Оралхан Бөкей | Мәңгілік деген махаббат шығар

Махаббат абстрактылы, Сондықтан да теориялық жағы дами береді де, нақтылы мәнін жоғалта бермек. Негізінде, сезім дегеніміз адамға ғана тән қасиет, бірақ ол айнығыш. Айнығыш болатын себебі – адамзат өзінің жаратылысынан еш нәрсені қанағат тұтқан емес, арман мен қиял, үміт пен мақсат – осының қай-қайсысы да бір ғана ұмтылыс ұғымымен шектелмейді, тапқан дүниеңнің, шыққан биігіңнің аздығы мен аласалығын айғақтап, үнемі бір тың, басқа, жаңа да жақсы белгісіз бірдеңелерді көксеумен күн кешеді. Әдемілік пен сүйкімділіктің өзі салыстырмалы да шартты, өйткені қандай да бір керемет көркемдік сіздің көзіңізге теңдессіз көрінгенімен, басқаға әншейін жай ғана нәрсе болуы мүмкін. Әдетте, біз бір адамды құлай ұнатқанда, оның бойындағы сандаған кемшілікті елеп – ескермейміз, яғни сезім алдауына түсеміз. Сөйтіп, үйленеміз. Күн өткен сайын, оған жақындаған сайын бірсін деп сіздің жан дүниеңізге сай келмейтін қайшы қылықтары ашыла бастайды, осыдан айну сезімі пайда бола бастайды немесе өмірде одан да жақсы кісілер барын мойындайсың, жарыңыздың болмысында аз, тіпті жоқ қадір – қасиеттер мен өзгеше ерекшеліктерді өзгенің жарынан байқайсыз, осылайша асылдан да озған асыл, сұлудан да артық сұлу бар екенін түсінесіз. Көңіліміздің көк дөнені бұған дейін шапқылап жүрген шеңберін тастайды да, анау топқа қосылғысы келеді. .....
Әңгімелер
Толық

Тамыры терең алты алаш

Жоқ нәрседен пайда болмас,
Бар нәрсе ғайып болмас.
Тамыры терең алты алаш,
Келеді әлі адамзатпен қарбалас...

Бір мың да төрт жүз алпыс бес,
Керей-Жәнібек билік....
Өлеңдер
Толық

Оралхан Бөкей (Қар қызы)

"Алтай өңіріне алпыс жылдан бері дәл осындай қалың қар жауғанын көрген жоқпыз", – деседі қариялар.

Расында да, бас көтертпей жауғаны соншама, есіктің алды, қораның маңындағы қарды тазалап үлгере алмайсың, Ауыл-үйдің арасына күреп жалғыз аяқ жол салудың өзі азабы мол жұмыс. Кейбір салақ кісілердің бел ағашы борсыған мал қамайтын қоралары сыр беріп алды – топ етіп төбесі ойылып түсіп жатыр. Күннің көзі жылт етіп ашыла қалса, аппақ қардың астында бүк түсіп, қаздың жұмыртқасыңдай томпайып-томпайып тілсіз жатқан үйлерді, сол үйлердің қар.....
Әңгімелер
Толық

Оралхан Бөкей (Апамның астауы)

Ол кезде мен бала едім, Апам жастау еді. Әке-шешеміз қиыр жайлап, шет қонып мал соңында жүретін де, айында-жылында ғана болмаса, бет-жүзін үнемі көре бермейтінбіз. Соғыстан кейінгі жылдарда есін жиып, езілген еңсесі көтеріле бастаған елдің берекелі де бейбіт тірлігі жар жағасында отырған жалғыз үй - әрине, бізге де ортақ. Қос бөлмелі шатырланбаған тоқал ағаш тамның маңайы қысы-жазы жыбырлаған, айғайлап-шулаған балалардың базарына.....
Әңгімелер
Толық

Қазақтың мақтанышы - Әлихан Бөкейхан

Әлихан Бөкейханов Нұрмұхамедұлы - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт-азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері - бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі - Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы - атақты Көкжал......
Шығармалар
Толық

Әлихан Бөкейханов Нұрмұхамедұлы (1870 - 1937)

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын......
Рефераттар
Толық

Оралхан Бөкей (Өкінемін)

Өкінемін аға жоқ інім дейтін,
Өкінемін іні жоқ аға дейтін.
Бұл өмір – жұтқан ауа білінбейтін,
Жылдар легі жоқ қылды әке бейтін.
Батысқа бұлт ілінді....
Өлеңдер
Толық

Оралхан Бөкей (Оңаша ойлар)

Сағынам кейбір кеште мұң шіркінді,
Ыстық деп кім ойлаған бұл шіркінді.
Бастауы жақсы жырдың болармысың,
Апыр- ау көзге неге жас іркілді.
Табиғат табынасың....
Өлеңдер
Толық