Біздің ата-бабаларымыз бізге елімізді,жерімізді аманат етіп кеткен, Бұл аманатты олар қанын төгіп,жанын қинап алған. Тәуелсіздігіміз үшін күресіп,халқымызды бұғаудан босатқан. Енді сол іске құрметпен қарап,отанымызды сыйлап.көркейтуімуз керек. Менің ең бірінші борышым осы! Ал бұл үшін мен ең алдымен сабағымды жақсы оқуым керек! Міне!
Таң атты жарқын нұрымен, Құшақтап біздің өмірді, Бөленіп қызыл арай, Мектеп те көзге көрінді: Бұрынғыдан өзгеше, Кербез, сұлу сыланған, Маңайын гүл басыпты, Балалар жүр қуанған. Бөбек күйі, жан күйі, Ана баптап баласын. Шөп-шөп сүйді бетінен, — «Сен сабаққа барасың». — Апа!— деді Гүлзада. — Айтшы, көзім қарасы! — Кітаптары қолында, Мынау үйдің баласы........
Адам өсе келе өз болашағы жайлы көп ойланады екен. Жастық шақтың қалай тез өтіп кететінін де байқамай қалады. Өмірдегі басты мақсат осы бес күндік жалғаннан өз орнын табу емес пе?! Мен әлі мектеп табалдырығында оқып жүрген оқушымын, ата-анамның көзіне кішкентай қыз болсам да, өз болашағым жайлы көп ойланамын. Алдағы өмірім қандай болмақ? Болашақта мен кім боламын? Қандай мамандық иесі атанамын?- деген сұрақтар жиі мазалайды. Жай ғана ойланудың аз екендігін де білемін. Сондықтан да қазірден бастап алдыма мақсат қойып, оған табанды түрде кірісіп, арманымның жетегіне еріп келемін. Негізінен мамандық таңдау деген - өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Яғни қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін - ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін жаңалыққа, дербестікке талпыныс.
Елбасы «Болашақ-білімді жастардың қолында» демекші , біздің болашағымыз - өз қолымызда. Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да бақытты, нұрлы да шуақты болуы үшін, менің ойымша, ең алдымен өзіне лайық мамандық иесі атану. Себебі, әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері мен маңызы бар......
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Сабақ тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық-борышың» Оқу мақсаты: 3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді анықтау Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: Өлеңді іштей саналы түрде түсініп оқиды; Көптеген оқушылар: өз ойы мен сезімін көркем бейнелі сөздермен жеткізе алады, шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтай алады; Кейбір оқушылар: өз ойын дәлелдер келтіріп айтады, өлеңді мәнерлеп оқиды ......
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Сабақ тақырыбы: Жақсылық жасау-борышың Ы. Алтынсарин «Баланың айласы» Оқу мақсаттары: 3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/мәнерлеп/ теріп оқу 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау 3.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсінеді; мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді Көпшілік оқушылар: мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді анықтайды, кейіпкерлерге мінездеме бере алады; Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс- әрекетінің, мінез-құлқының өзгеру себептерін анықтайды, дәлелдер келтіріп бағалайды, өз ойын айтып, қорытынды жасайды......
Меніңборышым халыққа адал еңбек ету, білім мен өнер үйрену, келешекке жол көрсету, үлгі алатындай із қалдыру. Жаман қылықтардан аулақ болу-мансап үшін мақтанға салынбау, бақ үшін арсыз қылықтарданаулақ болу. Және де ата-анамның үмітін ақтау,сабақты тек қана беспен оқу. Міне, меніңборышым.....
Мемлекеттік кредит қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі. Мемлекеттік борыш - бұл алынған (игерілген) және белгілі бір күнге өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің сомасы ( олар бойынша есептелген пайыздарды қоса). Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді.Орналастыру рыногына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы борыш болып бөлінеді.Ішкі мемлекеттік борыш –Үкіметтің, Ұлттық банктің және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының қарыз беруші- резиденттердің алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі.Сыртқы мемлекеттік борыш- Үкімет пен Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының қарыз беруші- бейрезиденттердің алдындағы сыртқы мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Сондай-ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыш болып бөлінеді. Күрделі мемлекеттік борыш деп мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелрінің бүкіл сомасын айтады. Ағымдағы борыш- бұл мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттемелері бойынша несиелерге табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.....
Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай халық. Ал салт-дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Жалпы салт- дәстүр деген не, соған тоқталып өтейік. Салт-дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт-дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен , ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбелей білген. Б. Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық,......