Кәсіп болмай, нәсіп болмас (Дүниетану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: "Болашаққа саяхат»
Сабақ тақырыбы: Кәсіп болмай, нәсіп болмас
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.1.6.1 зерттеулер негізінде кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылық түрде таныстырады;
4.1.3.2түрлі дереккөздерге негізделе отырып, өз аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілеріне сипаттама беру.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
• отбасылық кәсіпкерлік жайлы біледі;
• кәсіби мерекені атап өту бағдарламасын жасайды.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Болмас еді арманым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қазығұртты жағалай тас болады,
Шын азамат үйінде бас болады.

Көрмедім ойын-күлкі,
Жарығынан жалғанның.
Жақсы болса жан жарым,
Болмас еді арманым.

Көрінгенмен жылтырап сыртым бүтін,
Ішім жанып, көзіме жас толады......
Өлеңдер
Толық

Болмасын қайта қантөгіс

«Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға,
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?»
Сырбай Мәуленов
Ұлы Отан соғысы аяқталып, Жеңістің туы желбірегеніне биыл - 71 жыл! 9мамыр – бұл мыңдаған саналы жаңа ұрпақ үшін ортақ қуаныш. Бұл мерейтой – біз үшін де ұлы күн! Ұлы Отан соғысы біздің әрбір соғыс тауқыметін көрген ата-әжеміз үшін жүрегіне өшпестей қара іздерін қалдырды.Ер есімі - ел жадында мәңгіге.Біз батырларымызды мақтанышпен әнге қосып жырлаймыз.Себебі, Отан үшін қасық қандары қалғанша күресіп, бізге осындай өмірді сыйға тартты. Бұл жеңіске қол жеткізудің сыры Отанға деген сүйіспеншілік пен қайтпас қайсар ерлік, сын сағаттағы патриоттық сезімдерде жатыр.....
Шығармалар
Толық

Болмасыншы еш соғыс

«Соғыс» деген сөзді естігенде жүрекке қорқыныш ұялатады.Сұрапыл соғыс кімді жылатпады, бала әкесінен, ана баласынан айырған кез еді. Ұлы Отан соғысынан көптеген адамдар дүниеден өткен дегенді естігенде жүрекке оқ болып қадалады. «Мен соғысты жек көремін!» - деп, Қайрат Жұмағалиев жырлағандай соғыс ешбір жанға жақсылық әкелмегендігі хақ. Қаншама ер- азаматтар, әкелер, ағалар өз Отандарын қорғау мақсатында арттарына қарамай жұбайларының жанарына, жас сәбилердің жалтаңдаған көздеріне ерік берместен соғысқа аттанып кете барды. Олар Отан үшін артқа қарамай, тек алға қарай ұмытылды. Ұлы Отан соғысы күннен – күнге, айдан – айға, жылдан – жылға созылып өрши түсті. Сол уақыттарда қаншама қиын кезеңдерді бастан кешіргендіктеріне мойымай, қайта жаудың бетін қайтару үшін аянбай еңбек етті. Сұрапыл соғыста жүріп аштыққа да, суыққа да, қиыншылыққа да төзгендерін аталарымыздан естігенде, жаным түршігеді. Осы тұста ержүрек батырларымыздың ерен ерлігі мен қайтпас қайсарлығын аса мақтанышпен айта кетсем деймін. Кеңес Одағының батыры атағын алғандар: Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Төлеген Тоқтаров, Бауыржан Момышұлы сияқты апаларымыз бен ағаларымыздың ерліктерін бағалаймын.
Біздің ауылымыздан соғысқа қатысқан аталарымыз да болған екен. Атап кетер болсам; Жұманбаев Білал, Жексенбин Боранбай, Тілеубаев Баймұқат, Балажанов Сәтенбек тағы басқа да аталарымызды білемін.Сөйтіп 1945 жылы еліміз жеңіс туын желбіреткен екен. Соғысқа кеткен ер – азаматтардың ішінде аман – есен оралған адамдар да болған. Соғысқа қатысқан аталарымызға зор және ерекше құрмет көрсетіп, еске алып отыру біздің міндетіміз......
Шығармалар
Толық

Сұм соғыс еш болмасын!

ХХ ғасырдың алапат соғысы Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Ұлы Отан соғысы болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтардың қолдарына қару бермей, ауыр тыл жұмыстарына алса, Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстандықтар қолдарына қару алып бір кісідей майданға барып Отан қорғауға атсалысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге арзанға түспегені әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кеткені баршаға аян. Осыдан 71 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды. Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан.
Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медальордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100ден астам адам - Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда. Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан......
Шығармалар
Толық

Болмасын соғыс, болмасын!

Жыл сайын мамыр айы туғанда әрбір адамзат ерекше күрсініспен еске алатын, сондай – ақ ерекше толқыныспен атап өтетін бір күн бар. Ол – Жеңіс күні! Биыл міне батыр бабамыз Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа Жеңіс туын тіккелі жетпіс бір жыл өтті. Алайда, жер әлемді дүр сілкінткен, әрбір бейбіт тұрғынның санасын сансыратқан «Бүгін, 1941 жылдың 22 маусымы, таңғы сағат төртте Германияның қарулы күштері соғыс жөнінде ешбір ескертпе жасамастан Кеңес Одағының шекарасын шабуылдады» деген хабарлама күні бүгінге дейін кеудеге үрей мен қорқыныш ұялатады. 1418 күн мен түн бойы Отан үшін сұрапыл соғыс жүрді. Соғысқа алынған әрбір сарбаз басын бәйгеге тігіп, ажалмен бетпе – бет келіп, жауына қасқайып қарсы тұра білді, ақтық демі таусылғанша айқастан тартынбады. Жеңіс жолында бірі бақытты балалығын, бірі жігерлі жастығын, бірі денсаулығын, енді бірі өмірін құрбан етті, талай жас қыршынынан қиылды, көптеген отбасы қара жамылып қалды. Еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен қолынан келгенше тылда тыным таппастан еңбек етті. Нәзік жанды әйелдер бір – ақ сәтте қайраттанып, балалар бір – ақ сәтте есейіп кетті. Сұм соғыс зардабын тигізбеген бірде - бір отбасы, жанына жазылмас жара салынбаған бірде – бір пенде жоқ. Жеңіс жолы қиын, азапты да ауыр болды. Бұл сұрапыл тек 1945 жылдың 9 мамырында аяқталды. Көгілдір көктеммен бірге, көптен күткен Жеңіс те жетті! Жүректерге үрей, жанарларға жас ұялатқан Жеңістің дәмі ащы болды.....
Шығармалар
Толық

Туған жердей жер болмас

Туған жер өз үйімізден басталады.Әр адам өз туған жерін құрметтеу және сүю қажет. Егер адам Отанын сүймесе, онда ол жер оның Отаны болып саналмайды. Елін сүйетін адам Отансыз өмір сүре алмайды. Алыс сапарға шыққанда туған жерін қатты сағынады. Оны түсінде де көреді. Демалыс кезінде ауылымнан қашық кетсем, қайта туған жеріме оралғым келеді. Ақындай айтпақшы, туған жер-жұмақ мекен деп ойлаймын.......
Шығармалар
Толық

Құрсағыңызда бала болса…

Бала сүю – Алланың әйел адамдарға берген ең үлкен нығметтерінің бірі. Бала бойға біткеннен тоғыз айға дейінгі кезең – әрі жағымды, әрі қиын, әрі жауапкершілігі мол маңызды кезең. Егер әйел бұл кезде шетелдік.....
Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық