Әдебиет | Қырандар қанаттанған ұя Гурьев жаяу әскер училищесі

“Өтсе де жүз ғасырлар, мың ғасырлар.
Қартаймас қас батырлар, тұлғасы бар”
М. Рәш. “Батыр дастаны”
Соғыс!
Осы бір қара бұлттай қаралы да, суық сөздің астарында ұлан - ғайыр қасіретті мұң - қайғының азалы даусы естілетін тәрізді. Адамзат баласы көз ашқалы өзара жауласудан талай рет бейбіт өмірдің шырқы бұзылды. Жер беті сансыз адам қаны төгілген алапат соғыстардың куәсі болған. Ресми деректер бойынша 60 млн - ға жуық адам қаза болған Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы ең алапат, ең сұрапыл соғыс болып, тарихқа енді......
Ғылыми жобалар
Толық

Әдебиет | Диалогтік оқыту

• Сабақтағы диалогтық әңгіменің оқушылардың когнитивті дамуына әсерінің мәнін, мазмұнын ашып көрсету;
• Диалогтық әңгімелесудің зерттеушілік, топтық, әңгіме – дебат түрлерін қолданудағы мұғалімге қойылатын талаптарды айқындау;
• Сабақта диалогтік әңгімені қолдана отырып, оқушылардың когнитивті дамуын жетілдіруге арналған авторлық сабақ үлгісін жасау
Өзектілігі: Қазіргі жаңа оқыту технологияларының енгізілуі ізденістер мен тәжірибе жинақтау ол үшін білім жетілдіріп отыру мәселесі және орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізу мақсатында сындарлы (конструктивті) оқытуға негізделген тәсілді енгізу
Зерттеу мақсаты: Сабақта диалогтық әңгімені пайдалану мәселелерін талдап, іс – тәжірибеге енгізу жолдарын көрсету
Зерттеу объектісі: Кембридж бағдарламасы негізінде «оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін басшылыққа ала отырып Қазақстан тарихы пәнінен 6 сыныпқа арналған жаңа форматтағы сабақ жоспары .....
Ғылыми жобалар
Толық

Әдебиет | Шәкәрім және оның ұрпақтары туралы

Ғұлама Шәкәрім Құдайбердиев жөне оның ұрпақтарының қилы тағдыры туралы артындағы шөпшегіне тікелей жататын Тобықты руының зерделі қызы Эльмира Назарқызы екеуіміздің ғылыми ізденісіміздің нәтижесінде Ұлы тұлғаның көп айтыла бермейтін өмір кереметтеріне көз жеткізе отырып, оқушы қауымға ұсынуды жөн санадық.
Ғұлама Шәкәрім және оның ұрпақтарының қилы тағдыры.
Географиялық рельефінің орналасуына қарай Ұлы Дала деп аталған ұсақ - шоқылы Сарыарқалы кең жазықтықта Ақ - Орда атанған тарихи мемлекеттің тарихи мұрагері Қазақ елінің өзіндік тілі, ғұрпы, салт - дәстүрлері, фольклоры мен әдебиеті көзге ұрып тұрғандай ерекшеленгенімен - анықтап зерделеген жанға әлемдік мәдениетпен сабақтасып жатқандығын бірден аңғару онша қиынға соқпасы анық.
Екінші жағынан Қазақ шежіресінің ерекшелігі мен мақал мәтелдері, фольклоры ғаламдық диалектикалық философияның Азия бөлігіне, оның ішінде тек қазақ ұлтының өзіне ғана тән ой - толғау табиғаты бірден танылады......
Ғылыми жобалар
Толық

Әдебиет | Жаяу Мұса әнші ақындар тобының көрнекті өкілі

Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.
Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған, ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуіріндегі тұрмыс - салтымен, наным - сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі......
Ғылыми жобалар
Толық

Әдебиет | Қалжан ахун Бөлекбайұлы

Қалжан ахун Бөлекбайұлы (1862 - 1916)
ХІХ ғасырдың ортасына таман Ресей империясы Арал аймағы арқылы бүкіл Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алу үшін өз әскерін даярлай бастады. Сыр өңірін басып алу арқылы патша өкіметі бірнеше стратегиялық жағынан маңызы бар жоспарларын жүзеге асыра алатын еді.
Патшалық Ресейдің Орталық Азия елдеріне жақындай отырып, бүкіл Түркістанды (қазіргі Оңтүстік Қазақстан өңірі мен Орта Азиялық республикалары - авт.) бағындыруы үшін ең алдымен - Сыр бойын жаулап алуы керек болатын. Сыр өңірінің тоғыз жолдың торабында орналасуы, Арал теңізі мен Сырдария өзені арқылы Түркістан өлкесіне етене ену мүмкіндіктерінің артуы, бұл өлкенің әскери - стратегиялық маңызын еселеп арттырды. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Әдебиет | Қазақ газеті елдіктің жаршысы

