Қарапайым халық пен бай-бағландардың көңіл көтеруі екі түрлі. Күйбең тіршілік деп жүріп кейде демалудан да құр қалатын халық әр күні ойын-сауыққа айналған бай-бағландардың өміріне қызыға қарайды. Әсіресе, олардың үлде мен бүлдеге оранған қыздары мен әйелдері "ақсүйектер" жиынына ғана барып, өзіндік ортада ғана көңіл көтереді.
Қазақстандықтар ерекше сериялы 200 теңгелік банкноттарға тілектерін жазып жатыр. Тілектер жазылған банкноттардың суреттері Instagram желісіндегі "Жесть в Казахстане" парақшасында пайда болды.
Баланы анасының құрсағында жатқанда-ақ тәрбиелеу керек деген қағида қазір кеңінен таралып кетті. Мұны біреулер құптаса, біреулер жоққа шығарады. Әлі дүниеге келмеген бөбекпен сөйлесуге, оны тәрбиелеуге бола ма, оны қалай дұрыс жасаған дұрыс, соған үңіліп көрейікші.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда абонеттік номерлерді басқа операторға көшіру қызметі іске қосылды. Бұдан былай әр абонент мобиль телефон номерін сақтай отырып, басқа оператордың қызметіне жүгіне алады деген сөз. Осының бәрі "Ақпараттандыру туралы" ҚР Заңының арқасында мүмкін болып отыр. Ел ішінде мобиль телефон номерін сақтай отырып оператор ауыстыру мүмкіндігі "мобиль құлдықтан" құтылу деп аталып кетті.