Экономика | Банк ұғымы пайда болуы және дамуы

Банк туралы түрлі-түрлі пікірлер айтылып жүр.Кейбір мамандар банкті кәсіп орны,мекеме,–дейді;екіншілері–экономикалық басқару орны,–дейді;үшіншілері–делдалдық ұйым,-дейді.Төртіншілері–несиелік кәсіпорны деп сипаттайды.Ал,күнделікті тұрмыста банкті ақша қоймасы деп түсінеді.Бірақ осы келтірілген пікірлердің бәрі де банктің не істейтіндігін,оның қандай операциялар жүргізетіндігін ғана анықтайды.Негізінде,банктің мазмұнын түсіну үшін,алдымен оның халық шаруашылығының басқа бөлімшелерінен елеулі оқшауланушылығын көрсететін қандай қасиеттері бар деген сауалға жауап беру керек.
Жоғарыда келтірілген пікірлердің бәрін және банк жүйесінің атқаратын қызметтерін жан-жақты талдау негізінде,осы заманның белгілі экономисі,Ресей Академигі О.И.Лаврушин банк жөнінде былай деп жазыпты:“Банк ақшалай,несиелік және қолиа-қол немесе қолма-қол ақшасыз,есеп айырысу операцияларының жиынтығын бір орталыққа шоғырландырғанақша шаруашылығының даму сатысы.Банк,басқа материалдық өндірістің өнімдерінен өзгеше өнім шығаратын айрықша кәсіпорын.Ол тек тауар емес,ерекше тауар –ақша және есеп айырысудың құралдарын шығарады.”
Алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында–XІV және ХV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған.Сауда-саттық мемлекеттерде,қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды.Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналасынан хабары бар,айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп,бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды.Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімен нарықтарда отырады.Х ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды,сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болды әрі олар Ежелгі Грецияда,Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінен тарайды.
Әр түрлі ионеталарды бір-бірімен үзбей айырбастау үшін олардың қоры болуы керек.Осылайша,бұл айырбастаушы-үстелдер айырбастаушы –үйге айналады.Бұл үйде құны әр түрлі монеталардың айырбасталуы жүзеге асырылды.....
Рефераттар
Толық

Нағыз жігіттің 20 қасиеті

Жігіттік шаққа ену үшін біз, ер азаматтар бойымыздағы ер кісіге тән қасиеттерді сараптап, әлсіздігімізді мойындап, оларды кейін түзеуге бет алуымыз шарт. "Мен мінсіз емеспін". "Менің мінім көп, өзіме осы жәйтті қайта-қайта айтамын!" Дәл осы қасиеттер көбімізде жетіспейді...
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер
Толық

Отбасын нығайтатын 10 дәстүр

Нағыз берік отбасы – үлкен еңбектің нәтижесі. Бұл жұмыс ұзақ уақытты қажет еткенімен, міндетті түрде жемісін береді. Егер отбасыңызға жаңашылдық енгізгіңіз келсе, жақын адамдарыңызбен ара-қатынасыңызды жақсартқыңыз келсе және туғандарыңызбен көбірек уақыт өткізуді ойласаңыз, өміріңізге бірнеше отбасылық дәстүр енгізіңіз.
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Мемлекет және құқық | Мемлекет жане кукыктын пайда болуы

КІРІСПЕ
Алғашкы қауымдық қоғам - адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесінде шамамен осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты.
Адамдардың дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бүл процесс бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, прогрестің жаңаруы. Бірақ бұл процесс басында өте бәсең дамыды.
§1. АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМДЫҚ ҚОҒАМ, ОНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ЫДЫРАУЫ
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік дамуы екі кезеңге бөлінеді:
1. Жабайы адам дәуірі - 40-12 мың жылдықгар арасы. Адамдар табиғаттың дайын заттарымен қоректенген, қарулары дайын: тас, сүйек, ағаш. Жабайы аңшылық, балықшылық қалыптасып қоғам-ның негізгі сипаты табиғаттың, қоршаған ортаның адамдардың кұн көрісіне қолайлы жақтарын пайдалана отырып, экономикалық, әлеуметтік жағдайды жақсарту. Қысқаша айтқанда - дайынды игерушілік дәуірі. Бұл кезенде қиыншылық, ашаршылық жиі болды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тырнақ берік болуы үшін қандай дәрумендер керек

«Тырнақ сынып, шаш түссе, дәрумен ішу керек» деген сөзді барлығымыз айтамыз. Бірақ қандай дәрумен ішу керек екенін білесіз бе? Тырнағымыздың сұлулығы туралы ойлана бастасақ, ең бірінші дәрумендер еске түседі. Бірақ дәл қай дәруменнің пайдасы болатынын білесіз бе? Олардың қайсысын пайланаған дұрыс? Ол үшін алдымен тырнағымызды қандай мәселе мазалайтынын анықтау керек! Өйткені, проблемалардың түріне байланысты оларға әртүрлі дәрумендер қажет болады.

