Вирустар – жансыз стихия, ол еш аяуды білмейді, барлық жерден өте береді. Компьютерді жаңадан пайдаланушыға бір қарағанда компьютер кез-келген жерден,тіпті желдің соғуымен де кіргендей сезіледі. Оның жұмысының қаншалықты зиян тигізетін салдары туралы барлық жерде айтылып жүр. Сондықтан болса керек компьютерді енді ғана пайдалана бастаушылардың вирустың шабуыл алдындағы қорқынышы еш дәлелсіз жоғары. Алайда бұл қорқыныш, біздің байқағанымыздай, компьютер менгергендердің тең жартысының болып тұратын фаталистиналық босаңдықтың жағдайына пәлендей кедергі келтіре қоймайды. Бәрібір қалай дегенде құтқарыла алмайсың - жазмыш, тағдыр, түсінесіндер ме ....
Компьютерлiк вирустар нелер және олармен қалай күресуге болады? Бұл аса көңiл бөлiп қарайтындай соншалықты қиын тақырып болып көрiнбес. Алайда, компьютердегi ақпараттың жоғалуына бiрден-бiр себепкер болатын осы компьютерлiк вирустар болып табылады. Вирустардың кәсiпорындар мен ұйымдардың жұмысына тосқауыл болған көптеген оқиғалар белгiлi. Сонымен қатар бiрнеше жыл бұрын компьютерлiк вирустың адам өлiмiне себепкер болған оқиға тiркелген. Нидерландияның бiр ауруханасындағы емделушi компьютердiң вирусты жұқтырып, қате ақпарат беруiне байланысты морфийдiң әжептеуiр көлемiн қабылдаған. Өзара бәсекелес антивирустық фирмалардың мүмкiндiктерiне қарамастан компьютерлiк вирустың тигiзетiн зардаптары жылына шамамен жүздеген миллион сомманы құрайды. Бұның негiзгi себебi көптеген компьютердi пайдаланушылардың вирустарға аса назар аудармауы, әдебиеттiѕ тапшылығы болып табылады. ХХ ғасырдың соңы адамзаттың индустриялық эрадан информатикалық эраға өтуiмен ерекшеленедi. Бұл ғасыр техникаға үлкен өзгерiстер әкелдi. Осыған байланысты информацияны алу қабiлеттiлiгi оны жөндеу күнделiктi iсте пайдалану кең етек жайып келедi. Көптеген тұтынушылар қарапайым почтадан электрондық почтаға сондай-ақ мобильдiк телефондарға көштi. Макро және микро компьютерлер пайда болды. Бұлармен қоса компьютерлiк вирустар да өмiрге келдi. Компьютерлiк вирустар күрделi және көрнектi мәселелердiң бiрi. Сондай-ақ жасанды тiршiлiк жасау әрекетi. әрине, сәттi-ақ әрекет, бiрақ пайдасыз екенi сөзсiз. Компьютерлiк микроорганизмдер тек сәтсiздiк әкелетiн зиянкес жәндiктердi еске түсiредi. Тiрi ағзалар тәрiздi компьютерлiк вирустар да тiршiлiк етедi, көбейедi. Ал компьютерлiк вирустарға қарсы күрес адамзаттың адам ойымен күресi болып табылады. өйткенi компьютерлiк вирустapды бiр адамдар жазса, ал екiншi бiреулер оны жоюдың әдiсiн ойлап табады ....
Компьютерлік вирустар – бұл компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын бағдарламалар. Бұл бағдарламалар өз бетімен көбейеді де, амалдық жүйе мен желідегі нысандарға зиян келтіруі мүмкін. Компьютерлік вирустардың айрықша сипаттарына олардың өз бетімен іске қосылып, копьютердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасауға қабілеттілігі жатады. Өкінішке орай, компьютерлік вирустарды адамдар компьютерге зиян келтіру үшін әдейлеп қастықпен әзірлейді. Сондай-ақ, олар желідегі компьютерлер арасында және internet арқылы тарап, компьютерлердің жұмысын тежеп, басқа да ақауларды тудырады. Компьютер вирус зақымдаған бағдарламамен жұмыс істеген кезде оны «жұқтырып» алуы мүмкін. Адамға жұғатын вирустардың әрекетіне ұқсас (кәдімгі тұмаудан Эбола вирусына дейінгі), компьютерлік вирустардың әрекеті де әр түрлі болады: тітіркендіруден бүлдіруге дейін. оның үстіне, үнемі вирустардың жаңа, алдыңғысына ұқсамайтын түрлері пайда болып отырады. Бақытымызға орай, вирустарды жұқтыру мүмкіндігін және олардың бүлдірушілік әсерін бірқатар білімдерді меңгере отырып төмендетуге болады.
