөмкесін» дайындап алайық. (балалар үстел үстіне рюкзакқа керекті заттарын салды. Стол үстінде: кепка, су, ойыншықтар, кітаптар, нан) - Ал, балалар, жолға дайынбыз ба? Не алдыңдар? Ендеше ұшақты дайындайық. (1 бала екі қолын жайып тұрады. Стюардесса жолаушылардың дайындығын тексереді) Белгі бергенде әуенмен «жыланша» жүгіреді.(Залға сары полотно жайылған) - Міне, ұшақ шөл далаға кеп қонды. Жолаушылар мен экипаж мүшелері жерге түсейік. Міне, Сахараға да келдік. Қандай, шексіз, кең дала! Балалар, шөл далада қандай өлі табиғат патшалық етеді деп ойлайсыңдар? (құм).....
Еліміздегі тағы бір безбүйрек ана сәбиін далаға тастап кетті. Бұл жолы кішкентай сәби "Алтын орда" базарының маңынан табылған деп хабарлайды NewTimes.kz сайтына сілтеме жасаған nur.kz.
Өз пәктігін саудаға қойған 18 жастағы модель магнаттардың бірінен 2 млн долларға ұсыныс түскенін айтып мақтанды. Бұл туралы nur.kz порталы thesun.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.