Биотехнология | Қарақұмдық (Гречиха) дақылдарының дән қауызын анықтау селекциялық жетістіктер

Қарақұмық – бағалы, дәнді жармалық, балды өсімдік. Оны күріш пен тары дақылдарына қарағанда солтүстік өңірге бөлген, яғни солтүстік облыстарда өсіруге болады. Бірақ та қарақұмық Оңтүстік аймақтарда да жақсы өседі.
( Мысалы: Украйнада, Орлов облысында және Қазақстанда). Бұл қарақұмықтың ең үлкен жетістігі.
Қарақұмық жармасы 10.18% белоктан тұрады күріш жармасына қарағанда қарақұмық жармасының құрамындағы белок мөлшері айтарлықтай жоғары және де бидай мен қара бидайдан жасалған наннан да. Құрамындағы белоктың жоғарлығына байланысты жарма тез піседі және адам ағзасына тигізер жері зор. Ол диеталық қасиеттері мен бағаланады.
Басқаларға қарағанда қарақұмық жармасының ерекшелігі мынада: оның құрамында өте жоғары дәрежеде аминқышқылы және омизин мен триптофон бар, оған лейцинді де қосуға болады. Биологиялық бағалығына келер болсақ, жарма құрамындағы белок құны құрғақ сүт пен жұмыртқаның белогымен пара- пар.
Белоктардан басқа жармада құрамында 70-80% көмірсулар (негізгі крахмал) және 2,5 – 4% май бар. Сонымен қатар жарманың құрамында витаминдер ( В1, В2,В6,В9,Е,РР,Р,) бағалы элементтер (темір, мыс, фосфор, марганец, кальций) және де оргоникалық қышқылдар (лимон қышқылы, алма қышқылы т.б.) бар.
Қарақұмық өсімдігі 1 га жерге егілген қарақұыықтан 70-100 кг бал алуға болады, ол өсімдікңтің экономикалық тиімділігі арттырады. Жоғары агротехникалық шарттарға сәйкес 1 га жерден 250кг бал жинауға болады. Біздің елімізде үлкен көлемде қарақұмықтың егістік алқабы бар.
СССР аумағы бойынша қарақұмық егістік алқаптары негізінен Ресей Федерациясы, Украина, Белоруссия, Қазақстанның солтүстік бөлігінде 50-60°с шекте орналасқан, батыс облыстардан Қиыр шығысқа дейін, алдын ала гүлдену 1 ай шамасында 50-70 мм көшеттерден 17-18°с тәуліктік температурада ұрық (жеміс) төгіледі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Биотехнология | Азықтық антибиотик Биовит өндірісін зерттеу

Анитбиотиктер азық-түлік қорын жасау үшін маңызды қоспаның бірі болып табылады. Олардың кейбіреулері өсімдіктерге зиянкес бактерияларға қарсы күресте маңызды қызмет атқарады. Олар мал шаруашылығында үй малдарының жұқпалы ауруларын емдеу құралдары болады, сөйтіп адамды азық-түлікпен неғұрлым толық қамтамасыз етуге сырттай көмектеседі.Сонымен бірге антибиотиктер жемнің сапасын арттыратын құрал ретінде де қолданылады.
Химиялық құрылымы жағынан кейбіреулер белгілі бір химиялық қоспаның өнімі мысалы тетрациклин болса белгілі да антибиотиктер өте алуан түрлі зат болады. Өзінің химиялық құрамы ұқсас заттар клеткаларға әсері жағынан да бір-біріне ұқсас болады, және керісінше, құрылымы жағынан алуан түрлілігіне олардың антибиотиктік қасиеттерінің айырмашылығы да сай келеді деуге бола ма? Қазіргі кезге дейін алынған мәліметтер бізге мұндай сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді.
Ал қазір пенициллиннің бактериялардың клеткалы қабырғасына әсер етіп, оның синтезделуіне кедергі жасайтыны белгілі болып отыр. Бактериялар әлі де болса біраз уақытқа дейін өсіп-өнеді; бірақ клетка қабырғасынан айырылғаннан кеін тез өліп қалады.
Стрептомеицин клеткаға сіңген соң белоктар синтезделетін жер – рибосомаға жетіп, олардың тірщілігін тоқтатады. Белоктардың синтезделуіне тетрациклиндер, эритромицин, хлорамфеникол және басқа молекулаларының құрлымы ерекшелігіне байланысты әрқайсысы тек өзіне ғана тән әдіспен әсер етеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Биотехнология | Азықтық антибиотиктер

Жобаның өзектілігі: Антибиотиктер немесе антибиотиктік заттар – бұл тірі жасушадан синтезделетін органикалық қосылыстар. Антибиотиктердің өте аз концентрациясы микроорганизмдердің өсуін шапшаңдатуға қабілетті немесе оларға сезімтал микроорганизм түрлерін толығымен жояды. Оларды тек микроорганиздер жасушасы ғана емес, өсімдіктер және жануарлар жасушасы да продуцерлейді.
Антибиотиктер дегеніміз – биологиялық қоспалар. Олар тірі клеткалардан алынады жән аз мөлшерде байытылғанның өзінде оған сезімтал микроорганизмдерді толық жойып жібере алады немесе өрбуін бәсеңдетеді. Олар тек микроорганизмдер мен өсімдіктерден ғана емес, аңдардың клеткаларынан да алынады. Антибиотиктердің өсімдіктерден алынғанын – фитонциттер деп атайды. Оларға сарымсақтан алынатын хлорепин, томатин, сативин және пияздан бөлінетін апиндер жатады.
Антибиотиктердің микроорганизмдермен синтезі – бұл ағза эволюциясы кезінде пайда болған және дамыған антогонизмнің тұқымқуалаушылық формасы. Микроорганизмдердің әр түрі бір немесе бірнеше қатал арнайы антибиотиктік заттар түзуге қабілетті.
Антибиотиктер медицинада өте ертеден және кең ауқымды қолданылып келеді. Алайда олардың көбінің бактериалды жасушаға әсер ету механизмі әлі орнатылмаған.....
Курстық жұмыстар
Толық