Мемлекет және құқық | Ұлттық құқықтық мәдениеттің қалыптасуы

Кіріспе
Мәдениет-адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы . Қоғамның мәдениеті бірнеше түрге бөлінеді: саяси , экономикалық, әлеуметтік,парасаттылық, инабаттылық, экологиялық құқықтық т.б. мәдениет жүйе салалары. Олар бір-бірімен тығыз байланыста қоғамның экономикалық саяси,әлеуметтік дамуына сәйкес дамиды. Сонымен қатар олар қоғамның әр саласындағы қарым-қатынастарды реттеп,басқарып отырады.Мәдениет салаларының арақатынасы бірлестікте және дербестікте дамып, қоғамның экономикасын,әлеуметтік жағдайын жақсартып,нығайтып отырады.
Жақсы дамыған экономика мәдениеттің жан-жақты нығаюына мүмкіншілік жасайды. Мәдениеттің жақсы дамуына мемлекеттпен бірге бірлестіктер,одақтар, ұжымдар зор үлес қосады. Жоғары деңгейі мәдениетке жол ашады.
Сонымен, қоғамның парасаттылық, инабаттылық,тәрбиелік т.б. деңгейі мәдениеттің деңгейімен айқындалады.Ал мәдениеттің деңгейі қоғамның экономикасының, саяси-әлеуметтік деңгейіне байланысты.
Қоғамда бұл екі жақтық байланыс бір елдің, бір мемлекеттің шеңберінде ғана болады. Мәдениеттің дамуына сыртқы қолайлы жағдай зор әсер етеді. Мысалы,дамыған елдердің мәдениеті артта қалған елдерге үлгі болып,оладың рухани байлығын, сана-сезімін көтеріп,мәдениетін дамытады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Мемлекет және құқық | Мемлекет және демократия

КІРІСПЕ
Жекешелендірудің негізгі мақсаты орталық жоспардан нарықты экономикаға ауысуына қажетті жағдайды қалыптастыру болып табылады.
Ұлттық мүліктің Республика халқына мемлекеттен қайтару процесінде меншік иелену дербестендіру (персонифи¬кация) негізінде жүргізілуі тиіс.
Бұл мақсатқа жету келесі негізгі мәселелерді шешуді болжайды:
- көптеген мемлекеттік кәсіпорындардың акционерленуі мен шаруашылық құрылымның шамалы рынокты жолмен тездетіп калыптасуы, мемлекеттік меншік объектісінің кіші және көпшілік жекешелендіруді жүргізу;
- тиімді шаруашылық субъектісі ретінде жеке иелену қабатының қалыптасуы;
- бәсекелестік орта құру және өндірісті монополиясыздандырумен қамтамасыз ету;
- шағын және орта бизнестің дамуы;
- ірі және теңдессіз халық шаруашылық объектілердің жеке жаңғырту проектісін шығару (реализация);
- шетел инвесторларын тарту мен жеке бизнестің басым болу ұйымдық шаруашылық құрылымның қалыптасуы;
- бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесінің күшеюі және дамуы.
Бұл бағдарлама мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді әр түрлі салалардың ерекшелігі негізінде қағидалы әдіс амалдарды аныктайды.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруге жататын объектілер тізбегі осы бағдарламамен байланысты.
Жыл сайын өкіметпен бекітіледі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Мемлекет және құқық | Мемлекет жане кукыктын пайда болуы

КІРІСПЕ
Алғашкы қауымдық қоғам - адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесінде шамамен осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты.
Адамдардың дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бүл процесс бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, прогрестің жаңаруы. Бірақ бұл процесс басында өте бәсең дамыды.
§1. АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМДЫҚ ҚОҒАМ, ОНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ЫДЫРАУЫ
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік дамуы екі кезеңге бөлінеді:
1. Жабайы адам дәуірі - 40-12 мың жылдықгар арасы. Адамдар табиғаттың дайын заттарымен қоректенген, қарулары дайын: тас, сүйек, ағаш. Жабайы аңшылық, балықшылық қалыптасып қоғам-ның негізгі сипаты табиғаттың, қоршаған ортаның адамдардың кұн көрісіне қолайлы жақтарын пайдалана отырып, экономикалық, әлеуметтік жағдайды жақсарту. Қысқаша айтқанда - дайынды игерушілік дәуірі. Бұл кезенде қиыншылық, ашаршылық жиі болды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Мемлекет және құқық | Құқықтық норма

КІРІСПЕ
Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы. Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.....
Курстық жұмыстар
Толық

Мемлекет және құқық | Құқықтық мемлекеттің жалпы сипаттары

КІРІСПЕ
Мемлекеттік өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік билік арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы мақсаттары – сол дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.
Ертедегі ғалымдардың ойынша құқықты мойындайтын, сонымен қатар құқықпен тежелген мемлекеттік билік адал мемлекеттік болып саналған. «Заңның күші жоқ жерде, - деп жазды Аристотель,- мемлекеттік құрылымның қандай болмасын нысаны жоқ» . Цицеронның айтуынша мемлекет – «халықтың ісі», құқықтық араласу және «жалпы құқықтық тәртіп».....
Курстық жұмыстар
Толық

Мемлекет және құқық | Құқықтық мемлекеттің белгілері

КІРІСПЕ
Мемлекеттік өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік билік арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы мақсаттары – сол дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.
Ертедегі ғалымдардың ойынша құқықты мойындайтын, сонымен қатар құқықпен тежелген мемлекеттік билік адал мемлекеттік болып саналған. «Заңның күші жоқ жерде, - деп жазды Аристотель,- мемлекеттік құрылымның қандай болмасын нысаны жоқ» . Цицеронның айтуынша мемлекет – «халықтың ісі», құқықтық араласу және «жалпы құқықтық тәртіп»......
Курстық жұмыстар
Толық

Мемлекет және құқық | Құқықтық мемлекет

Кіріспе
Қазақстандық жалпыұлттық идеяның негізгі астарында «Қазақстан кімнің мемлекеті: қазақтардың ба әлде қазақстандықтардың ба?» деген сауал тұр. Жауап: Қазақстан – елді мекендегі барша ұлтар мен ұлыстардың, этникалық-әлеуметтің топтардың Отаны. Этникалық тұрғыда жер қазақ халқының жері болғанымен, мазмұны жағынан демократиялық-құқықты, азаматтық қоғамды құруға бағыт алып отырған Отанымыз көп ұлтты. Қай ұлт өкілі болмасын, олар – Қазақстан Республикасының тең құқықты азаматы, қазақстандық. Бұл кез келген дамыған демократиялық әлемдік мемлекеттерге тән қасиет. Франция – франциялықтардың, АҚШ – американдықтардың Отаны.
Азаматтық қоғамның, құқықты мемлекетің қайнар көзінде де осы қасиет жатыр.....
Курстық жұмыстар
Толық