Менеджмент | Қазақстандағы демографиялық проблемалар және олардан арылудың негізгі жолдары

Кез келген мемлекеттің ең негізгі байлығы – оның халқы. Демографиялық жағдай әрбір мемлекеттің экномикасына, ұлттық және мемлекеттік қауіпсіздігіне тікелей әсер етері сөзсіз. Қазақстан Респуьликасы Президенттің ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» стратегиясының кезек күттірмейтін негізгі міндеттерінің бірі – еліміздегі кең өріс ала бастаған демографиялық проблеманы шешу болып табылады. Өйткені, әсер көлемі бойынша Қазақстан бірінші ондыққа (9-орын) кіруіне қарамастан, халық саны бойынша тым артта қалып отыр (60-орын). Дегенмен, мәселе алықтың орналасу тығыздығына ғана емес. Бұл проблема жер көлеміш шағын, экономикасы дамыған Европа мемлекеттеріне де өріс алуда.
1960-жылдардан бастап 1980-жылдардың соңына дейін тұрақты түрде және де жоғары ырғақпен өсу жолында болған Қазақстанның демографиялық жағдайы 1990-жылдары тоқтап қана қойған жоқ, тіпті үлкен жылдамдықпен кері кете бастады. Бұл процесі 1990-жылдардағы өтпелі кезеңнің негативті жағы деп қарай салу заңды болып көрінуі мүмкін. Халықтың әлеуметтік жағдайы өте төмен деңгейде болып, ол өз кезегінде демографиялық жағдайға кері ықпалын тигізгені рас. Халықтың өлу көрсеткіші артып, туу деңгейі төмендеп кетуіне байланысты табиғи өсім мүлдем болмады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Басқару қызметтерін ұйымдастыру

Әрбiр басқару қызметi процесс болып саналады, өйткенi, бұлар да өзара байланысты әрекеттер сериясынан тұрады. Басқару қызметi барлық қызметтiң жалпы жиынтығы. Басқару қызметiне ғылымның көптеген салаларында ғалымдар зор көңiл бөледi. Кезiнде А.Файоль былайша тұжырымдаған болатын: «Басқару дегенiмiз болжамдау және жоспарлау, ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестiру және бақылау». Бұл қызмет басқарудын теориялық категориясы ретiнде әдебиеттерде кеңiнен пайдаланылады, бiрақ бiр жақты емес.
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты жаңа типті басқару кадрлары дайындау және олардың жаңаша ойлау қабілеттерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан алғанда, кадрларды кәсіби тұрғыдан, әсіресе, менеджмент саласына лайықты дайындау мемлекеттің ұзақ мерзімді экономикалық саясатының құрамдас бөлшегі болуы тиіс. Нарық жағдайында түбегейлі өзгерістерге ұшырайтын кәсіпорындар мен фирмалар деңгейінде бұл проблема үлкен мәнге ие болады. Өткір бәсекелестік жағдайындағы кәсіпорынның өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін фирманы “дәстүрлі түрде” емес, жаңаша басқарып үйрену қажет. Ең алдымен, адамдарды жаңаша басқара білу керек. Бұның өзі нарықтың конъюнктураны алдын-ала болжап бағалай білетін, дер кезінде стандартты емес басқару шешімдерін қабылдап, оларды іс жүзіне асыратын ұжымда алатын жаңа типті басшы –менеджерлерді дайындауды талап етеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Фирманың басқарудың қалыптасуы мен дамуы

