Топырақтану | Дайын өнiмдi сату шығындарының есебi

Бүгiнде бухгалтерлiк есебi басқару жүйесiнде ең басты бiр орын алады. Ол кәсiпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарүшллық үшiн негiз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндiрiс процесiн шынайы көрсетiп бередi. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есебi бухгалтерлiк есеп Стандарттарына және субъектiлердің қаржылық - шаруашылық қызметiндегi бухгалтерлiк есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекiтiлген жалпы қағидалары мен ережелерiнiң негiзiнде құрылады және ол бүкiл алынған ақпараттарды пайдаланүшылардың талабына, қызметтiң құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелiгiне есептiң сәйкәс келуiн қамтамасыз етедi.
Шаруашылық жүргiзудiң қазiргi жағдайында шаруашылық жүргiзүшi субъектiнiң күрделi экономикалық тетiгiн нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенiмдi ақпаратсыз басқару жүйесiн iс жүзiнде жүзеге асыру мүмкiн емес.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Топырақтану | Алматы қаласының туризм дамуы және экскурсиялық нысандары

Қазақстанның жоғалтып алған секторы – туризм. Экономиканың осы саласын дамыта алмай жатқанымыз аян. Туризм кластерін құрамыз дегенімізбен, әлі күнге дейін нақты мардымды ештеңе жоқ. Жібек жолы бағдарламасы, экотуризм, мәдени-танымдық және іскерлік туризм түрлерін дамыту ойда бар. Нақты жасалып жатқан іс жоқтың қасы. Авиа компания тасымал саласына жатады, ал адамдар оны туризмге апарып, қосып қояды. Келетін туристер болса, тасуға дайын екендігін білдірген ол, өткен жылы компанияның 1,2 млн шет елден жолаушы тасымалдағанын, оның 1 пайызы ғана туристер болғанын айтты. Бұл тым аз. Және аталған компания республика ішінде 27 пунктке рейс жасайды екен. Олардың арасында да жергілікті туристік орындарға бара жатқан жолаушылар жоқ. Студенттер, туыстарына бара жатқан жолаушылар ғана.
Біздің елдегі туристік компаниялардың көпшілігі шығу туризмімен жұмыс. Әрине, бұл туризм түрі қысқа мерзімде көп табыс әкеледі, ал жалпы алғанда бұл мемлекет үшін тиімсіз. Өйткені мемлекет ақшасы басқа мемлекетке кетуде деген сөз. Басқа елге барған турист, сол елдегі қызметтерді пайдаланады және оған ақша төлейді. Ал кіру туризмімен аз ғана мекеме айналысады. Және айналысқанның өзінде жергілікті әкімшіліктердің түсінбеушіліктерімен кезігуде. Бұл осы саланың дамуына кері әсер етуші. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Топырақтану | Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Ақтөбе ауылдық округының топырақтары және оны агроөндірістік топтастыру

Сарыағаш ауданының "Ақтөбе" ауылдық округы аумағында, бұрынғы Келес ауданы, Ғ. Мұратбаев атындағы кеңшарда алғаш рет ірі көлемдегі топырақ зерттеуі 1967 жылы өткізілді.
Топырақ түсірілімінің негізгі мақсаты топырақ жамылғысының егжей-тегжейлі сипаттамасын алу, сондай-ақ топырақ құнарлығын арттыру және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға және ауыл шаруашылық мақсатта жер учаскелерінің паспорттарын дайындауға бағытталған іс-шаралардағы қажеттіліктерді анықтау болып табылады.
Топырақ материалдарының ескіруіне байланысты 2017 жылдың наурыз-сәуір айларында Оңтүстік Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорынының инженер – топырақтанушысы Г.Қамбаровтың басшылығымен, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданындағы "Ақтөбе" ауылдық округы аумағындағы үлгілерді паспорттандыру және іріктеу мақсатында топырақ материалдарын жаңарту үшін топырақ зерттеуі жүргізілді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Топырақтану | Мақтаарал ауданының сұр топырақтары жағдайында мақта дақылының өнімділігіне сұйық кешенді тыңайтқыштардың әсері

Сұйық тыңайтқыштар минералдық және органикалық қоректік компоненттердің сулы ерітіндісі немесе суспензиясы. Ең кең тарағаны азотты минералдық және кешенді сұйық тыңайтқыштар. Бірінші топқа сусыз аммиак, аммиакты су ( NH 3 – 25%-к ерітіндісі ), аммиакаттар ( кальций және аммоний нитраттары, аммиакты сусындағы карбамид ерітінділері), көмірқышқылды аммиак ( аммиактың карбонат немесе гидрокарбонат сулы ерітіндісі және карбамид) . Бұл бос NH 3 құрамдас тыңайтқыштарды пайдалану оларды герметикалық, коррозияға тұрақты ыдыстарда тасымалдау мен сақтау қажеттілігіне байланысты қиындық туғызады.
Сұйық кешенді тыңайтқыштар макро-және микроэлементтердің әртүрлі үйлесіміндегі тыңайтқыштар. Сұйық кешенді тыңайтқыштарды өндіру қатты тыңайтқыштарға қарағанда 20% арзан, сондай – ақ сұйық кешенді тыңайтқыштарды қолдану сәйкес техникалардың болуымен арзан тұрады.
Сұйық кешенді тыңайтқыштарды дайындаудың бастапқы компоненеттері – фасфор қышқылы, азотты тыңайтқыштар ерітіндісі (мочевина , аммиакты селитра немесе олардың суда жақсы еритін қоспасы) , аммиак, калий тұздары мен микроэлементтер. Сұйық кешенді тыңайтқыштарды себу алдында, себу кезінде және үстеп қоректендіру арқылы енгізеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық