География | Байқоңыр ғарыш аймағын ГАЖ технологиясымен зерттеу

Байқоңыр ғарыш аймағы бұрын-соңды ГАЖ технологиясымен зерттелмеген. Бұл жұмыста осы аймақтың топырақ, өсімдік, ландшафт карталары (ГАЖ технологиясын пайдалана отырып) сызылды.
Жалпы курстық жұмыс 2 тараудан тұрады. 1-ші тарауда Байқоңыр ғарыш аймағына физикалық-географиялық сипаттама берілген. Байқоңыр ғарыш аймағы Қызылорда облысының территориясында орналасқандықтан, біз оның топырағын, өсімдігін, геологиялық құрылымы мен тектоникасын, климатын, жер бедерін, гидрографиясын жалпы облыс бойынша, сосын Қармақшы ауданы көлемі, одан кейін Байқоңыр ғарыш аймағы аумағында салыстырып, айтып кеттік.
2-тарау – осы аймақты ГАЖ технологиясымен зерттеу. Мұнда жалпы ГАЖ туралы қысқаша түсінік беріледі, сосын мәліметтер базасы қалай құрылады, картографиялық материалдар қалай даярланады, топырақ-су-өсімдік құрамындағы өзгерістер қалай анықталғаны қарастырылған. Сонымен қатар Байқоңыр ғарыш аймағының экологиялық мониторинг және бақылау жүйелерінің мақсаттары мен міндеттері айтылған.
Байқоңыр космодромы Қазақстанның оңтүстік-батысында, яғни Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы территориясында орналасқан. ....
Курстық жұмыстар
Толық