География | Қаратау қорығында экотуризмді дамыту

Туризм саласы дүниежүзінің жалпы ұлттық өнімінің 10/1 бөлігін құрайтынына байланысты туризмді дамыту, оның ішінде қала және табиғаттан тыс жерлерде жүрген адамдарда табиғатқа деген сағыныш кернеп, рухани және ішкі жандүниесіне қажеттілік тууына байланысты экологиялық туризмді дамыту қазіргі таңның өзекті мәселелеріне айналып отыр.
Адамдардың табиғаттан нәр алуы, оны өз ортасына насихаттауы, табиғатты қорғауға ынталандырылуы, сонымен қатар басекеге қабілетті туристік сала құру арқылы халықтар арасындағы жұмыссыздықты жою тұрақты табыс көзіне айналдыру.
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристік ұйымының деректері бойынша халықаралық инвестицияның 11% астамы әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпімді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сегменттері болып табылады. Халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүние жүзілік табыстың 8%, қызмет көрсету секторы экспортының 7% құрайды. Туристтерден түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3 орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мыңжылдықтардың бас кезінде де сақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс-жүзінде жеткендіктен туризмнің өсуі туристтер баратын жаңа аумақтар есебінен дамитын болады. Осыған байланысты Қазақстанның әлемдік турстік рынокта өзінің лайықты орнын табуға мүмкіндігі бар. Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды. Мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйым туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына сондай-ақ мемлекеттің туризмді дамыту сайясатына сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі. Қазіргі туризм-бұл әлемдік экономикада құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар шамамен 9 т. тас көмір немесе 15 т. мұнай немесе 2 т. жоғарғы сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша 100 мың турист қалада орташа есеппен 2 сағат болған кезінде 350000 доллор немесе адам басына 1 сағатта 17,5 доллор жұмсайды. Сөйтіп шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту ұзақ мерзімді экономикалық болашақ. Туризм жалпы алғанда мемлекеттің экономикасына 3 оң нәтиже береді. ....
Рефераттар
Толық

География | Қазіргі картография

Қазіргі картография – ежелгі немесе осыдан 30 жыл бұрынғы қолданылу мақсатын түбегейлі өзгертті. Ежелгі Египетте, антикалық Грекияда және Рим тәрізді басқа да өркениет ошақтарында карталар бойынша арақашықтықтар мен аудан табудың қарапайым тәсілдері қолданыла бастады. Алғашқы адамдар өздерінің жүріп өткен жолында мол азық қорлары бар аумақтарды байқаса, келесі жолы осы орынды адаспай табу мақсатында ағаштардың қабықтарына әр түрлі таңбалармен шартты белгілер тастап отырған. Алғашқы қолданысы жол бағдарлаудан басталған карта тарихы орта ғасырларда, әсіресе Ұлы географиялық ашулар кезеңінде жиһангез-саяхатшылар үшін жаңа жерлер мен байлықтарды игеруде таптырмас құрал болды.
Қазір картография ғылымы жаңа заманауи технологиялар мен бағдарламалардың пайда болуымен өзінің зерттеулеріне ғарыштан түсірілген әуесуреттерді, сондай-ақ сандық карталар жасуға мүмкіндік ашқан әртүрлі компьютерлік бағдарламаларды қолдануда.
Осы жұмыста картография ұғымы мен оның қалыптасу тарихына, картография ғылымының бүгінгі міндеті мен іске асыру тетіктері қарастырылған. Сондай-ақ, тақырыпқа сай, өз еліміздегі картография ілімінің тарихы мен қалыптасу жолы сипатталып, оның даму мүмкіндіктері мен осы саладағы кейбір мәселелерді шешу жолдары көрсетіледі.
Курстық жұмысты жазу барысында әр түрлі әдебиеттер мен әлемдік ғаламтор желісінің мәліметтері пайдаланылды.
“Картография” ұғымы
Картаны пайдалану – картографиялық өнімдерді (карта, глобус, атлас, т.б.) тәжірибелік, ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу салаларында, оның ерекшеліктері мен бағыттарын үйрететін картографиялық өнімдермен жұмыс істеу әдістері жасалатын, алынған нәтижелердің сенімділігі мен ықпал ету деңгейіне баға берілетін картографияның бір бөлімі.
Ерте заманнан қазіргі күнге дейін карталар жергілікті жердің бағдары мен теңіз және құрлық үсті маршрут-сызбаларын анықтауда қолданылып келсе, бүгінгі күнде карталар ғарыш пен әуе бассейніндегі навигациялық қызметті атқаруда. Карталарды Жер мен қоғам туралы білімді беруде, инженерлік құрылысты жобалау құжаттарында, өнеркәсіп, ауылшаруашылық нысандары мен қалалар және басқа да елді-мекендерді орналастыруды жоспарлауда кеңінен қолданылады. [7]
Картография – табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық карта мен басқа да картографиялық өнімдерді кескіндеу және оларды құрастыру, пайдалану әдістерін зерттейтін ғылым. Әрбір географиялық картаның өзіндік атқаратын қызметі болады. Оны білім мен өндірістің белгілі бір салаларындағы мамандар, туристік-танымдық жорық жетекшілері, оқушылар білім мен маңызды ақпарат көзі ретінде қолданады. Картаны құрастырушылар кескіндейтін аумақты терең зерттеп, оқып үйренген сайын сол аумақта орналасқан нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындап, ашып көрсетеді. Картография құрылымы жағынан күрделі пәндер жүйесін құрайды, оның маңызды құрамды бөліктеріне – картатану, картографиялық ақпараттану, математикалық картография мен картометрия, сондай-ақ картаны жобалау мен құрастыру, безендіру, жасау және пайдалану әдістемесі кіреді. ....
Рефераттар
Толық

