Қазақ әдебиеті | Лермонтов өлеңдерін аударудағы Абайдың аудармашылық таланты

Кіріспе
Лермонтов Михаил Юрьевич (1814- 1841) - орыстың ұлы ақыны. Оның лирикалық поэзияны дамытудағы еңбегі қандай зор болса, көркем прозаны дамытудағы еңбегі соншалық зор. Ол дастанның қандай тамаша үлгілерін туғызған десек, драмалық шығармалары жайында да осыны айта аламыз. Бұдан Лермонтов талантының өзгеше қыры айқын танылады. Және сол дәуірдегі орыс әдебиетінің ерекшелігі аңғарылады; Лермонтов өлеңді жас кезінде Москва университетінің пансионында оқып жургенде жаза бастаған болатын. Осы кезде және университетте оқыған уақытында Лермонтов 300-дей өлең, 16 поэма, 3 драмалық шығарма жазған. Петербургте, одан кейін Кавказда жүргенде жазған шығармалары өз алдына. Жазғандары сонша көп болса да, ақын 1840 жылы басылып шыққан өлеңдер жинағына бар болғаны 26 өлеңін кіргізді. Лермонтов өз заманындағы әлеуметтік өмірдің түбегейлі, өзекті мәселелерін қозғап, шығармаларын халық мүддесімен, арман-тілегімен терең қабыстырды.
Лермонтов – Пушкиннен кейінгі дәуірдің енді революцияшыл-демократиялық күштер ояна бастаған дәуірдің, өткеннен үміт үзіп, алдан жаңалық іздеген дәуірдің жыршысы, жаршысы.Лермонтовтың поэзия әлеміндегі алғашқы барлау есепті, 16-17 жасында жазған өлеңдеріне көз салсақ, солардың өзі-ақ алдымызға ақын поэзиясының өзегі – аласұрып алып-ұшқан ой-қиял, өмірді өлең талдау, зерлеу, іздену, сыншылдық, әрекет-күреске құмарлық екенін жайып салғандай. Ерте есейген жас Лермонтовтың өлеңдерін оқыған адам тұтқиялдан ой-қиялдың соншалықты сарқылмас қызық дүниесіне кіргендей болады. Ұшқыр қиял – Лермонтов поэзиясының рухы, жаны секілді.....
Курстық жұмыстар
Толық