Жалпы басқару ғылымдарының бір бөлігі ретінде ұйымдардың құрылуы мен қызмет жасауының теориялық негіздері бірнеше ілімдер саласында зерттелінді-менеджменте, социологияда, антропологияда, психологияда, әлеуметтік психологияда, экономикалық ғылымдарда, құқықтануда және басқаларда.
Ұйымдардың іс-әрекетінің объективті жағдайының өзгеруі, көптеген жаңа көзқарастардың дамуына, ғылыми концепциялардың көбеюі, басқарудың меншіктен бөлінуі, нақты ғылым және адам жәйлі ғылымдардың дамуы ұйымдардың ғылыми тәсілдерін құруына, ықпалын тигізді. Бұл өмірге көптеген ғылыми идеялар мен ұйымның құрылу заңдылықтар туралы мектептерді, формальді және формальді емес, адамдың қатынастар туралы, әлеуметтік жүйелер туралы, жауапкершілік және қызметтердің бқлінуі туралы, шешім қабылдау теориясы туралы, басқару процесінің математикалық апраты туралы алып келді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Өндірістік кәсіпорында персоналды басқару

“Персонал” термині кәсіпорынның еңбек ұжымының құрамдас бөліктерін біріктіреді. Персоналға біз өндірістік немесе басқарушылық операцияларды орындайтын және еңбек құрамдарын пайдаланумен, еңбек заттарын өңдеумен айналысатын барлық жұмысшыларды жатқызамыз. Басқару теориясында жұмысшының мамандығы немесе лауазымына, басқару деңгейіне, жұмысшылар категориясына тәуелді персонал классификациясына түрлі жолдар бар. Персонал негізінен өндірістік персонал (жұмысшылар) және басқарушылық персонал (қызметкерлер) болып бөлінеді. Өндірістік персонал өз алдына негізгі және қосалқы болып, ал басқарушылық персонал – басшылар және мамандар болып бөлінеді.
Жалпы менеджмент теориясында, адамдардың қоғамдық өндірісте қатысуын көрсететін терминдердің жеткілікті саны пайдаланылады: еңбек ресурстары, адам ресурстары, адам факторы, ұйымдастырушылық тәртіп, еңбекті ұйымдастыру, персоналды басқару, кадр саясаты, ұжым, команда, әлеуметтік даму, адам қатынастары және т.б. Негізгі обьект ретінде адамды бөле отырып, олар персоналды басқару проблемасының түрлі аспектілерін және оларды шешу жолдарын ашады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Мемлекеттік менеджмент шетелдік тәжірибе және Қазақстан

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздемесі. Диплом жұмысында мемлекеттік менеджмент мәселесіне ғылыми көзқарас белгілі шетелдік және отындық ғалымдардың еңбектерін, зерттеу, сараптау, өзгеріс енгізу негізінде құрылды. Зерделеу және сараптау авторлардың зерттеу бағыттарын біріктіретін бірнеше жолдарды анықтауға көмектесті. Бірінші бағытқа мемлекеттік басқарудың теориясы мен методологиясын қалыптастырудағы зерттеу жұмыстарын жатқызамыз. Екінші бағытқа мемлекеттік сектор мен тиімді мемлекеттік басқарудың тәртіптерінің жиынтығын барабар көрсететуге құрылған авторлардың зерттеулерін біріктіреді. Үшінші бағытқа қолданбалы сипаттағы жұмыстарды, төртіншіге – аймақтық маңызы, бесіншіге – ғаламдық мәнін, ал алтыншыға – индустиалды-инновациялық дамуды ғылыммен қамтамасыз етудегі еңбектерді қарастырамыз.
Бұл көпсалалы мәселеге қатысты бірнеше сауалдар туындап, өз жауабын толыққанды тапқан жоқ десе болады. Сол себепті теориялық, методологиялық зерттеулерді шығармышылық тұрғыдан түйсіну маңызды болып отыр. Мемлекеттік сектордың қазіргі заман талаптарына сәйкес басқару тәсілі және формасын, негіздерінің сәйкестік деңгейін анықтау. Басқару шешімдерін жасау мақсатында мемлекеттік секторды жүйелеу және теориялық, методологиялық қырларын терең анықтап алу қажеттігі байқала бастады. Қойылған мәселені шешуде ғылыми тәсіл қолдану жаңа заманға лайық қызмет ететін мемлекеттік басқару органдарының мемлекет саясатын жүргізуде ғылыми негіздемесі болмайтын тиімсіз араласу шараларын азайтады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Қонақ үй кешенінің даму переспективалары