География | Қазақстанның шекарасы

Қазақстан Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан.
Батысы – Еділдің төменгі ағысы,Каспий маңы мен Тұран ойпаты.
Шығысы – Алтай таулары.
Солтүстігі – Батыс Сібір жазығы.
Оңтүстігі – Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесі.
Батыстан шығысқа дейін – 3000 км,солтүстіктен оңтүстікке дейін – 1600 км.
Қазақстан жерінің ауданы – 2724,9 мың км².Жер шарының халық мекендеген құрлықтың бөлігінің 2%-ы және Еуразия ауданының 5%-ы біздің еліміздің үлесіне тиеді.Аумағының өлшемі жөнінен ол әлем елдерінің алғашқы ондығына кіреді және ішкі құрлықтық мемлекеттердің ең ірісі болып табылады.
Жер көлемі жөнінен дүние жүзінде 9-шы орын алады.Жалпы аумағы бүкіл жер шары көлемінің 2%-ын,Азияның 6,1%-ын құрайды.
Еуразия материгінде Ресей,Үндістан,Қытайдан кейінгі төртінші орында,ал ТМД елдерінің ішінде Ресейден кейінгі екінші орында тұрады.БҰҰ мүше 180 мемлекеттің ішінде – 9-орында.
Республика жерінің шеткі нүктелері 55˚26΄-40˚56΄ с.е. және 45˚27΄-87˚18΄ ш.б. аралығында орналасқан.....
Рефераттар
Толық

