Мен сені сақтап қалам, Қиындықтан әрдайым қорғап барам. Жетелеймін өмірдің ағысымен, Дауылдарға қарсы тұрып ақтап алам.! Сен маған өмірге, күн силаған. Сен маған қайғы, мұңды қимаған.! Жанарыңды жанарыммен....
Тоңазытқыш ұзақ әрі сапалы қызмет етуі үшін... Тоңазытқыш – адам денсаулығына маңызды азық-түліктің бұзылмай сақталуы үшін пайдаланылатын, электр қуатымен жұмыс істейтін құрылғы екенін барлығымыз жақсы білеміз. Ал қазіргі үйлерді тоңазытқышсыз елестету мүмкін емес. Дегенмен салқын түсіп, қысқы мезгілге ауысқан шақта күннің ыстығында кейбіріміз талай керегімізге жараған тоңазытқышты көктемге дейін уақытша өшіріп қойып немесе орын болмай балконға, жылуы жоқ бос бөлмелерге қойып жатамыз. Бірақ, бұлай жасауға бола ма? "Кейбір жағдайларға байланысты тоңазытқышты уақытша пайдаланбайтын болғанда не істеу керек? Кейін керек кезінде қосқаннан кейін дәл бұрынғысынша жұмыс жасай бере ме?"деген сансыз сұрақтар алаңдатып қоятыны белгілі. Сондықтан кішігірім бола да маңызы бар осы сұрақтардың жауаптарын қарастырып көрелік.......
Иә, байлықтан гөрі бақытты болған дұрыс дейтініміз бар. Десек те, бақуатты өмір сүру әркімнің-ақ қалауы. Қалталылар санатына қосылу да әркімнің бір қолынан келе бермейді. Бірақ назар салар бір кілтипан бар.
Бірде шопанға «Сені патша қылсақ қайтесің» деп сұраса «Қойды жылқыға мініп бағар едім» депті. Деуіндей-ақ, осы мәселені тек әзіл ретінде қабылдағанымыз аздық етеді. Кедейлікте өмір сүргендердің көбі тағдырдың тарантасымен жүруді ең дұрыс шешім деп қабылдайтын көрінеді. Олардың ойынша, қанша қарекет қылғаныңызбен, қолдан келер дәрмен жоқ. Айта көрмеңіз! Егер адам өз өміріндегі оқиғаларға үшінші жақтан көрермен ретінде қараса, әрине дәл осы жағдай болмақ. Тіпті күрес жолына белсенді түрде шықсаңыз да, қиындық пен сәтсіздіктерге кезіккен сайын кері кету ойы да үдей түспек. Сонымен, мықты делінгендер ғана бұл сынақта үстем бола алады. Бай болуға деген қандай да бір әрекетке барсаңыз, біреу тоныңызды алып қалмайтынын да ұғу керек-ау, қалай қарайсыз?......
Арызқойлардың соңғы буыны домалақ арыз жазушылар аузы енді аққа тиіп, қаламдары қатая бастаған тұста «домалақ арыз қаралмасын» - деген пәрмен шығып, қиянға бет алған тұста қылтасынан қиып түскендей еді. Домалақ арызшылардың иіндеріне су кетіп, еңселері езілген тұста маскүнемдер мен алькоголиктерге қарсы күрес өріс алған.
Жұмыс уақытын жұмысқа пайдаланбай, көше кезіп, дүкен аралап кететіндердің «Сыра» бөшкелерінің маңайына гүлге қонған арадай гуілдесіп, дүрілдесіп жатқандарды қатаң тәртіпке шақырған. Мұның пышағы сол тұста май үстінде еді. Талайды тағынан төңкеріп, қара нансыз қалдырған. Бұдан жұрт жазғыш (арызқой) деп сескенетін.
Бармағы балға малынған жемқор басшы, парақорлар қауіптенгені, тіпті қорыққаны жөн - ақ болсын деп ойлайтын. Ондайда бұл жалпы ішіп - жеуде, ұрлық - қарлықта, пара - сара алуға мүмкіндігі жоқ сорлылардың өзінен айбынғанын көргенде, «апам тойға барса, мен де барамынның кері ғой» - деп ойлап миығынан күлетін.
Сөйтіп жүргенде күні кеше келместің кемесіне мініп, ал «қайыр хош» деуге де жарамай, ізім қайым жоқ болған кеңсе үкіметі өзімен қатар қаз тұрып қолға қағаз - қарындаш алдырып, талайды есінен тандырып, талайды күйдіріп жандырған арызқой, пәлеқұмарларды да құрдымға тартып кеткендей еді. .....
Жаңа кәсіпті тегін қай жерде игеруге болады және ол үшін қажетті құжаттарды қалай реттеу керек? Бұл материал осындай сұрақтар мазалайтын жастарға арналады.
2015 жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы жастарға жұмысшы кәсібін игеру керектігін, бұл саладағы білікті мамандарға сұраныстың ешқашан азаймайтынын баса айтқан.....
Жаңа жылдан бастап жаңа заң! Елімізде бүгіннен бастап «терроризмге қарсы» заңға енген өзгеріс күшіне енді. Яғни, бұдан былай өзге аудан мен қалаларға қонаққа немесе жұмысқа бару қиындай түспек. Өйткені, ол жақта бір айдан артық болсаңыз, міндетті түрде уақытша тіркеуге тұруыңыз қажет. Заңға бағынбағандар жаппай айыппұл арқалайды. Қызу пікір талас тудырған ережені бүгін көші қон полициясы түсіндіріп берді.