Ветериная | Жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары

Кіріспе
Ветеринария ғылымының малдың жұқпалы емес ішкі аурулар бөлімі жұқпалы емес емес ішкі аурулардың пайда болу себептерін, өту ерекшеліктерін зерттеп анықтау әдістерін ем әрекеттерінің және сақтандыру шараларын дамытып, жедел жетілдіретін пән.
Арнайы бағыттандырылған ауылшаруашылық кәсіпорындарының мал шаруашылығы өнімдерін (сүт, ет, жүн және жұмыртқа) өнеркәсіптік технологиясы бойынша өндіретін кешендерді нәтижелі пайдалану тек қана аурулардан сақтандыру бағытындағы теориялық, методологиялық және ұймдастырушылық салаларының жеткен жетістіктерін түгелдей дерлік есепке ала отырып, сонымен қатар ауру малды дара және топтық емдеуді ары қарай дамытып, жетілдіру арқылы іс жүзіне асыруға болады. Соған байланысты малды түрлі жағдайларда аурулардан сақтап қалу үшін жоспардың негізгісі ретінде диспансеризация жүргізу ұсынылады.
Кей аурулардың, әсіресе зат алмасуының бұзылуынан сақтау, топтан сақтық ем жүргізу әдістерін қолданғанда ғана жақсы нәтиже береді. Сапасыз және ылғи азықтың бір түрімен ғана азықтырғандырғанынан пайда болатын ауруларды айықтыруда азықпен емдеудің диетотерапия мағынасы зор.....
Курстық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Жараның емдеу тәсілдерін игеру және шунгарин майының жараға әсер ету тиімділігін Вишневский майы мен салыстырып бағалау

Кіріспе
Мал дәрігерлік саласындағы ветеринариялық хирургиялық маңызы зор. Ол ауруға алдын-ала шара қолдану және емдеу принциптеріне негізделген, ауруға алдын-алу шара қолдануды дұрыс ұйымдастыру және тамақтандыру технологиясын, оған жағдай жасау және дұрыс пайдалану ерекшеліктерін ескеру керек. Ветеринариялық хирургиялық аурулардың себептерін және дамуын жан-жақты зерттеп, оларға қарсы әрекетін жүзеге асырады.
Оларға алдын-алу ауруға шара қолдану жарақаттан сақтандыру әдістері, іріңді инфекцияға қарсы әрекеттер және керекті операция жасау, белсенді дәрі қолданып емдеу әдістері жатады.
Осы әрекеттерді іске асыру жолдарында төменгі шараларды қолданады.
Жылына екі рет көктемде, күзде малға жалпы клиникалық зерттеу тексеру.
- Экономикалық пайдалы операция және нәтижелі ем қолдану.
- Организмнің резистенттігін көтеру, жазылу процесін үдету.
Жаңа хирургиялық ауруларды зерттеу (Ғ.А. Ишмухамедов)
Отанымыздың ауыл шаруашылық және де оның ішіндегі мал шаруашылығын дамыту қазіргі кездегі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Нарықтық экономикада көшуге байланысты халқымыз ежелден келе жатқан дамыту әрі өркендету үшін жануарлардың әртүрлі жұқпалы емес және жұқпалы аурулардың алдын алған жөн. Атап айтқанда жұқпалы ауру емес ауруларға жарақаттық үлесі көп. (Ильясов Б.К. – 2001ж.)....
Курстық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Жануарларды жалпы наркозға дайындау

Кіріспе
Мал мен жануарлардың жеке ерекшеліктеріне және көрсетілетін алғашқы ветеринарлық жәрдемге байланысты олардың қозғалысын әр түрлі фармакологиялық препараттар қолдану арқылы тежейді. Ветеринарияда мал мен жануарлардың қозғалысын дәрі-дәрмек қолданып шектеу жалпы және жергілікті жансыздандыру болып бөлінеді.
Жалпы жансыздандыру немесе наркоз ( грекшеден narkosis- сезімсіз ету ) – жануарларға есірткі заттарды қолдану салдарынан орталық жүйке жүйесі функциясының қайтымды түрде тежелуі. Наркоз кезінде сезгіштіктің жойылуы, мал естен танады, қозғалыстық,шарттық және кейбір бейшарттық рефлекстер жоғалады.Қаңқа бұлшық еттердің әлсіреуі байқалады, бірақ сопақша мида орналасқан – тыныс алу,тамырқозғағыш және тегіс бұлшық еттердің, өмірлік маңызы зор орталықтардың жұмыс қабілеті сақталады.
Есірткі заттарды енгізу алдында малдың қозғалу қабілетінің қай уақытта жоғалуын, ауырсыну сезімінің жойылуын, бұлшық еттердің толығымен әлсіреуін ( релаксация ) білу өте мағыналы. Бірақ ауыл шаруашылығында осындай қажетті наркоздық күйді есірткі заттардың бәрі шақыра алмайды. Олар тек дозалардың артуында және оның өмірге қауіпті шектеріне дейін жеткенде дамиды.....
Курстық жұмыстар
Толық