География | Қазақстанның өзен және көлдерінің гидроэкологиясы

Дүние жүзінде экологиялық дағдарыс барған сайын өршіп бара жатқаны баршаға аян. Соның ішінде Қазақстанның үлес салмағы аз емес. Еліміздегі экологиялық жағдайдың күн өткен сайын құлдырауы, бүкіл республика жұртшылығын қатты алаңдатуда. Арал теңізінің экологиялық жағдайы, бұл бүкіл дүние жүзінің алдына қойған үлкен бір мәселесі болып отыр. Адамдардың ақыл – ойының үздік жетістігі осылайша көрініс тауып, ғылыми – техникалық прогрестердің озық тәжірибесі жүзеге асқан бұл өлкеде, тағыда сол адамдардың өзімшілдігі, бір жақты тайыз ойлаушылдығы мен қомағайлығы салдарынан бір ұрпақтың көз алдында Арал сияқты үлкен теңіздің жойылып, Сырдария суы мен айнала төңірегінің уланып, тұрғындарға зор қасірет шектіруде.
Сол себептен мен, мемлекетімізді алаңдатып отырған Арал тағдырының жағдайы не болар екен деген үмітпен осы жұмысты қолға алдым. Бұл жұмысты алудағы басты мақсатым, сол өңірде мекен етіп жатқан қандас бауырларымның жағдайымен жақыннан танысу, оларға көмек көрсету, шешу проблемаларын алдарыңызға ұсыну болатын. Екі жылдан бері осы жұмысты қолға алып, зерттеп келемін.
Бүгінгі таңдағы Арал теңізі, әсіресе, оның қазақстандық бөлігінде аса бір ауыр экологиялық жағдай қалыптасқанын көзбен көре отырып, ол жөнінде жан – жүрегің сыздамай әңгіме қозғау мүмкін емес. Арал өңірінің табиғатын қайта қалпына келтіру жөнінде азды – көпті шаралар жүргізіліп те жатыр. Бір өкініштісі сол шаралардың түпкі нәтижесі аса бір ауыз толтырып айтарлықтай емес. Міне, сондықтан неғұрлым ұтымды әрі шұғыл шаралар қажет. Олай болмаған күнде енді бір 10 – 15 жылдардан кейін теңіздің қазіргі деңгейін қалпына келтірудің өзі қиынға түседі.
Арал теңізі таяу жылдарға дейін өзінің көлемі жағынан тұйық теңіздердің ішінде елімізде екінші, ал дүние жүзінде төртінші орын алып келді. Ол көп уақыттар бойы өзіне келіп құятын қуатты қос өзен – Сырдария мен Амударияның арқасында айдыншалхары төмендеп, көрмеген теңіз атанып келді.
Тянь – Шань және Памир тауларынан бастау алатын осынау екі өзен суының еліміздің территориясындағы жалпы мөлшері 100 текше километр шамасында болатын. 1961 жылға дейін аталған өзендердің теңізге келіп құятын суының орташа мөлшері – 58 текше метр еді. Айдынының аумағы 66 шаршы километр, теңіз өз деңгейінен көп жылдар бойы 53 метрлік белгіден түсірген емес. Атмосфералық ылғал мен теңіз суының булануын бойына бірдей сіңірген өзен ағасы – бұл маңайдағы көптеген кішігірім көлдердің ұзақ жылдар бойы сақталуына қолайлы жағдай жасады. Сөйтіп мұндай көлдер қойнауында Ар алуан жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің де өсіп - өрбуіне мүмкіншілік бар еді. Ол кезде теңіз тұздылығы небәрі 10 промиль шамасында болды. Міне, осының бәрі теңіз төңірегіндегі аймақтарға, оның экологиясына, Арал бассейнінің әлеуметтік – экономикалық даму жағдайларына оңды ықпал етті. Әйтсе де, содан бері бұл өңірде қаншама өзгерістер болды.
Небәрі 25 жылдың, яғни, адам ғұмырының үштен бір бөлігіндей ғана мерзімде теңіз бейнесі адам танымастай күйге түсті. ....
Рефераттар
Толық