Ал «ТЫРНАҚ КҮТІМІ ҮШІН...» деген жазуы бар барлық затқа сене беруге болмайды. Мысалы сіздің тырнағыңыз сынғыш болса, С және Д дәрумендері жеткіліксіз деген сөз. Тырнақтың жұқа болуына B дәрумені және йод пен темір жетіспеуі себеп. Ал тым әлсіз болса, ақуыз жетіспейді деп түсіне беріңіз. Тырнаққа ақ сызықтардың пайда болуы ағзадағы темірдің аз екенінен хабар береді. Қандай дәрумендер қажет? Әрине, дәрумендердің басым бөлігін біз өзіміз тұтынатын тағамдардан ала аламыз. Бірақ ол үшін тамақтану роционының дұрыс болғаны маңызды. А және Е дәрумені жастықты сақтауға көмектеседі. Оны тағамдардан бөлек, арнайы таблеткаларды ішіп арттыруға болады. ......
Кеңестер
Толық

Биология | Өсімдіктер әлемінің пайда болуы және дамуы

Өсімдіктер әлемі әр түрлі ортада тіршілік етуге бейімделген басқа тірі организмдер сияқты тіршілік-тынысы, пішіні, көлемі жағынан алуан түрлі. Өсімдіктер шөлдерде, ағысы қатты өзендердің, теңіздер мен мұхиттардың түбінде, сол сияқты биік таулардың қар жамылғысы белдеулерінде де өсе алады. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән тіршілік нысаны бар.
Өсімдіктер көлемі жағынан да әр түрлі. Ең майда тірі организмдерге вирустар мен фагтар жатады. Оларды 100-300 мың және одан да артық есе үлкейтіп көрсететін электрондық микроскоп арқылы ғана көруге болады. Таяқша тәрізді бактериялардың кейбіреулерінің ұзындығы 1-10 мкм ені 0,2-1 мкм (1 мкм – 10-6м). Темекіде теңбіл (мозайка) ауруын туғызатын вирустың ұзындығы орташа есеппен 300 нм (1 нм -10-9 м), ені 15 нм. Ал бактериофагтардың көлемі 50-100 нм аралығында.
Жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктердің де ергежейлі өте майдалары мен алыптары бар. Мысалы, тұщы сулардың бетінде қалқып жүріп тіршілік ететін көпжылдық кіші балдыршөптің жапырақ тақтасының диаметрі 5-10 мм болса, су өсімдігі вольфияның жапырақ тақтасы 1-1,5 мм-дей ғана. Бұларға қарама-қарсы құрлық өсімдіктерінің ішіндегі ірісі — секвойядеңдронның биіктігі 100 м-ден асса, діңінің диаметрі 10 м-ге жетеді.
Өсімдіктердің мұндай алуан түрлілігі өте ұзақ әрі күрделі эволюциялық даму барысыңда үнемі өзгеріске түсуден және орта жағдайларына бейімделуден болса керек.
Ғылыми деректерге сүйенсек тіршілік алдымен суы бар ортада — дүниежүзілік мұхиттарда пайда болған. Олар: тіршіліктің қарапайым формалары клеткаланбаған, «ядросыздар», сол сияқты ядролылар - бір клеткалылар және колониялылар. Бұлардан кейін құрылымы едәуір күрделі көп клеткалылар пайда болды.
Тірі организмдердің, жаңа формаларының пайда болу процесі сулы ортада баяу жүреді, бұл Дүниежүзілік мұхиттарда орта жағдайларын түзетін экологиялық фактор элементтерінің ауытқушылығының төмендігіне, бірыңғайлығына байланысты. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Пайдалы қазбалар пайда болуы мен қалыптасуы

