География | Каспий маңы ойпаты

Каспймаңы ойпатының аумағының ірілігі мен геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай еліміздің экономикалық қуатын арттырып, энергияны, шикізаты, қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін өнеркәсіптің жеке салаларын дамыта отырып, халықаралық еңбек бөлісінде өз орнын айқындауға мүмкіндік беретін орын және химиялық шикізаттарға өте бай.
Каспймаңы ойпатының аумағында жер қойнауынан өндірілетін мұнай, табйғи газ химиялық шикізаттар тау-кен, машина өнеркәсібі, құрылыс индустриясы мен көлік және коммуникация кешендерін қарқынды дамытуғам қолайлы жағдай туғыза отырып, халықаралық еңбек бөлісінде өз орнын айқындауға мүмкіндік береді.
Пайдалы қазбалардың мол қоры Отандық және шетедік компанияларды тарта отырып, отын-энергетика кешенінін, химия, машинажасау өнеркәсіптерін, құрылыс индустриясын дамыту мен қаратар ғылымды қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін жаңа технологияға көшу мәселелерін жеделдетеді
Бітіру жұмысының өзектілігі: Бітіру жұмысы Каспи маңы ойпатының мұнай-газ әне хемогенді кенсіз шөгінді пайдалы қазбалардың түзілу жолдарын, оларды өндіруге байланысты туындаған түйінді мәселелерді анықтауымен өзекті.
Курстық жұмыстың мақсаты:
• Каспймаңы ойпатының физикалық-географиялық орны мен геологиялық құрылысының ерекшеліктерне негізделіп пайдалы қазбаларын түзілу жолдарына қарай топтастыру;
• Орал – Емб,і Теңіз Қарашығанақ мұнайлы алаптары мен кенорындарының пайда болу жолдарын айқындау;
• Ежелгі Шығыс Европа платформасының аумағындағы биогенді және хемогенді жолмен түзілген пайдалы қазбаларының маңызды кен орындарына шаруашылық тұрғыдан баға беру; ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Каспий мәселелері

Каспий теңізі - әлемдегі ең үлкен көл.Оның көлемі 232 шаршы миль,яғни 600 мың шаршы километр.Каспий теңізі мен оның бассейн ішіндегі аймақ туралы әңгіме болғанда,Батыс елдері мамандарының сілекейі шұбырады.Бұрын бірқатар мамандар бұл геологиялық аудан мұнай мен табиғи газ қоры жағынан Парсы шығанағы аймағымен тайталасқа түсуі мүмкін дегенде,ондай болжам ғажап қиял сияқты көрінетін.Өткен жылы Қашағаннан мұнайдың ғаламат қоры табылғаннан бері бұл қиял шындыққа айналды.
Бірақ қазірдің өзінде осы бір жақсылықты оқиғамен бірге Каспий фаунасының (жәндік-жануарлар әлемінің) бұрыннан болжағандай қырғынға ұшырауы шындыққа айналып келеді.Өткен аптада Мәскеулік «Московские новости» газеті Астрахандағы балық мамандарының мәліметіне биылғы жылы көптігі арқасында Атыраудың негізгі балығы болып саналатын шабақтың өздігінен қырылып қалғанын жария етті.Өткен жылы Каспийдің тек Қазақстанға қарасты бөлігінде 10 мыңға жуық итбалықтың (тюленьнің) құрбаны болғаны туралы естігенмін.Ал солармен қатар аймақта миллиондаған құстың қырылғанынан хабарымыз шамалы,өйткені бұл туралы көп айтылмайды және жазылмайды. Себебі, Каспий айналасы мен табанындағы шикізат қорын игеруге миллиардтаған доллар инвестиция жұмсап, барымта ретінде ондаған миллиард доллар пайда көздеген.Қазіргідей бәрі ақшамен есептелетін және бағаланатын заманда Қазақстан сияқты елдегі қоғамдық пікірді «қазаншының өз еркі – қайдан құлақ шығарса да» принципіне сай қалыптастыру олар үшін түк те емес.Нәтижесінде мынадай жағдай қалыптасып отыр: судың үстінен ұшатын құс та,бетімен жүзетін итбалық та,астымен жүзетін балық та қырылды.Ал осы қырылғандарға мұнайшылардың әрекетінің байланысы барма,әлде жоқ па-ол белгісіз. «Бар екен» деп көріңіз,сонда әлемнің шар тарапынан келген талай-талай лауазымды,атақты ихтиологтар мен ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Каспий теңізіне жалпы сипаттама