География | Қазақстанның климаты

Қазақтанның климаты шұғыл континентті.Қазақстан климаттық жағдайлар солтүстіктен оңтүстікке қарай ғана емес,батыстан шығысқа қарай да өзгереді.Бұл климат қалыптастырушы факторлар әсерімен түсіндіріледі.(1-сурет)
Қазақстан климат қалыптастырушы негізгі факторлар (1-сурет)
Қазақстан географиялық орны мен әр түрлі ендіктерде орналасуына байланысты күн сәулесі солтүстікке қарай орналасқан бөлігіне аз түссе,оңтүстікке қарай бірітіндеп артады.
Сондықтан Қазақстан солтүстік-шығысында қыс өте қаталдығымен ерекшеленіп, ал оңтүстігінде қыс онша болмайды.Жазда Қазақстанның солтүстіктен басқа бөліктерінде жер беті қатты қызып,ауа температурасы едәуір жоғары болады.
Қазақстан бойынша жауын-шашын мөлшері мен түсу мерзімі әртүрлі.Жер шарындағы жауын-шашынның ең көп түсетін жер Қазақстандағы Батыс Алтайда,жалпы алғанда Қазақстан көпшілік бөлігінде,әсіресе ішкі аудандары мен оңтүстік-батысында климат өте құрғақ.Бұл құрлық аумағының өте үлкен болуына, ауа массаларының қасиеттеріне,жер бедерінің сипатына байланысты.
Қазақстан батысы мен солтүстігінде жазық өңірлердің басым болуы Атлант мұхитынан келетін жылы,ылғалды теңіздік ауа массалары мен Солтүстік Мұзды мұхит үстінен келетін суық желдердің оңтүстікке қарай еш кедергісіз қозғалуына мүмкіндік береді.Мұхиттардың Қазақстан климатына әсер ету дәрежесі мұхит ағыстарының қасиеттеріне,қысым аймақтарының орналасуына,басым желдерінің бағытына да байланысты.
Қазақстан шамалы аумақты алып жатқан биік таулы аудандарда климаттық жағдайлар биіктік белдеулер бойынша өзгереді.Биіктік климаттық белдеулер Тянь-Шань,Алтай тауларында айқын байқалады. Тянь-Шань мен Алтайда жылдың басым бөлігі аязды,ал жазы құрғақ болатын биік таулық климат тән. ....
Рефераттар
Толық

География | Қазақстанның ерекше қорғалатын аймағы

Табиғат — адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық корын алады. Алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде шаруашылықпен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін колға үйретті.
Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пайдалану еселеп өсті. Енді бос жатқан жердің, судың иесі табылып, одан әрі жер мен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осының бөрі табиғатқа бүрын-соңды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сиякты көрінгенімен, бірте-бірте оның қоры таусыла бастағанын адам баласы сезінеді. Мысалы, дүние жүзіндегі орман қоры 40 млн км2 деп есептесек, оның соңғы 150 жыл ітттінде 35% -ы кесілген екен. Кейін адамзат кауымдастығы табиғатты қорғау қажет екенін түсіне бастады. Ол үшін табиғат корларын есепке альш, оларды тиімді пайдалану керектігін үғынды. Табиғат қорғау туралы маңызды құжаттар кабылданып, оның ғылыми негіздері қаланды.
Табиғат қорғау дегеніміз — тірі (өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі) жөне өлі (топырак, су, атмосфера, жер койнауы, климат, т.б.) табиғатты корғау, тиімді пайдалану және калпына келтіру жөніндегі шаралар кешені. Табиғат корғауға ғылыми түрғыда бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар жатады.
Табиғат корғаудағы негізгі мақсат — оның байлығын тиімді пайдалана отырып, болашақ ұрпаққа қаз калпында жеткізу. Ол үшін, біз табиғат қорларын жете білуіміз қажет.
Соңғы жылдары елімізде табиғат корғау мәселесіне үлкен мән берілуде. 1997 жылы 15 шілдеде "Қоршаған ортаны қорғау туралы", ал 1997 жылы 6 тамызда "Ерекше корғалатын табиғи аумақтар туралы" заңдар қабылданып, оларды жүзеге асыру жөнінде игі істер атқарылуда. Еліміздегі ерекше қорғалатын аумақтарға: мемлекеттік қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, республикалык мәні бар табиғат ескерткіштері, табиғи қорықшалар (заказник), халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар, зоологиялық, ботаникалық, дендрологиялық бактар, экологиялық тұрғыдан ғылыми, мәдени жөне тарихи құнды табиғи нысандар жатады. ....
Рефераттар
Толық

