Мектебінің өткенін де ұлықтап, Бүгінінен білім іздер жас ұрпақ
Қазалы ауданындағы №25 орта мектебінің іргетасы орта мектеп ретінде 1947 жылдан бастап қаланған. Мектепті 1947-1949 жылдар аралығында Мүлкібаев басқарды. 1949-1953 жылдар аралығында Хайруллаев Жәрмедет, 1953-1959 жылдар аралығында Бәкешов Қожабай, 1959-1965 жылдар аралығында Қожабаев Молдабай, 1966-1968 жылдар аралығында Қартбаев Аяп, 1968-1976 жылдар аралығында Нағашыбаев Іскендір, 1976-1985 жылдар аралығында Есетов Амангелді мектеп басшылары болды. 1985 жылдан бастап осы кезеңге дейін мектепке Темірбаев Алмас басшылық жасайды.
Мектеп тарихында мектепті әр кезеңде 7 түлегі алтын медальға бітіріп шыққан. Қарамолдаев Алпысбай, Нұрмағамбетова Света, Қошқарбаев Айнұр, Дәленов Бекболат, Нұржігітов Абдулла, Алмағамбетова Балапан, Бекжанов Дархан.
Мектепті әр кезеңде 4 түлегі күміс медальға бітіріп шыққан. Дәулеткерімов Әби, Жаманбаев Алмас, Бекжанова Айгүл, Сахиева Сандуғаш. .....
Мұғалімдер күні бүгін, күні ұстаздың шаттанған, Шәкіртіне дем бергізген жеткізеді деп баққа арман. Ұстаздардың күні бүгін бар тілегі өмірде Сол шәкірттің өрге жүзген еңбегімен ақталған.
«Мұғалімдер күні бүгін» өлеңінен
«10 «А» класына – математика, 3-кабинетте, 10 «Б» класына – әдебиет, 5-кабинетте». Бұл 80-жылдар ішінде өзімізге физика пәнінен сабақ беріп, №25 мектепте 90-жылдардың ішінде де сабақ беріп барып, құрметті демалысына шыққан оқу завучымыз Сәбит Жалғасбаев ағайдың даусы. Сәбит Жалғасбаев ағай мектеп радиосынан оқушыларға сабақ кестесін хабарлап жатыр. Осымен бірге электр қоңырауы да үсті-үстіне безілдеуде. Соның арасында Сәбит Жалғасбаев ағай оқушыларды сабаққа кіруге қоңырау соғылып кеткенін айтып асықтыруда.
«...Мұғалима есікті ашып, сыртқа беттей берген сәтте-ақ, тентек қоңырау ақыры өз дегенін жасап үлгереді. Оның ортасындағы ұзынша тілі қабырғасына барып соғылады. Бар болғаны бір-ақ мәрте соғылуының өзі жеткілікті. Дауыс тым алысқа кетеді.
Осы кезде сыртта тұрған оқушылар ішке қарай лап қояр еді. Себебі шәкірт санасы қоңыраудың әмірлі үніне бағынып үйренген». Сайт бетінде бұдан бұрын жарық көрген «Қоңырау» әңгімесіндегі бұл көрініс 90-жылдар ішіндегі №25 мектептің өмірінен алынып жазылған болатын. Өтпелі кезең аталған осы бір уақыттарда 80-жылдар ішіндегі мектеп маңдайындағы радионы былай қойғанда, электр жарығының болмауына байланысты электр қоңырауының өзі де үнсіз қалған еді. Сондықтан да әңгіме: «Электр жарығының уақытша шектеліп тұруына байланысты үстел үстінде жез қоңырау тұрар еді. Жез қоңырау – осы қалпында моп-момақан» деп басталатын еді. .....
Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Оның бүгінгі өресі биік өскелең мәдениетінің түп төркіні сонау VI – VIII ғасырлардағы Орхон –Енисей ежелгі түрік жазбаларынан бастау алады. Бүкіләлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын әмбебап ғұлама әл- Фараби бабамыздан бастап , түркі тілдес халықтарға ортақ өшпес асыл мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Йассауи трактат .....
Қазақ ұлты өзінің тарихи жолында сан түрлі жазу түрлерін пайдаланды. Ең алғаш тасқа таңба салу арқылы іс-әрекеттерін түсіндірді. Кейін 1929 жылға дейін араб әліпбиін, 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын қарпін, ал 1940 жылдан бастап кирилл алфавитін пайдаланып келеміз. Бүгінде әлемде көптеген жазу үлгілері бар. Әлем елдерінде ең көп қолданылатын әліпби – латын әліпбиі. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, біздің еліміз де латын қарпіне көшуге ниет білдіруде. Бұл қазір Қазақстанда күрмеуі шешілмей тұрған мәселелердің бірі. Осыған қатысты ғалымдар мен тіл.......
Е.Құдайбергенов орындайтын әнде айтылғандай „Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген”. Иә, қазақ екенімізге қарсылық жоқ. Алайда атымыз ғана қазақ, іс-әрекеттеріміздің біршамасы ұлтымыздың беделін түсіріп жүргені белгілі. Бұл өлеңде қазақ халқының XX ғасырдағы бейне-келбеті сипатталады.......
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық- ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына .....
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Ұстаз болу – адамның асылдығы,-
деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып,толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз - бала болмысына өзгеріс .....
Жұрттың кәрілікке деп жиған осынша қаржысы инвестицияланған 5 компания тақырға отырған. Бүгін қор басшылары банкротқа ұшыраған кәсіпорындардағы ақшаның кері қайтпайтынын ашық айтты деп хабарлайды NUR.KZ, КТК арнасына сілтеме жасап.