Мемлекеттің бай тарихы, сирек кездесетін тарихи ескерткіштер, өзіндік ерекше мәдениет, саяси тұрақтылық сияқты факторлар Қазақстан Республикасында қонақ үй шаруашылығының дамуына жағдайлар туғызады.
Қонақжайлылық индустриясы – қонақжайлылық принциптеріне сүйенетін қызмет түрлерінен тұратын кәсіпкерлік саласы болып табылады. Ол қонақтарды күту мен қызмет көрсетумен байланысты қызмет көрсету нарығында маманданатын кәсіпкерліктің әртүрлі формаларына жалпы ортақ түсінік болып табылады. Айта кету керек, бұл саланың барлық іс-әрекетін қамтитын нақты бір термин жоқ. Бірақ қоғамдық тамақтандыру, орналастыру, көлік (тасымал) және демалыс (рекреация) сияқты негізгі бағыттарын бөліп қарастыруға болады.
Біздің еліміздегі қонақжайлық сонау ата-бабаларымыздан келе жатқан қасиет немесе салт-дәстүр деп айтуға болады. Қазақ халқы үйіне келген қонақты қарсы алып, барын дасатарханға қойып, шығарып салатын. Сол тәрбие, өнеге біздің халқымыздың қанына сіңіп, жылдан-жылға ұрпақтар арқылы беріліп келеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Коммерциялық банкте қаржы менеджментін жетілдіру жолдары және мәселесі

Банк жүйесі- нарықтық экономиканың ең маңызды бөлінбейтін құрамдас құрылымдарының бірі.Банктердің, тауарлық өндірістің және ақша айналымының дамуы тарихи бірге жүретін және тығыз байланыста болатын көрініс.
Банктің басты қызметі- елдегі ақша құралдарын жиыстыру және оларды тиімді түрде қайта бөлу, яғни салымшылар мен қарызшылар арасындағы делдалдық.
Сонымен қатар, банктер ел экономикасындағы ақша айналымының барлық құралдарының негізгі бөлігін қамтамасыз етеді,яғни қаржыларды игеру арқылы елдің қаржылық жағдайына ықпал жасайды. Банктер елдегі ақша ағымын тікелей өздері құрамдамағанмен, өз функцияларының көмегімен өнеркәсіпке, саудаға, банктік емес қаржылық салаға, ммемлекеттік және халықтық, солардың ақша ағымдары арқылы нарықтық экономика мен әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне араласуға ат салысады.Сондықтан,банктегі қаржылық менеджменттің тиімділігі ел экономикасының дамуын қамтамасыз ететін маңыздылығында болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Кәсіпорындағы менеджментті тиімді ұйымдастыру жолдары

Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты жаңа типті басқару кадрлары дайындау және олардың жаңаша ойлау қабілеттерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан алғанда, кадрларды кәсіби тұрғыдан, әсіресе, менеджмент саласына лайықты дайындау мемлекеттің ұзақ мерзімді экономикалық саясатының құрамдас бөлшегі болуы тиіс. Нарық жағдайында түбегейлі өзгерістерге ұшырайтын кәсіпорындар мен фирмалар деңгейінде бұл проблема үлкен мәнге ие болады. Өткір бәсекелестік жағдайындағы кәсіпорынның өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін фирманы “дәстүрлі түрде” емес, жаңаша басқарып үйрену қажет. Ең алдымен, адамдарды жаңаша басқара білу керек. Бұның өзі нарықтың конъюнктураны алдын-ала болжап бағалай білетін, дер кезінде стандартты емес басқару шешімдерін қабылдап, оларды іс жүзіне асыратын ұжымда алатын жаңа типті басшы –менеджерлерді дайындауды талап етеді.
Диплом жұмысының мақсаты -өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру, прогресшіл техника мен технологияны енгізу, түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен түсімді арттыру және т.б....
Дипломдық жұмыстар
Толық