Зақымданған бағдарлама не қосымшаны алып, іске қосқан кезде, жұмыс барысында қиыедықтар туындаған сәтке дейін Сіз вирустың бар-жоғынан хабарсыз болуыңыз мүмкін. Компьютердің вируспен зақымданғанының бірнеше негізгі белгісі мыналар: – компьютер әдеттегісінен баяу жұмыс істейді; – компьютер сұраныстарға жауап беруін доғарып, бұғатталып қала береді; – жүйе әр бірнеше минут сайын жұмыс істеуден бас тартып, қайта қотарыла береді; – компьютер өз бетімен қайта қотарылып, ақаулармен жұмыс істей бастайды; – қосымшалар қателермен жұмыс істейді; – дискілер мен диск жетектеріне қатынау мүмкін болмай қалады; – басып шығару қателермен жүреді; – қателер туралы әдепкіден тыс хабарламалар пайда бола бастайды; – мәзірлер мен сұхбат терезелерінің көрінісі өзгеріп кетеді. Бұлардың бәрі вирус жұққандығының типтік белгілері. Алайда олар бағдарламалық жасақтаманың немесе құрал-жабдықтардың вирустарға еш қатысы жоқ ақауларынан хабар беруі де мүмкін. Сондықтан да, компьютерде вирусқа қарсы қазіргі заманғы сапалы бағдарламалар орнатылмаса, компьютердің вирустармен зақымданғанын дәл анықтау оңай емес.....
Вирустардың морфологиялық сипаттамасы. Вирустар – тұқым қуалаушылық қасиеті бар, өзгеруге, көбеюге бейім өте ұсақ, тірі микроорганизмдер. Вирустардың бактериялардан айырмашылығы – клеткалық құрылысы болмайды, тек қана бір нуклеин қышқылы – ДНҚ немесе РНҚ болады. Жасуша ішінде генетикалық дәрежедегі паразиттер болып саналады. Ақуыз синтездейтін рибосомалары болмайды, сондықтанда оларда зат алмасу жүрмейді. Вирус құрылысының компоненттері: капсомер-белокты бөлек бірлігі, .....
Вирусты гепатиттер (бауырдың қабыну) – бұл кең тараған және адам денсаулығына өте қауіпті инфекциялық топ, олардың өзара бір – бірінен сәл айырмашылығы бар, байқалмайды, түрлі вирустардан тарауы мүмкін, бірақ бәрінің де белгі бір – ол ең алдымен бауырдың зақымдалуы және қабынуына әкеп соғуы. Сондықтан да бауыр қабынуының түрлерін басқаша «сары ауру» деп атайды – бұл бауыр қабынуының кең тараған түрі болып топталады. «Сары ауру» эпидемиясы туралы біздің заманымызға дейін Гиппократ V ғасырда .....
ҒАЛЫМДАР ОҒАН КОРОНАВИРУС ДЕГЕН АНЫҚТАМА БЕРІП ОТЫР. БҰЛ – ЛАТЫННЫҢ (ТӘЖ) НЕМЕСЕ HALOS (ШЕҢБЕР) ДЕГЕН СӨЗДЕРДЕН ПАЙДА БОЛҒАН АТАУ. ӨЙТКЕНІ, КОРОНАВИРУС МИКРОСКОППЕН ҰАРАҒАНДА, ОСЫ ЕКЕУІНІҢ ҚОСЫНДЫСЫН ЕСКЕ ТҮСІРЕДІ. БҰЛ ВИРУСТАР ТОБЫНА АДАМҒА ЗИЯНЫН ТИГІЗЕТІН БІРНЕШЕ ТҮР КІРЕДІ. ОЛАРДЫҢ БІРІ ТҰМАУҒА ШАЛДЫҚТЫРСА, ӨЗГЕЛЕРІ ЖАРҚАНАТТАР МЕН ТҮЙЕЛЕРДЕН КЕЗДЕСІП, БҮГІНГІ ҒЫЛЫМДА SARS (АУЫР...