Информатика | Компьютерлік вирустар
Компьютерлік вирустар дегеніміз -өзінен өзі көбейіп, компьютерлік жүйедегі және желідегі әртүрлі объектілерге залалын тигізуге бейім программалар.
Вирустарды төмендекөрсетілген белгілеріне қарай бірнеше топтарға жіктеуге болады:
-вирустардың орналасып алған орындарына қарай;
-вирустардың орналасып алған орындарын білдіру тәсілдеріне қарай;
-керіқұрылымдық мүмкіндіктеріне (әрекеттеріне) қарай;
-вирус алгоритмдерінің ерекшеліктеріне қарай.
Вирустар орналасып алған орындарына қарай желілік, файлдық, жүктелетін болып жіктеледі. Желілік вирустар компьютерлік желі арқылы тарайды, файлдық вирустар орындалатын файлдарға, ал жүктелетін вирустар –дискінің жүктелу секторына (Boot-сектор) немесе винчестердің жүйелік жүктелуін құрайтын секторына (Master Boot Record) орналасады. Файлдық-жүктелетін вирустар да кездеседі. Мұндай вирустар зиянкестігі күрделі алгоритмдермен орындалып, олардың жүйеге ену әрекеті астарлы тәсілдерді пайдаланады.
Вирустар бүлдіру тәсілдеріне қарай резидентті және резидентті емес болып екіге бөлінеді. Вирус жұққан программа іске қосылғанда, резидентті вирустың көшірмесі компьютердің жедел жадында жазылып қалады да, олар операциялық жүйеде жұмыс жасаған программаларға «жұғады». Резидентті вирустар компьютер жедел жадында орын алып тұрады да, компьютер істен шығарылғанға немесе қайта қосылғанға дейін «өз жұмысын» атқарады. Резидентті емес вирустар компьютердің жадында ораналаспайды және олардың жұмыс істеу уақыты шектеулі болып келеді. Ал, кейбір жедел жадқа орналасқа резидентті вирус түрлері өзінің зиянкестік әрекетін таратпайды. Мұндай вирустарды да резидентті емес деп есептеуге болады. ....

Рефераттар