Қазақстан өзінің жер қайнауының байлығымен әйгілі.Оның байлығы территориясының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне
байланысты.Тау түзілу кезінде магмалық жыныстар енгенде және шөгінді жыныстар метаморфтанғанда, рудалар және түрлі минералдар пайда болады. Қатпарлы жақпарлы таулар (Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань) қатты бұзылып күшті кемірілген сайын рудаға бай теңдігі жатқан тау жыныстары жер бетіне жақындап кейде тіпті жер бетіне шығып қалған. Көбіне бұзылған ескі таулардан рудалы қазбалар табылады.
Платформалар облыстарда пайдалы қазбалар беткі шөгінділерде де қатпарлы негізінің метаморфталған жыныстарында да кездеседі. Шөгінді жыныстарда көбнесе рудасыз қазбалар қалыптасады.
1919-1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір бассенінің өнеркәсіптік мүмкіндігі анықталады. Содан бері Қазақстанның геологтары пайдалы кендерді ашып жоспарлы зерттеу жөнінде зор жұмыстар жүргізді.
Қазақстарн қазір хром, ванадий, рений, висмут, фтор қоры жағынан дүние жүзінде бірінші орын алады. Ал темір, хромит, қорғасын, мырыш, вольфрам, молибден, фосфорит, мыс, калий және кадмий қорынан елімізде алдыңғы орындардың бірінде. Пайдалы қазбалар кен орындары үш топқа
бөлінеді: жанатын, рудалы және рудасыз.
Мұнай мен газдың қоры Атырау, Ақтөбе және Орал облыстарында шоғызланған. Мұнай фантаны бірінші рет 1911 жылы Жайық-Жем бассенніндегі Доссор жерінде атқылады. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңғыстау түбегінде Өзен және Жетібай қосылады. Кейін олардан аса зор Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңқияқ пен Жаңа жол (Ақтөбе облысы), және Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) кен орындары ашылды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Пайыз Оның пайда болуы және факторлары

Нарықты экономика несиеге берілген кез-келген ресурстарға процент түрінде ақы төлеуді қатаң талап етеді. бірақ практикада процент қарыз капиталының бағасы ретінде қарастырылады. Қарыз капиталы капитал – меншік иесі, өзіндік қозғалыс түрі бар ерекше тауар, оның иесіне өндіріс саласына қатыспай-ақ қосымша құнның бір бөлігін процент түрінде иемдену мүмкіндігін береді. Қарыз берушінің қолында қарызға берген капиталы үшін төлем қарыз процент түрін қабылдайды. Қарыз проценті қосымша құнның ерекше формасы. Өндіріс немесе сауда қызметін істеуші қызмет иесі, қарыз ала отырып, ақша иесіне алынған соманың белгілі бір бөлігін процент түрінде төлейді. Қарыз проценті қосымша құнның бір бөлігі, оның кәсіпкерлер қарыз берушіге беруге міндетті. Қарыз капиталынан түскен пайда екі бөлікке бөлінеді: капитал иесінің иемденетін проценті мен қарыз алушы иемденетін кәсіпкерлік табыс. Қарыз процентінің белгілі дәрежесі немесе нормасы бар. Процент нормасы қарыз капиталына алынған жылдық табыс сомасының, қарызға берген капитал сомасына қатынасы. Қарыз капиталын пайдаланғаны үшін төлем процент нормасы арқылы көрініс алады. Процент нормасы қарыз капиталынан алынған жалдық табыстың бүкіл қарыз капиталына қатынасымен өлшенеді. Егер, қарызға берген капиталды 100 мың доллар деп ұйғарсақ, ал осыдан жылдық табыс 6 мың доллар болады, онда процент нормасы ----- - 6 процентке тең. Қарыз проценті белгісіз өлшем, оның орта пайда нормасымен байланысты болатыны, соңғысы ең жоғарғы шек, әдетте, қарыз проценті одан асып кете алмайды. Бұдан шығар қорытынды, пайда нормасының төмендеу тенденциясының орын алуымен, процент нормасы да төмендейді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Медицина | Сілекей құрамының тіс жегісінің пайда болуына және одан сақтандырудағы маңызы

Тіс жегісі – бүкіл әлемде ең көп тараған аурудың бір түрі, ол дамыған елдердің 90 - 95 пайызында кездеседі. Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, жылдан жылға тіс жегісімен ауратын аурулар санының артып бара жатқандығын байқауға болады. Біздің мектепте де бұл ауру оқушылар арасында кең таралған (қосымша 1). Осы құбылыстың кең таралуының негізгі себебі неде деген сұраққа жауап іздеп, әдеби кітаптардан, әлеуметтік желіден мәліметтер қарағанда тістің бұзылуынан сақтауда сілекей құрамының ерекше әсері бар екендігі жазылған. Бірақ мәліметтер келтірілгенмен, нақты зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Сондықтан тіс жегісінен сақтаудағы сілекей құрамының маңызына көз жеткізу үшін осы ғылыми жобаны алып отырмын.
1. 2 Жұмыс мақсаты
Сілекей құрамының тіс жегісінің пайда болуына және одан сақтандырудағы маңызына байланысты зерттеу жүргізу.
1. 3 Жұмыс міндеттері
1. Сілекей құрамын, құрылысын, қасиетін және қызметін қарастыру.
2. Сілекейдің буферлік ерітінді екендігін басқа буферлік ерітінділермен салыстырып отырып анықтау......
Ғылыми жобалар
Толық