Метрология | Қой шаруашылығының өнімдерін стандарттау

Қой шаруашылығының технологиясына өзара байланысты ұйымдастырушылық-шаруашылық шаралары мен отарды ұдайы өсіп-өндіру жөніндегі практикалық әдістер, қолайлы азықтандыру және күтіп-бағу кіреді, ол бұл саланың жүргізу жүйесінің ерекшеліктеріне орай жүзеге асырылады.Қой шаруашылығының әртүрлі технологиялық жүйелерін жұмыс істеуіне табиғи- климаттық жағдайлар әсер етуде.Қойларды өсіру техникасы, оларды төлдету, отарларды жасақтау, күйек алу, жас малдарды өсіру және басқалары сала технологиясының маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.Ірі қара және қой шаруашылығы ортақ мазмұнға ие.
Қойдың дене құрылысының жақсы бейімделгіш қасиеті бар, сондықтан да оларды әртүрлі климаттық жағдайларда өсіреді.Басқа малдарға қарағанда олар өсімдіктердің барлық түрлерін, солардың ішінде арамшөптердің көптеген түрлерін пайдаланады,бұл ауыл шаруашылық дақылдарын егуге немесе малдардың басқа түрлерін жаюға жарамсыз жер учаскелерін пайдалануға мүмкіндік береді.Қой шаруашылығына өнеркәсіптік технологияны(мамандандыру, механикаландыру, өндірісті интенсивтендіру)
енгізгенде қойдың конституциясының мәні оданда әрі арта түседі.Малдардың конституциясының тұқым қуалау әсерімен және сыртқы орта жағдайымен қалыптасатынын естен шығармау қажет.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Метрология | Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы

Дипломдық жұмысты орындауға бастапқы ақпараттың үш түрі пайдаланылады. Базалық ақпарат−оған өнім, яғни қуысденелі қабырғалық бетон тасы мен оның сапасын анықтайтын физика-механикалық көрсеткіштер, бетон тасынының үлгілерін сынау әдістері, сынау үлгілерінің нәтижелерін алу, сақтау және тасымалдау туралы ақпараттар жатады.
Жетекші және анықтамалық ақпарат- оған тасты сынауға арналған ақпараттар, сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын анықтайтын стандарттар, нормативті құжатты жасау, оны рәсімдеу және нормабақылауын анықтайтын стандарттар және ИСО 9001-04 сериялы халықаралық стандарттары жайлы. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Метрология | Шет елдердін етті ірі кара мал шаруашылыгы

Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуы, агроөндірістік кешеннің ұйымдар мен мекемелер жеке меншігінің көптеген формалары, олармен басқарудың мемлекеттік құрылымның қалыптасуы, алдағы Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі сертификаттау және стандарттаудың, өндірістік технология мен өңдеудің, өнім сапасын жоғарлату жүйесінің критикалық бағасын жүктейді.
Өлшем бірлігін қамтамасыздандыру және техникалық реттеу саласында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізу, сертификаттау бойынша жұмыстарды күшейту талаптары мен экономикалық шарттардың өзгеруінен АӨК-гі стандарттау бойынша нормативтік құжат қорын жақсарту және қайта қарауды шарт етеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттар қорында жалпы 44 368 стандарттар бар. Қазіргі кезде АӨК өнімдеріне 1897 стандарттар бар, соның ішінде 889 стандарттар өнімге және 1008 стандарттар ауыл шаруашылық және тағам өнімдерінің сапасын сынау әдістеріне арналған, сонымен қатар терминдер мен анықтамаларға, орамына, таңбасына, тасымалдануына және сақталуына арналады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Метрология | Стандарттау метрология және сәйкестікті растау жұмыстары

Стандарттау, метрология және сертификаттау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады. Шет елдерде бизнестің табысты болуы өнім мен қызметтің сапасына тікелей байланысты екені жөніндегі тұжырым өткен ғасырдың 80-жылдарының басында қалыптасты. Осы елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай тауар сапасы оны жоғары бағамен өткізудің басты факторына айналды. Осыған байланысты сапаны қамтамасыз етудің стандарттауға, метрологияға және сертификаттауға негізделген тәсілдерін меңгеру дайындаушының нарыққа бәсекелесу деңгейі жоғары өніммен (қызметпен) шығуының басты кепілі, яғни коммерциялық табыстың негізі.
Сапа қай елде болса да өзекті мәселе. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстан қалжырап шыққан Жапония мен Германия стандарттау мен метрологияны шебер қолдану арқылы өнімнің сапасын қамтамасыз етуге және сол арқылы өз елдерінің экономикасын дамытуға басты қадам жасады.
Қазіргі кезде дайындаушының және оның саудадағы келістірушісінің бәсекеде жеңуі және әлемдік рынокқа шығуы үшін олар тек қана стандарттардың міндетті талаптарын ғана емес, сонымен қатар тұтынушылар ұсынған талаптарды да орындауға мүдделі. Бұл стандарттардың нарықтың ынталандырушысы статусына ие болғандығын көрсетеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Метрология | Комбикорм өнiм сапасының сапа менеджментi

Қандай да болмасын бiр затты ала отырып, оның сапасын бағалап, бiздiң күтулерiмiздi ақтай ала ма әлде жоқ па деген сұрақ ойымызда туады.
Тұтынушылар сапа деген ұғымды, оның сыртқы түрiн, қолайлылығын, экономикалық тиiмдiлiгiн түсiнедi.
Қандай да бiр өнiмнiң бекiтiлген талаптарға сәйкестiгi (нормативтi және техникалық құжаттарға, келiсiм шартқа, тұтынушы талабына) және пайдалану үшiн болжамды жарамдылығы өнiм сапасының критерийлерi болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіпорынды зерттеп түсіну, өндіріске сапа жүйесін енгізу, және өндірістің экономикалық тиімділігін есептеп, арттыру.
Мемлекетаралық стандарттарда “өнiм сапасы” деген терминге мыныдай анықтама берiлген: “өнiм сапасы” – оның арналуына сәйкес белгiлi қажеттiлiктердi қанағаттандыруға жарамдылығын айқындайтын қасиеттерiнiң жиынтығы.....
Дипломдық жұмыстар
Толық