Каспий теңізі суы бұдан 13 мың жыл бұрын қазіргі деңгейінен 75 метр биік болған.
Ерте заманнан бері Каспий теңізінің аты бірнеше рет өзгерген, тарихи деректерге сүйенсек жетпіс түрлі аты болған. Қазіргі Каспий аты біздің эрамызға дейін 1 ғасырда теңіз жағалауында өмір сүрген «Каспий» тайпасының атына байланысты аталған.
Ертедегі араб ғалымдары Каспий теңізін Гиркан, Обескун, Журджан, Дайлем, Колзум, Хазар деп атаған.
Орыстар Хвалын (Х-ХІІІ ғ.) Мазандаран, Табаристан, Орыс, Астархань, Ширван, Албан және тағы басқа көптеген аттары болған.
ХХ ғасырдың алғашқы жартысында теңіз суы тартылып, деңгейі төмендей бастады. Мұндай құбылыс 1929 жылы, 1933 жылы, 1941 жылдары байқалған.
1977 жылы Каспий суының көлемі 424 мың текше метрден 360 мың текше метрге азайған.
1978 жылдан бастап теңіздің деңгейі қайта көтеріле бастады.
1991 жылдан бастап теңіздеңгейі 2,06 метрге көтеріліп жағалауындағы көптеген жер су астында қалды.
Каспий теңізі - түркі тілдес елдеріне дүние жүзіне ортақ орналасқан ең үлкен тұзды көл. Жалпы көлемі 400 мың м3- ке жуық , айдыны өте үлкен болғандықтан , теңіз деп аталады. Каспий теңізі 13 мың жыл бұрын Қара теңіз бен Жерорта теңізі арқылы дүние жүзілік мұхитпен жалғасқан. Ол кездегі теңіз суының деңгейі қазірден 75 м жоғары болған. Каспий аты ерте заманда теңіз жағасын қоныстанған «Каспий » тайпаларына байланысты айтылған, Олар туралы алғашқы деректер ежелгі грек ғалымы Геродот еңбектерінде жазылған. ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Каспий теңізінің табиғи ресурстары

Каспий теңізі - әлемдегі ең үлкен көл.Оның көлемі 232 шаршы миль,яғни 600 мың шаршы километр.Каспий теңізі мен оның бассейн ішіндегі аймақ туралы әңгіме болғанда,Батыс елдері мамандарының сілекейі шұбырады.Бұрын бірқатар мамандар бұл геологиялық аудан мұнай мен табиғи газ қоры жағынан Парсы шығанағы аймағымен тайталасқа түсуі мүмкін дегенде,ондай болжам ғажап қиял сияқты көрінетін.Өткен жылы Қашағаннан мұнайдың ғаламат қоры табылғаннан бері бұл қиял шындыққа айналды.
Бірақ қазірдің өзінде осы бір жақсылықты оқиғамен бірге Каспий фаунасының (жәндік-жануарлар әлемінің) бұрыннан болжағандай қырғынға ұшырауы шындыққа айналып келеді.Өткен аптада Мәскеулік «Московские новости» газеті Астрахандағы балық мамандарының мәліметіне биылғы жылы көптігі арқасында Атыраудың негізгі балығы болып саналатын шабақтың өздігінен қырылып қалғанын жария етті.Өткен жылы Каспийдің тек Қазақстанға қарасты бөлігінде 10 мыңға жуық итбалықтың (тюленьнің) құрбаны болғаны туралы естігенмін.Ал солармен қатар аймақта миллиондаған құстың қырылғанынан хабарымыз шамалы,өйткені бұл туралы көп айтылмайды және жазылмайды.Себебі,Каспий айналасы мен табанындағы шикізат
қорын игеруге миллиардтаған доллар инвестиция жұмсап,барымта ретінде ондаған миллиард доллар пайда көздеген.Қазіргідей бәрі ақшамен есептелетін және бағаланатын заманда Қазақстан сияқты елдегі қоғамдық пікірді «қазаншының өз еркі – қайдан құлақ шығарса да» принципіне сай қалыптастыру олар үшін түк те емес. ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Каспий теңізінің табиғи су қоймасына жалпы сипаттама

