Азаматтық кодекс | Шарт конструкциясы

К і р і с п е
Курстық жұмысын мазмұндамас бұрын, осы тақырыптың бүгінгі күндегі өзектілігіне тоқталған жөн.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде Азаматтық құқықтық қатынастарды, әр түрлі күрделі шаруашылық байланыстарды реттеу тәсілі ретінде азаматтық құқықтық шарттардың ролі жоғарлай түсті.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында әртүрлі жаңа қатынастар туындауда, оларды шарттың бір түрімен қамту мүмкін емес шарттардың екі немесе бірнеше түрлерінің нормаларымен ғана оларды реттеуге болады.
Азаматтық құқықтың жалпы бастауына негізделген ол жаратылысынан диспозитивті және бар қатынастарды да болашақта болу мүмкін қатынастарды да реттеуді көздейді.
Бұл қазіргі Қазақстан Республикасының экономикасын өтпелі кезені үшін аса маңызды, себебі күніге бір жаңа шарттың пайда болатынын көріп отырмыз.
Нарықтық экономика жағдайында шарттардың басым көпшілігі еркін жасалады.
Азаматтық кодекстің жалпы бөлімін сипаттауда тауарларды өткізу жұмыстарды орындау және қызмет көрсетуді сонымен бірге тепе-тең айырбас негізінде құралатын кейбір қатынастарды реттеу шарт еркіндігін қамтамасыз ететіндей болып құрылғанын жалпылай атап өтуге болады, сонымен қатар оларға қатысушылардың құқығы бүтіндей салады және соған сәйкес шарттың қатынастардың жекеленген түрлеріне жауапкершілік тетігін толықтап реттеу және бекіту арқылы жоғары кепілді қорғалады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Азаматтық кодекс | Тауар жеткізілім шарты

ТАУАР ЖЕТКІЗІЛІМ ШАРТЫ
Тауар жеткізілім шарты бойынша кәсіпкер болып табылатын сатушы сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді.
Тауар жеткізілім шартының бөлшектеп сатып алу-сату шарттарынан және қарапайым саттық сатып алу-сату шарттарынан түбегейлі айырмашылығы бар. Тауар жеткізілім шарты тауарлы – материалдық құндылықтарды экономиканың кез-келген салаларында үлестіруге мүмкіншілік береді. Бұрын бұл шартқа жасанды түрде әкімшілік-жоспарлау мінез берілетін. Жеке заңнамалық шешімдер оны сатып алу-сату шартының бөлек түрі ретінде қарстыруға әкелді. Осының нәтижесінде тауар жеткізілім шарты әкімшілік жоспарлы болып танылмайды.
Алайда, оның функциялары сол күйінде қалады. Өндірістің жекелеген салаларын орталықтандыру күшеюіне байланысты оның басқа сатып алу-сату шарттарынан айырмашылығы өсе түседі. Тауар жеткізілім шарты нарық субъектілеріне өндірілген, импортталған, экспортталған өнімдерді кез-келген бағытта тарату мүмкіндігіне ие қылады.
Тауар жеткізілім шартының елеулі айырмашылықтарының бірі одан туындайтын құқықтық қатынастар ұзаққа созылатын болып келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Азаматтық кодекс | Мұнай және газ саласындағы азаматтық-құқықтық шарттар

К і р і с п е
1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізді демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялады. Мұндай саяси және экономикалық бетбұрыстардың нәтижесі жаңа нарықтық қатынастардың пайда болуына, әлемдік шаруашылық байланыстарға кіруге және халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың дамуына мүмкіндік туғызды. Ашық типті экономика құруының құқықтық негізі жеке меншікті мойындау мен қорғауды, кәсіпкерлік қызметтің еркіндігін бекітетін Қазақстан Республикасы Конституциялық ережелері болып табылады.
Әлемдік шаруашылықтың қазіргі жағдайы соңғы онжылдықтарда әртүрлі мемлекет экономикаларының ғаламдастыру үрдістің кеңеюімен және тереңдеуімен айқындалып отыр. Шаруашылық өмірді ғаламдастыру бағыттарының бірі болып капитал экспорты табылады, атап айтқанда шетелдік инвестициялар. Тікелей шетел инвестициялардың ең көп бөлігі экономикамыздың мұнай және газ секторларына құйылып жатыр.
Қазақстанда мұнай өндірісінің бастамасы 1898 жылға жатады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Азаматтық кодекс | Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық

1 Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық
Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық ұғымы
Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, бір жағынан заңдық жауапкершіліктің түрі бола тұрып, тағы да, азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің бір түріне жатады, ол субъективтік азаматтық құқық бұзушыға қосымша азаматтық – құқықтық міндеттерді немесе оған тиесілі азаматтық құқықтан айыру түрінде мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген қосымша мүліктік айыруды жүктеуге бағытталған, субъективтік азаматтық құқықтарды қорғаудың арнайы құқық қорғау шараларын қолдану деп анықталады.
Заңдық жауапкершіліктің түрі бола тұрып, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, сөзсіз, қандай да бір теріс салдарларды құқық бұзушыға жүктеу болып табылады. Сонымен қатар, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің бір түрі бола тұрып, құқық бұзушы үшін жұмыс жасау, қызмет көрсету, ақша сомасын төлеу жөніндегі қосымша міндеттемемен, не мүлікке қандай да бір құқықтан айыру түріндегі белгілі бір қосымша мүліктік айырумен сипатталады, ол тікелей қолайсыз мүліктік салдарларға алып келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Азаматтық кодекс | Міндеттемелік құқық

КІРІСПЕ
Қазіргі, тәуелсіздік таңы атып, еліміздің экономикасы, халықтың әлеуметтік ахуалы көтеріліп келе жатқан таңда, азаматтық – құқықтық қатынастарды оқып – үйреніп, оны зерттеп, түпкір – түпкірін түсініп, Республикамыздың заңнамасын жоғары дәрежеге көтеру бірінші қатардағы мәселелердің бірі болып отыр.
Ел Президентінің 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында ел экономикасының дамушы елдер қатарындағы үздігі екенін баяндады. Банктік жүйе жетілгендігін айтып, несие беру жүйесін, әсіресе жастарға, бюджет қарамағындағы мекемелер қызметкерлеріне несие беруді жетілдіру қажет екендігін айтып өтті. Осыдан орай міндеттеме бұл салалардың бөлінбес бөлшегі болғандықтан, менің дипломдық жұмысымның өзектілігі күмәнсіздігіне көз жетіп отыр деймін.
Осы жұмысты жазу барысында мен міндеттемелік құқықты егжей – тегжейлі қарап, оның түрлерін, пайда болу, тоқтатылу негіздерін түрлі әдебиеттерден ізденіп оқыдым.
Әдетте, екі немесе одан көп тараптар жасаған міндеттеме алдында жасалған шарттар бойынша орындалады. Бірақ, өмірде әр түрлі себептерге байланысты міндеттемелер сол келісілген күйінде орындама алмайтын жағдай тууы мүмкін. Осы жағдайда тараптардың өзара келісім арқылы міндеттемені өзгертуге жол беріледі.
Міндеттеменің негізгі субъектілері болады. Олар кімдер? Деген сүрақ туады. Бұл сұраққа жауап қарастыратын болсақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекстің III бөлімінде, міндеттемелік құқық бөлімінде дәлірек негізделіп жазылған.......
Курстық жұмыстар
Толық

Азаматтық кодекс | Мәмілелерді нотариалды куәландыру,

КІРІСПЕ
Қазақ елі, жері талай тарихи жағдайларды бастан кешірді. Тек жиырмасыншы ғасырда ғана біздің тарихымызда тұңғыш рет халықты әлемдік айдынға алып шығуға мүмкіндік туды. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң жарияланды. Қияметті де, қиянатты соңғы жылдарда бұған дейінгі жүздеген ұрпақтың қолы жетпеген егеменді мемлекет құрылды. Біздің елді енді ешқандай да тарих желі жер бетінен жойып жібермейтіндігіне кепілдік туды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары әлемдегі дағдарыс Қазақстан халқына апат ауқымдылықтың саямақ - салдарын сезіндірді. Ұлт пен мемлекеттің аман қалуының жалғыз жолы - делінген, Ел Президентінің «Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» туралы Қазақстан халқына Жолдауында, «экономиканы ашық ұстау - әлемдегі қуатты экономикалық аймақтармен ықпалдаса араласып - құраласу. Айрықша жолды ойлап табуға тырысушылық экономикада ғана емес, саясатта да жарға жатпай қоймайды. Қазақстан әлемдік тенденцияға қарсы тұра алмақ емес. Ашық қоғамды демократиясыз құруға болмайды». Құқықтық мемлекет құру және қоғамдық өмірде демократиялық бастамаларды жаңғырту жалпы адамзат құндылықтарын, соның ішінде адамның бостандығы, өмірі, денсаулығы, ар - намысы, ожданы, құқықтары мен мүдделерін мойындауды қажет етеді.....
Курстық жұмыстар
Толық