География | МАРҚАКӨЛ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫ

Құрылған уақыты - 1976 жылғы тамыз айы.
- Қазіргі ауданы: Қорықтың жалпы ауданы 71367 га, оның 26917 га-сын
құрғақ жер, ал 44450 га- сын көл алып жатыр. Қорық үш бөлікке бөлінген: 1. оңтүстік- таулы- орманды алқап- 6250 га, ол көлдің оңтүстік жағалауы мен Азу тауының солтүстік беткейін алып жатыр; 2. Көл жағалауы- 609 га, Тополевка мен Жирен Байтал өзенінің сағаларындағы солтүстік жағалаудың азғантай жерін қамтиды; 3. Солтүстік таулы- орманды алқап- 20050 га, Тополевка, Таутекелі, Тихушка, Сорвенок өзендерінің жрғарғы жағында Күршім жотасында орналасқан. Бұдан басқа Урунхайка өзенінің сағасындағы орталық усадьбаның 8 га жерін алып жатыр. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының айналасы ені 2 км болатын үзік сызықты қорғау аумағымен қоршалған.
- Әкімшілік орналасуы:
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік Алтайдың шығысында Марқакөл қазаншұңқырында орналасқан. Ол солтүстігінде Күршім, оңтүстігінде Азу тау жоталарының арасында орналасқан Алтайға тән тектоникалық ойпатты алып жатыр. Көл 1449,3 метрлік абсолюттік биіктікте жатыр. Ең биік нүктесі 3304,5 метр (Ақсу- Бас тауы).
- Орталық усадьбаның орналасқан жері, мекенжайы, ....
Рефераттар
Толық

География | Қазақстанның таулары

Қазақстан жерінде бұл жазық Орал тауларынан Алтайға дейін (ені 200-250 км) жіңішке алапты алып жатыр. Ол оңтүстіктен солтүстікке қарай еңіс, яғни ылдилай береді. Оңтүстігінде Сарыарқамен шектеседі.
Жазықтың оңтүстіктегі биіктігі 200 м, солтүстігінде 100 м. Батыс Сібір жазығының, қазақстандық бөлігі палеозойдың қатпарлы-жақпарлы тұғырының үстінде жатқан палеогеннің теңіз және неогеннің континенттік шөгінділерінен тұрады. Кайнозой дәуірінде теңіз тартылып, қазіргі жер бедері қалыптасқан. Жер беті біркелкі тегіс. Өзендері сирек, сондықтан тілімделмеген. Ондаған тұйық қазаншұңқырлар ғана ұшырасады. Олардың көбін тұзды көлдер алып жатыр. Кей жерлерде биіктігі 10-15 м-ге дейін көтерілетін жалдар кездеседі. Ішкі ерек-шеліктеріне сәйкес Батыс Сібір жазығының қазақстандық бөлігі 4 ауданға бөлінеді:
1. Есілдің жазық орманды даласы,
2. Тобыл-Обағанның жазық даласы
Қазақстанға Орал тауының оңтүстік бөлігі Мұғалжар тауы ғана кіреді. Тау Жаманқаланық (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы 200 км, ені 30 км, орташа биіктігі 450-500 м. Ең биік нүктелері - Үлкен Боқтыбай (567 м), Айрық (633 м). Тау Оралдың жалғасы болып табылады. Ол экзогенді процестер әсерінен мүжіліп, аласарған таулардын, қатарына жатады.
Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Оларды Берсүгір ойысы бөліп жатыр.
Мұғалжар - герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке. Олар, негізінен, магмалық, метаморфозданған және ішінара палеозой мен мезозойдың әр кезеңінде нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Мұндағы тау қатпарларының тегістелуі Сарыар-қаға ұқсас. Оның жер бедерінің қалыптасуына да жыныстардың жас шағының құрамы мен эрозиялық, денудациялық процестер әсер еткен. ....
Рефераттар
Толық