Каспий өңірі... Соңғы жылдары бұл аймақтағы мұнай-газ кен орындарын қарқынды игеру оның атағын дәуірлетіп-ақ жіберді. Жұртшылық оны өлеңге қосып, еліміздің экономикасына жаңа серпін беріп, қайта өрлеуіне жол ашар деген үмітпен,оған көз тіге қалды. Мұнай мен газдың орасан зор қоры тек бұрын игеріліп келген Маңғыстау мен Ембіде ғана емес екен, сонымен бірге Қазақстанның осы Батыс өңіріндегі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жарасты қабаттарында “қара маржан” теңізі тұнып жатқаны анықталды. Ол аз десеңіз Каспий қайраңы тұңғиығынан да тура бүгін-ертең мұнай өнімін алу көзделуде.
XVIII ғасырдың басындағы орыс карталарында Каспий-Арал арасы “Иесіз маң дала” деп көрсетіліпті. Әрине, бұл білместіктен, зерттелмегендіктен,шынтуайтқа келгенде өгей көзқарастан болғаны анық. Ал қазіргі кезде “болашағы зор аймақты ” бас көзге қарамай құлшына игеру осы Каспий өңірін шынымен де “маң далаға” айналдырып жібере ме деп қауіптенесің. Себебі ондай қиянат білместіктен емес, біле тұра белден басылып, адамзат тарихының ақтаңдағына соқтырмай ма деген ойға еріксіз жетелейді.
Каспий қойнауындағы қара алтын басты орынға шығып, теңі келмес флорасы мен фаунасы, экологиялық ахуалы жайлы мәселе көлеңкеде қалып отырғаны жан күйдіреді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Каспий экологиясының жалпы сипаттамасы

Каспий өңірі соңғы жылдары бұл аймақтағы мұнай-газ кен орындарын қарқынды игеру оның атағын жаңғыртып-ақ жіберді. Жұртшылық оны еліміздің экономикасына жаңа серпін беріп, қайта өрлеуіне жол ашар деген үмітпен, оған көз тіге қалды. Мұнай мен газдың орасан зор қоры тек бұрын игеріліп келген Маңғыстау мен Ембіде ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның осы Батыс өңіріндегі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жарасты қабаттарында «қара маржан» теңізі тұнып жатқаны анықталды.
Каспий өңірі көптеген Евразия халықтарының этникалық және мәдени бастауының маңызды бір ошағы екенін зерттеушілер баяғыда-ақ мойындаған. Бұл географиялық тұрғыдан алып қарағанда өзіне Арал – Каспий аралығын, Каспий өңірін қамтитын ұлан-ғайыр тарихи өлке болып табылады. Бұл облыстың тарихи шегі оңтүстіктегі Арал және Каспий теңізі, Үстірт қыраты, ал оңтүстік-шығысында Арал жағалауындағы Қарақұм арқылы мейлінше анық көрінеді, батысы құрлықта Еділ сағасымен шектеледі. Бұларға қарағанда солтүстік бөлігі шекарасы көмескелеу. Осы тұрғыдан келгенде Батыс Қазақстан – Даланың Ұлы белдеуін қамтитын мейлінше алып тарихи-мәдени кеңістіктің құрамдас бір бөлігі екендігіне көзіміз әбден жетеді.
Барша қазақ даласы сынды Каспий алабы да өз халқының көне шежіресінің куәсі, ал кәрі Каспийдің өзі болса, ол тек Еділ – Ақ Жайық суымен ғана емес, осы аймақ, қала берді бүкіл қазақ ата-бабасының тарихымен де толы.
Дегенмен, үшінші мың жылдықтың табалдырығынан аттағалы тұрғанда осы табиғаты қатал, сан ғасырлық тарихы бар қуаң даланың ұрпақтары қолмен жасалған қайталанбасрухани бағалысының талай жылдар бойы көз тасада қалып келгені де рас. ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Кеңес одағы жылдарындағы Қазақстанда жалпы мектеп географиясының даму тарихы

