Орал қаласының тұрғыны Ринат Фардиев есімді азамат үш адамды ажал аузынан арашалап қалды. "Атырау-Орал" тас жолында болған жол апаты кезінде соғылған қос көліктің бірі суға батып кеткен.
Ринат дереу қимылдап, көлік ішіндегі жолаушылардың үшеуін құтқарып алды. Өкінішке орай, төртінші кісі есін жия алмастан сол арада көз жұмған. Ішкі істер департаментінің басшылығы осы батылдығы үшін Ринат Фардиевке арнайы алғыс хат тапсырды деп хабарлайды 24 арна.
Сол оқиға болған күні Ринат кешкі сағат 20:00 шамасында Атыраудан Оралға қайтып келе жатқан екен. Жолда бұзылған көлігін жөндеп жатқан Ринат екі машинаның соғылған даусын естиді. Істеп жатқан жұмысын тастай салып, жол апатына ұшырағандарға көмек көрсету үшін жанұшыра жүгіреді.
Бірақ, бір көлік бар да, екіншісі жоқ. Оның қайда кеткенін түсінбей, аңтарылып тұрып қалдым дейді ол.
Теміртау - қала, Орталық Қазақстанның, Қарағанды облысында Нұра өзенінің бойында орналасқан. Ол бүкіл Қазақстанға, ТМД елдеріне өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі, өйткені Теміртау – республикамыздың ірі индустриялды орталығы, еңбеккер даңққа бөленген қала. Теміртаудағы «Миттал Стил» зауыты шойын.....
Оралқаласы – Батыс Қазақстан облысының орталығы. Ол Қазақстанның солтүстік батыс аймағында орналасқан. Ресей Федерациясының Астрахань, Волгаград, Саратов, Самара, Орынбор облыстарымен және Қазақстанның Атырау, Ақтөбе облыстарымен шекарасы бар. Каспий ойпатының солтүстік беткейінде орналасқан. Оралқаласы жақын маңдағы елді мекендерді қоса есептегенде 700 шаршы км астам жер көлемін алып жатыр. Қаланың ені солтүстіктен.....
Талдықорған (1993 жылдың 4 мамырына дейін Талды-Қорған) — Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында, Жетісу Алатауының батыс жағында орналасқан қала, Алматы облысының орталығы.
Тарихы Ең алғаш қазіргі Талдықорған аумағында орналасқан XIX ғасырдың екінші жартысында, яғни 1869 жылы Гавриловка селосы бой көтерді. Бұл өңірді алғаш рет қоныстаған казактар болды. Кейін Жетісу облисполкомының ұйғаруымен 1920 (кейбр деректерде 1921 жылы) Гавриловка селосының атауы ресми түрде Талды-Қорған селосы.....
Атырау — Атырау облысының әкімшілік орталығы, Қазақстанның батысында, Жайық өзенінің бойында орналасқан қала. Қаланың негізі 1640 жылы қаланған.
Қала жеріндегі белгілі тұңғыш тұрақты қоныс — қазіргі «Орбита» стансасы қасындағы Алтын Орда кезеңіндегі болған Лаэти асары. Ноғай Ордасы кезеңінде балықшылардың тұрақты Үйшік қонысы Жайық өзені сағасында орналасқан. Казак-орыстар жаулап ала бастағанда 1640 ж. Яицкий.....
Ақтау — Маңғыстау облысының орталығы (1973 – 88 жылдары және 1990 жылдан), қала, теңіз және әуе порты. Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Қаланың шығысында 40 км жерде әйгілі Қарақия ойысы жатыр. Маңғыстау түбегінде мұнай, газ, уран, т.б. қазба байлықтарының ашылуына байланысты іргетасы 1959 ж. қаланған. 1963 ж. оған қала мәртебесі берілді. Ақтау біраз уақыт Шевченко аталып (1964 – 91), кейіннен тарихи жер атауы.....
Ақтөбеқаласы - Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы (1932). Қазақстанның ірі өнеркәсіп және мәдени орталықтарының бірі. Темір жол, әуе және автомобиль қатынастарының маңызды торабы. Мұғалжар тауының оңтүстік-батысында Елек өзенінің сол жағалауына, Ақтөбені айнала орналасқан. Патша әскерінің Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы үшін соғыс бекінісі ретінде алғашқы қазығы 1869 жылдың мамырында қағылған. 1891 жылдың 25 мамырынан уездік қала, Торғай облысы Ақтөбе уезінің орталығы. Орынбор – Ташкент темір жолының салынуына.....