Қылмыстық құқық | Жауаптылықты жеңілдететін жағдайдағы адам өлтіру

Кіріспе
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемелекетпен қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының екінші бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында «ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқық та адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әрқашан артықшылықтар береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық обьектісі жеке адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қылмыстар қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай, ауырлық деңгейіне қарай бірнеше санатқа бөлінеді. Соның ішіндегі адам өлтіру қылмысы ең ауыр санаттағы қылмыстар тобына жатады.
Ал нақты жеңілдетілген жағдайдағы адам өлтіру қылмыстарына келетін болсақ, бұл да өте маңызды әрі күрделі сұрақ. Бұл салада даулы мәселелер өте көп....
Курстық жұмыстар
Толық

Қылмыстық құқық | Жазаланушылыктын негіздері және аяқталмаған қылмыстын түсінігі

КІРІСПЕ
Аяқталмаған қылмыстың және оның түрлерін кылмыстық іс-әрекеттің орындалу дәрежесі бойынша ажырату кылмыстарды дүрыс саралау үшін үлкен маңызға ие. Аяқталмаған кылмыстың анықтамасы аяқталмаған қылмыстық қызметке қатысты кылмыстық жауапкершіліктің жалпы негіздерін және шектерін нактылайды.
Кылмыстық қызметтің даму сатылары туралы ілімде кылмыска дайындық және қылмыс қүрамына оқталу туралы мәселені қазіргі қылмыстық кодекстің баптары бойынша және ғылыми әдебиеттердегі ғалымларлын көкарасымен қарастырып таллау жасадық.
Сот тәжірибесіңде кылмысты оны істеу сатысын дүрыс аныктамасымен байланысты кылмыстарды кате саралау оқиғалары әлі де болса кездеседі. Бүл көп жағдайларда жасалған қылмыстық іс-әрекеттің қоғамға қауіпгтілік дәрежесінін тағайындалған жазаға сәйкес еместігіне алып келеді. Кінәлінің іс-әрекетінде қоғамға қауіптіліктің бар екендігін қателесіп жокка шығару, нақтырақ айтқанда, оның жүріс-түрысында басталған қылмысты жалғастыруды өз еркімен бас тарту, дүрыс ажыратпау, негізсіз қылмыстық жауапкершіліктен босату оқиғалары кездесіп түрады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қылмыстық құқық | Жаза тағайындаудың жалпы негіздері

Кiрiспе
Қылмыстық жаза мемлекеттiк күштеу шараларының брi болып табылады және ол мемлекеттiң қылмыспен қарсы күрес жүргiзу құралдарының бiрi ретiнде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргiзуде әр түрлi ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрiн кнiнен қолданады, сөйтiп қылмыстан сақтандыру мәселелерiне ерекше көңiл бөледi. Сондықтан да бiздiң жас, тәуелсiз мемлекетiмiз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негiзгi басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешушi мәселелер жоғарыда аталып экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерiнiң белсендiлiгiн, оларың құқықтық сана-сезiмiн жетiлдiру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде тек арнаулы, заңда көрсетiлгне жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс iстеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттiң атқаратын функцияларының бiрi ретiнде қарастырылады. Әсiресе ауыр, өте ауыр қылмыс iс-тегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын қолдану мемлекеттiң мiндетi болып табылады. Мемлекееттiк күштеу шаралары сан алуан. Оларға бөлек қылмыстық құқықтық шаралар ғана емес, азаматтық, әкiмшiлiк, тәртiптiк шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу шараларының жеке бiр түрi бола отырып, өз ерекшелiктерiммен оқшауланады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қылмыстық құқық | Жаза жүйесі, түсінігі және мәні

Жаза жүйесі түсінігі және мәні
Жаза жүйесі дегеніміз – қылмыстық заң бойынша белгіленген жазалардың ауырлығына қарай белгілі бір тәртіппен орналасуы. Жаза жүйесі ол жазалардың түрлері. Жазаның жүйе ретінде қарастыру оларды жүйелі, соттық тәжіриби үшін аса маңызды. Қылмыс жасаған адамға жаза тағайындау барысында негізді дұрыс, әділ жаза тағайындалмауына үлкен септігін тигізеді.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарт, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді . Сотталған адамға келтірілген айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топқа бөлінеді:
1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сынабынан және мемлекеттік наградадан айыру. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қылмыстық құқық | Әскери қылмыс

К і р і с п е
Еліміздің Қарулы Күштері – оқшауланған әлеуметтік тетік емес, ол қоғамның негізгі ажырамас бөлігі болып танылады. Әлеуметтік қайшылықтар қатты шиеленістен ыдырау процестері ұдайы асқынып жаатқан жағдайда әскерилер еңбегінің беделі мен қадірі шұғыл төмендеп әскерилер еңбегінің беділі мен қадірі шұғыл төмендеп әскери қызметшілердің құқық бұзушылық жасауы арта түседі
Қылмыстық заңнама Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құрудағы жаңа үрдістерді және қазіргі жағдайда әскери құқық тәртібін нығайту қажеттілігін көрсетеді. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясының әскери құрылысты реттейтін ережелеріне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғыларына, мысалы ҚР 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қорғаныс және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы заңына; Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы ІІ-1897 Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы заңына және ҚР 1993 жылғы 20 қаңтардағы Әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуы туралы заңына және 2001 жылғы 20 наурыздағы Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы заңына сәйкес келтірілген.
Қылмыстық құқық пен әскери заңнаманы бөліп қарастыруға болмайды. Бұл ерекшелік әскери қылмыстық заңнамаға қылмыстық құқықтың міндеттері мен принциптері туралы ережелердің, қылмыстық жауапкершлік негіздерінің толық таралатынымен түсіндіруге болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық