Әдебиет | Төрт түлік
Кіріспе
Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысып келеді. Мал кезінде алты алаштың жесе - асы, кисе - киімі, мінсе - көлігі, жапанда - серігі болған. Біз ежелден малға жақын халықпыз. Кезінде ата бабаларымыз төрт түлікке жайлы қоныс іздеп кең даламызда көшіп қонып жүрген. Қазақ төрт түлікті ерекше құрметтеген төрт түліктің жайымен жазда жайлауға, қыста қыстауға көшкен. Малдың еті, сүті тамақ болған, терісінен, жүнінен арқан жіптер, киіз үй жабдықтары, киім - кешек, алаша, кілем тоқып т. б. әр түрлі бұйымдар жасаған. Төрт түлік малдың сүтін және одан жасалған айран, қымыз, шұбат сияқты сусындарды халқымыз «ағарған» немесе «ақ» деп атаған.
«Түйе малдың қасқасы»
Төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. Осы малдың сақтаушы иесін «Ойсылқара» деп атаған. Ойсылқара атауы ұғымдық жақтан түйе деген мағынаны білдіреді. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б) Тіпті түйенің шудасын да, қайнатып, емге пайдаланған. Осындай аса құнды мал болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «құлыным, қозым, қошақаным, ботам» деп, айналып - үйірілген, еркелетіп отырған......

Ғылыми жобалар