Қаржы | Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін мемлекеттік реттеу

Банктік қызметтің қазіргі таңдағы экономикамыздағы алатын орны ерекше. Банктік қызметті мемелекеттік реттеуді жетілдіру жолында 2003 жылы 4 шілдедегі «Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемелекеттік реттеу және қадағалау туралы» Заңы негізінде банктік қызметті мемлекеттік реттеу жаңа жүйеге негізделіп, іс жүзінде асырылуда. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы А. Г. Сайденовтың пайымдауынша «Бүгінде Қазақстан қаржы жүйесінің қарқынды дамып келе жатқан сегменті болып банктік сектор табылады...»1.
Халықтың және заңды тұлғалардың қаражатын тарту, онымен түрлі қаржылық операцияларды жүзеге асыратын институтттар ретіндегі банктердің ерекшеліктерін ескере отырып, банктің банкроттығы –– бұл оның салымшылары мен клиенттерінің тойтарылмайтын банкроттығы екендігін аңғару қиын емес. Банкроттық қатері төніп тұрған немесе банкроттыққа ұшыраған банк өз салымшыларының қаражатын пайдаланғаны үшін сыйақыны айтпағанда, ол бойынша негізгі қарызды өтеуге мүмкіндігі болмайды. Осыдан банк салымшылары мен клиенттерінің мүдделерін қорғау механизмін құру мәселесі туындайды. Мұнда қоғамның мүддесі жөніндегі мәселені шешуде мемлекет ерекше рөлге ие болады.
Аталмыш мәселе қазіргі таңда өзектілікке ие болып отыр, өйткені республикамызда банктік қызметтің дамуымен қатар жеке тұлғалардың салымдары мен заңды тұлғалардың депозиттерінің көлемі де өсу үстінде. Сонымен қатар, банктер мемлекеттегі төлем айналымының дамуына өз септігін тигізеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Банк тәуекелдерін басқару және оларды бағалау әдістері

1. Кіріспе
Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Тәуекелділік кез келген банктік операцияларда болады. Жалпы, тәуекел тарихи категория ретінде қоғам дамуымен байланысты болып, адамның болашақта болатын қаупін түсіндірумен байланысты болады.
Диплом жұмысының өзектілігі – қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез-келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан да банк қызметінде тәуекелділіктің мүлдем болмауы маңызды емес, оның ең аз шамадағы деңгейіне жеткізу және кеміту маңызды болып табылады.
Диплом жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы банктік тәуекелдерді бағалап және ерекшеліктерін анықтап талдай отырып, қолданыстағы банктік тәуекелдерді басқару және бағалау әдістерін зерттеп, оны басқарудың жаңа және жетілдіру жолдарын іздестіру.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы – қазіргі дағдарыс кезінде банктердің тәуекелін зерттеу, басқару, бағалау өте маңызды. Диплом жұмысында жасалған нәтижелер Қазақстанның банк секторында банк тәуекелдерін басқару жағдайы мен оларды бағалау әдістерін зерттеуге мүмкіндік береді ....
Дипломдық жұмыстар
Толық