География | Қазақстандағы ірі физикалық географиялық аудандар

Қазақстанның кең байтақ жерінің табиғаты әр түрлі. Бірін-бірі қайталамайтын табиғат кешендерінен тұрады. Сонымен бірге Қазақстан аумағы 2 дүние бөлігіне жатады, яғни Еуропа мен Азияны біріктіріп жатыр. Осыған сәйкес қайталанбайтын көркем табиғатымен, жазира даласымен, кең массивті құмдарымен, төмен жатқан ойпаттарымен, күрделі геологиялық құрылымымен, көне геологиялық тарихымен, мол табиғат байлығымен, өзара ерекшелігімен кең байтақ елімізді физикалық-географиялық тұрғыдан алғаш рет 1913 жылы академик Л.С.Берк аудандастырды. Осы уақытқа дейін республика жері физикалық-географиялық тұрғыдан әлі толық реттеле қойған жоқ. Соңғы кездері Қазақстан табиғаты 9 ірі физикалық-географиялық аймақтарға бөлінді:
1. Шығыс Еуропа жазығы.
2. Тұран жазығы.
3. Солтүстік Қазақ немесе Батыс Сібір жазығы.
4. Сарыарқа.
5. Орал.
6. Алтай.
7. Сауыр-Тарбағатай.
8. Жоңғар Алатауы.
9. Тянь-Шань.
Қазақстан территориясындағы зоналық немесе биіктік белдеулер жүйелерді қарастыру жеткіліксіз. Физикалық-географиялық аймақтың биоклиматтық ерекшеліктерімен бірге түзілу жолдары арқылы қалыптасу тарихын да танып білу керек. Геологиялық, геоморфологиялық түзілу жолдары мен геогендік, антропогендік дәуірлердегі даму тарихы бойынша Қазақстан территориясындағы физикалық-географиялық аудандастырудың өзіндік ерекшелігі бар. Физикалық-географиялық аудандастыру дегеніміз - әр өңірдің өзіндік табиғат жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, жер бетін жеке аймақтарға және олардың бөліктеріне бөлу.....
Рефераттар
Толық

География | Қазақстандағы Шымбұлақ тауы

Қазақтың жерi - ұлан-ғайыр ұлы атырап. Қазақтың жерi - таулы қамалдың алақан уысы да, сулы жайлаудың жайнаған үлгiсi. Көк белдегi көп елге жетсең де - Қазақтың жерi, шөлейттегi құм белге жетсең де - Қазақтың жерi, көз мұнартқан шыңды елге жетсең, ол да - Қазақтың жерi. Алатау мен Арқа арасындағы ұлы дала да қазақтың, тек қана ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРI!!!
Елiмiздiң бес бөлiгi де берекелi баурай мен әсем табиғатқа бай. Солтүстiкте буырқанған Бурабай мен Оқжетпес шыңы, Жұмбақтас, тарихи жәдiгерлердiң ошағы Баянауыл бар. Оңтүстiктегi Шарын, Түрген шатқалдары, Бесшатыр, Есiк қорғандары, әншi аталатын Айқайқұммен мақтануға тиiспiз. Қиялыңа қанат бiтiретiн Бозкөл сарқырамасы, ақбалығымен танымал Асы бар, Қарқараның төсi мен Көлсайдың көк суын атаймын. Хан-Тәңiрiне бас имей, халқым деп сөз айту да күнә Шәлкөденiң шалғынына жетер жер жоқ.
Иә, бұл екi сөзге сыйдырмақ боп iлiп айтқанымыз, терiп айтсақ, тоғыз шақырым сайын жолықтыратындай тұмса табиғат пен тарихи ескерткiштер еселеп саналады. Жер жаннаты - Жетiсу. Жетiсудың жүрегiнде - Алматы. Алматының асқарында Шымбұлақ бар.....
Рефераттар
Толық