Әдебиет | Мырзабай Ахун Азаматұлы

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Халқымыздың сан ғасырлар бойы ұлы Шығыс өркениетінің аясында дамығаны белгілі. Ұлтымыздың перзенттері білім мен ілімнің озық үлгілеріне ислам мәдени орталықтарындағы орта және жоғары оқу орындарында сусындады. Осы оқымысты - ғұламалар бүкіл ел аумағында мешіт, медресе, мектеп ашу арқылы сауаттандыру, имандылыққа тәрбиелеу, кәсіпке баулу және т. б. ағартушылық қызмет жүргізіп, мемлекеттік биліктің мызғымас тірегі болды.
Сыр өңірі - бүкіл алашқа мәлім дүлдүл ақын, шайырлар, батыр, билер мекені ғана емес ахундар мен ишандар, молда мен мақсым атанған оқымысты, ғұламалардың елі. Саясат, өнер, білім, ғылым саласында биік деңгейден көрінген Сыр бойы перзенттерінің Орта Азия ғана емес, бүкіл Шығыс мәдениетінде алар орны берік. Олардың қатарында қазақтың өз алдына дербес ел ретінде құрылуына, мәдениетін дамытуға үлкен еңбек сіңірген мемлекет және қоғам қайраткерлері, ағартушы күрескерлер бар. Міне, сондай дара тұлғалардың бірі, бар өмірін халқының сауаттылығы мен мәдени дамуына, рухани кемелденуіне сарп еткен Мырзабай Ахун Азаматұлының орны ерекше......
Ғылыми жобалар
Толық