Музыка | Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық музыкалық аспаптарда ойнау қабілетін қалыптастыру

Кіріспе
Музыка-адам жанын жарқындататын өнер. Сондықтан да музыка адам баласына қатты әсер етеді. Бірақ ойналған әуенді сөзбен жектізу мүмкін емес, оны тек музыканы жан дүниесімен түсінетін адам ғана әуен ырғағымен қабылдайды.Өйткені"Музыка-жүрек тілі," яғни сезім,қобалжу көңіл-күйдің тілінен ұққан жөн.Музыка шынайы өнер,адамға зор әсер етіп,құдіреттің эмоциялық орасан зор күші арқылы эстетикалық талғамын оятады. Музыканы тыңдау арқылы балаларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі мақсаттары жүзеге асады.Музыканы дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы балалардың ой-өрісін, сезімін,киімін,талғамын жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамытамыз.
Балабақшадағы балаларға берілетін тәрбие саласының бірі-эстетикалық тәрбие. Эстетикалық тәрбие өнер құралдары бойынша, яғни музыкада-дыбыс, суретте-бояу, тіл дамытуда-сөз арқылы жасалынған. Көркем бейнелер негізінде баланың дүниетанымын арттырып, өмірдің шындығымен әсемдікті сезіну қабілетін дамытуға жағдай жасайды. Музыка сабағында балаларды музыка өнеріне баулу, олардың әсем сезімдерінің тәрбиеленуіне көз қарастары мен сенімдерінің қалыптасуына себебін тигізеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Музыка | Бастауыш сынып окушыларын аспаптық музыкаға қызықтыру

Кіріспе
Өзектілігі. Бүгінде мектеп окушыларына ұлттық музыка өнерін, әсіресе бастауыш сынып окушыларына аспаптық музыкаға қызығушылығын арттыру мен оның тәрбиелік негізін тереңірек меңгеру қажеттігі туындап отыр. Бұған негіз ретінде Р.Жәрдемәлиеваның, М.Балтабаевтың, А.Райымбергеновтың, Ш.Құлманованың бастауыш сыныптарна арналған әдістемелік бағдарламасын атап өтуге болады. Ол оқушының талғамын, эстетикалық тәрбиесін, көркемдік қызығушылығы мен шығармашылық қатынасын арттыруға ықпалын тигізуде.
Қазақ халық муызыкасы, дәстүрлі көркем мәдениетін жетілдіру мақсатында пайдалану жолын қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсеткен ғалымдарымыз- С.А.Ұзақбаева, М.Х.Балтабаев, Т.А.Қышқашбаев, Ж.З.Өтемісов, Р.К.Дүйсембінова, Ұ.А.Асанова, М.А.Оразалиева және т.б.
Ұлттық музыка өнерінің бала тәрбиесіндегі мүмкіндігіне ағарту ісінің көптеген қайраткерлері - Н.К.Крупская, В.Сухамлинский, К.Д.Ушинский ж.б. аса мән берген. Осы аспаптық музыка негізінде орындалатын күйді тыңдатудың тиімді тәсілдері қарастырылады. Күйдің ерекше қасиеттерін ашып көрсеткен академик А.Қ.Жұбановтың еңбектерін ерекше атап өтуге болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық