Бухгалтерлік есеп және аудит | Еңбек ақыны ұйымдастырудың ерекшелігі

1.1. Еңбек ақының мәні, түрлері және принциптері.
Еңбек ақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі,еңбек ақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі. Міне, сондықтан да, мұны еш уақытта естен шығармауға тиіс.
Еңбек ақы бұл – жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, сомына және шығарға қажетті өнім көлеміне сәкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбек ақы бюджетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болады. Былайша айтуға болады – еңбек ақы кәсіпорын қызметкерлері жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кететін шығындардың бір бөлігі. Бұлардан басқа еңбек ақыны мұндай факторлар анықтайды:
Жұмыс күші, яғни құны. Бұл қызметтердің өміріне қажет және оның еңбек қабілетін қалпына келтіруге жәрдемдесетін заттардың жинақ құны. Бұларға жататындар:
– Жұмыскердің қажеттілігін қанағаттандыратын мүлік құны;
– Оны мамандыққа оқытуға кеткен шығындар;
– Оның отбасының өмір сүруіне қажетті заттардың құны;
Нақтылы жұмыс күнінің құны қажетті өнім көлемін анықтайды. Оның өзіндік жұмыс күшінің құны әр елде әр түрлі және уақыт өткен сайын өзгеріп те отырады.
Жұмыскердің еңбек өнімділігінің өсуі. Ол еңбек ақыны ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бірақ, оның өзіндік еңбек өнімділігінің өсуі еңбек ақының өсуіндей шапшаң болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бухгалтерлік есеп және аудит | Еңбек ақыны есептеу аудиті

Кіріспе
Республикада тұратын халықтың көпшілігі үшін жалақы кірістің негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан оны көтеру адамдардың қалыпты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету үшін аса маңызды. Нарықтық экономикаға бағдарландырылған жалақыны мемлекетік нормалаудың жаңа жүйесі еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында және қызметкерлердің еңбек белсенділігін арттыру мен материалдық ынталандырудың механизімін әзірлеудің бастапқы базасы болып табылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында еңбекке ақы төлеуде республика азаматтарын әлеуметтік қорғаудың құқықтық негіздері ағымдағы заңдармен нақты айқындалады. Мемлекет тарапынан көзделген ең негізгі кепілдік – ол қызметкерлердің заңдарда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес еңбегіне ақы алуға құқылы. Бұл кепілдік ұйымдық- құқықтық, меншік нысанына және ведомствалық бағыныштылығына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдара жұмыс істейтін қызметкерлерге таратылады.
Еңбекақы – бұл iстеген еңбегi үшiн берiлген төлем, ол еңбек келiсiм-шартында және қызмет нысқауында белгiленген көлемiне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшiн алады. Осы кезеңге белгіленген жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын орындаған қызметкердің айлық жалақысының мөлшері Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Еңбекақыны төлеу өнiмнiң өзiндiк құнының элементтерiнiң бiрi болып табылады.
Жұмыс берушi еңбек тиiмдiлiгiн арттырудың әртүрлi ынталандыру жолдарымен жүргiзедi, атап айтқанда сыйлық, үстеме, кепiлдiк төлемдерi. Жұмыс берушi нақты жағдайын ескере отырып “еңбек ақы төлеу туралы” ережесiн дербес әзiрлейдi, сондай-ақ онда еңбеккерлердiң категориясын, жұмыс уақытының тәртiбiн, “қызметкер туралы” ережелердi белгiлейдi.....
Курстық жұмыстар
Толық