Мұғалім Сахип Ақбаев өзінің естелігінде қазақ ауылдарында мектептердің қалай құрылғанын айтады: «1918-жылы ауылдарда ана тілінде оқытатын қазақ мектептері ашылды. Бұл мектепте керекті мұғалімдер қысқа мерзімді курстарда тездетіп даярланды. Алғашқы кезде 104 мектеп қазақтың жер үйлеріне орналастырылды, олардың жабдықтары да өте нашар болды».
Қазақ мектептері ашылғаннан кейін бұрынғы діни мектептер мен медреселердің біразы қайта құрылды, біразы жабылды. Сауатсыздықты жою мақсатында Қазақстанның барлық аймақтарында бұл іске үлкен мән берілді. Мысалы, 1918-жылы қыркүйекте Жетісу өлкесінде де сауатсыздықты жою, жаңа мектептер ашу туралы талаптар қойылып, шешімдер қабылданды.
Қазан төңкерісінен кейін, 20-шы жылдары қазақ даласында жаппай сауатсыздықты жою науқаны басталды. Мектеп ашу туралы халықтың талаптары да көбейе бастады. Бірақ халықтың талабына сай мектепке керекті құрал-жабдықтар, қажет оқу құралдары болмады. Әсіресе, кадр мәселесі, қазақ мұғалімдері, білімді педагогтар, басқарушы қызметкерлер жетіспеді. Осының салдарынан жаңа мектептер құру жолында, халықтың сауатсыздығын жоюда көптеген кемшіліктер мен қиыншылықтар болды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Дүниежүзілік мұхит

Жердегі су күн жүйесі планеталарының ішінде тек Жерде ғана су сұйық күйде таралған. Мөселен, Шолпанда су тек қана газ күйінде, ал Марста тек қана мұз түрінде кездеседі екен.
Жер бетіндегі су гидросфераны құрайды. Оған мұхиттар мен теңіздер, көлдер мен өзендер, бөгендер мен мұздықтар, жер асты сулары мен атмосферадағы ылғал жатады.
Гидросферадағы барлық судың мөлшері шамамен 1,6 млрд км3. Оның 96,5%-ы мұхиттар мен теңіздердегі тұзды су; 1,7%-ы мұздықтар мен тұрақты қарлар; 1,7%-ы жер асты сулары; 0,06%-ы өзен, көл, батпақ, атмосферадағы су болып табылады. Тұшы судың үлесіне 2,5% тиеді.
Тұщы су барлық тіршіліктің негізі. Оны адам баласы өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, күнделікті тұрмыста пайдаланады.
Жер бетіндегі тіршілік үшін гидросфераның маңызы өте зор. Су қабығы қоршап жаткандықтан, біздің планетамыздың климаты адам тіршілігіне колайлы.
Табиғатта су баяу жылынып, баяу суынады. Мұхиттар мен теңіздердің суы жаз бойы күн сәулесінен мол жылу жинайды да, қыста планетамыздың ауасын жылытады.....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Дүниежүзілік мұхитқа жалпы шолу