1. «Қазақ» газетінің шығу тарихымен танысу.
2. Газеттің ұстанған бағыт - бағдарын, мақсаттарын сараптау.
3. «Қазақ» газетінде басылған Әлихан Бөкейханов көсемсөздеріндегі елдік мәселесін талдау арқылы ой қорыту.
4. Алаш мұрасын жас ұрпаққа оқытудың тәрбиелік тиімділігін зерделеу.
Өзектілігі: Өзінің туған тарихы мен әдебиетін, тағылымы мол әдеби мұрасын таныған және астарлы ойды терең ұғына білген ұрпақ қана елдің әлеуметтік - саяси өмірін жаңғырта алады.
Мәселе: Алаш қайраткерлері әдеби мұрасының ұрпақ тәлім - тәрбиесіндегі алар орны қандай?
Күтілетін нәтиже: «Қазақ» газетінің Алаш елі тарихында алған орнын зерделеу арқылы жас ұрпақтың саналы әрі рухани жан дүниелері кең тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.
Жұмыстың практикалық маңызы: Жоба барысында тақырыптық, мазмұндық тұрғыдан талданған деректер үйірме, арнайы курс жұмыстарына жәрдемші құрал бола алады......
Ғылыми жобалар
Толық

Әдебиет | Қазақ баспасөзінің пайда болуы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Енді ғана өз билігі өзіне тиіп, ұлттық мемлекетінің іргетасын қалай бастаған қазақ халқы үшін өзінің жүріп өткен жолының ғылыми шынайы тарихын жазу қажеттілігі күннен - күнге айқын сезілуде. Өйткені ұлттың бүгінге дейінгі тарихы – оның ертеңгі тағдыры.
Біз қазақ баспасөзінің дәлірек айтсақ, ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ баспасөзінің сипатына, ондағы қарастырылған басты мәселелерге тарихи тұрғыдан тоқталып өттік. Бұл кезең қазақ баспасөзінің енді - енді ғана дүниеге келіп, халықтың арасына тарай бастаған кезеңі, әрі халықтың тар жол тайғақты кезеңі. Осындай аласапыран кезеңде халық тағдыры мен қоғам өмірінің шындығын бүкпесіз батыл жариялаған қазақтың баспасөзінің қызметі де орасан зор болды. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Әдебиет | Жылқы малдың патшасы

«Жеті қазынаның бірі жылқының»ерекше қасиеттерімен таныстыру, жылқы туралы түсінігін кеңейту, жылқы асыл мал екенін айта отырып, жылқы жануарына деген сезімдерін ояту, жылқы кәделі, бағалы қазына екенін ұғындыру, халқымыздың жылқы малына қатысты салт - дәстүрлеріміздің орасандылығын көрсету.
Қазақ - ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін, тіршілік табиғатын, қадір - қасиетін әбден танып, білген. Тіпті малдың айрықша қасиетін, ерекшелігін танытын сыншылар да шыққан. Сөйтіп халқымыз өзінің тіршілігін, шаруашылығын осы мал өсірумен байланыстыра жасаған. Оның өнімдерін тіршілік құралы етіп, пайдалануды шебер игерген. «Төрт құбылада - төрт түлік»деп бекерге бағаламаған......
Ғылыми жобалар
Толық

Әдебиет | Ғабиден Мұстафин тіліндегі мақал мәтелдік қолданыстар мен нақыл сөздер

Бәрі де «Шығанақтан» басталды... 9 сыныпта оқып жүрген кезде, біз қазақ әдебиетінде Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстық. Оқулықта берілген «Шығанақтың» үзіндісін оқыдық. Шығарманы оқи отырып, автордың еңбек жолымен, шығармашылығымен жақынырақ таныссақ деген ой туды. Ғабиден Мұстафиннің шығармаларымен 11 сыныпта әлі де танысамыз, сол себепті шығармада кездесетін қазақ халқының халық ауыз әдебиетіне байланысты материал жинақтап, зерттеу жұмысын жүргізсек деген ой туды. Жұмысты бастамас бұрын алдымызға мақсат қойдық: жазушының шығармашылығымен танысып, шығармадағы суреттеу тілі мен сөз саптауын, сөз қолдану ерекшелігін зерттеу, таразылау.
Жобамыздан күтілетін нәтиже: осы жобадағы материал сөздік қорының алтын қазына екенін нақты дәлелдей отырып, мектеп мұғалімдері сабақ барысында қосымша материал ретінде пайдалануы. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Әдебиет| Ата бабаларымыздан қалған салт дәстүрдің бірі Ерулік

Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт - дәстүрлері, ырымдары өте көп. Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт - дәстүрлерімен, ырымдарымен, той - мереке, әдеп - ғұрыптарымен талай елді таң қалдырып келеді. Тәуелсіз елімізде ата – бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақ - біздің қолымызда.
Жұмыстың міндеттері:
1. Қазақтың салт – дәстүрлерінің бірі -«Ерулік»тарихына зер салу.
2.«Еру», «Көрші», «Айрылысар көже»салттарын ажырата білу.
3. Еруліктің бала тәрбиесіндегі маңызына тоқталу
4. Сыныптас достарыма «Ерулік»туралы айту, іздену жұмысыммен таныстыру......
Ғылыми жобалар
Толық