Жер шарының көпшілік бөлігін су басып жатқанын көреміз. Ол дүниежүзілік мұхит деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл жер бетінің 3/4 бөлігі немесе 361 млн км2 тиеді. Дүниежүзілік мұхит бөлек – бөлек аттары бар жеке мұхиттардан тұрады, бірақ олардың бәрі бір – біріне жалғасып жатыр. Дүниежүзілік мұхит төрт бөліктен тұрады. Тынық мұхит - жер шарындағы ең үлкен (180 млн км2) әрі ең терең мұхит. Көлемі жағынан қалған үш мұхитқа пара-пар. 1520-1521 жылдары Ф.Магеллан дүниежүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оған “Тынық мұхит” деген ат берді.
Тынық мұхитта бүкіл дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері – Мариан шұңғымасы бар, оның тереңдігі 11022 м. Тынық мұхит Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жаға-лауларынан бастап Еуразияның шығыс бөлігіне және Аустралия мен Антарктидаға дейінгі аумақты алып жатыр. Атлант мұхиты Тынық мұхиттан екі есе кіші (92 млн км2). Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап Еуразия мен Африканың батысына және Антарктидаға дейін барады.
Атлант мұхиты арқылы Батыс және Шығыс жартышарда орналасқан елдері бір – бірімен жалғастыратын аса маңызды кеме жолдары өтеді. Мұхиттың өн бойы кеме қатынасына игерілген. Үнді мұхиты Оңтүстік жарты шардың едәуір бөлігін алып жатыр (75 млн км2). Бұл - ең жылы мұхит. ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ САЯСИ КАРТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

Дүние жүзінің казіргі саяси картасының қалыптасуына адамзаттың тарихи-әлеуметтік даму кезеңдерінің ықпалы зор. Бұл — өте ұзақка созылған, мыңдаған жыл тарихы бар процесс. Адамзат қоғамының дамуы бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізді. Осыған сәйкес дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуының да әр түрлі кезеңдері бар. Қоғам дамуының негізгі заңдылықтарына сүйене отырып, дүние жүзі саяси картасының қалыптасуын төмендегідей кезеңдерге бөлеміз: ежелгі, ортағасырлық, және қазіргі заманғы. Осы себепті саяси картаны "дәуір айнасы" деп бекер айтпаймыз.
Ежелгі кезең (б. з. V ғ. дейін) — алғашқы қауымдық құрылыстың соңы мен құл иеленушілік дәуірді толық қамтиды. Жер шарындағы ең алғашқы мемлекеттік құрылымдар — Египет, Ежелгі Қытай, Парсы патшалығы, Финикия, Ассирия, Ежелгі Грекия мен Рим империясының және басқаларының дамуымен немесе күйреуімен сипатталады. Осы мемлекеттер әлемдік өркениетке зор үлес қосты. Сол кезеңде жер бөліктеріндегі негізгі келбетті өзгерістер әскери күш қолданысы арқылы жеңіске жеткендердің есебінен жүзеге асырылды.
Келесі ортағасырлық кезеңде (V—XV ғғ.) саяси картаның қалыптасуы феодализм заманымен тұстас келеді. Феодалдық мемлекеттердің саяси билік құрылымдары құл иеленушілік құрылыстан гөрі күрделі әрі жан-жақты еді. Оларда жер аумақтарын жаулап алу мүддесі айқын байқалып отырды. Осы себепті ұлан-байтақ жерді мемлекеттер үнемі бөлісумен келді. Ол заманда жер шарының көптеген аймақтарының саяси картасы өте тұрақсыз еді. Ондай мемлекеттер сапында: Византия, Араб халифаты, Киев Русі, Шыңғыс хан және Осман империялары, Франция мен Англия, т.б. болды.
Жаңа кезең (XV ғ. соңынан — XX ғ. басына дейін) — капитализм дәуірінің пайда болуына, өрлеуіне және орнығуына сәйкес келеді. Капиталистік қоғамдық қатынастардың бас кезінде болған Ұлы географиялық ашылулардың өзі Жаңа Дүние материктеріне жол салып, дүние жүзі картасын үлкен өзгеріске ұшыратты. ....
Курстық жұмыстар
Толық