Сұрақ: Кейбір адамдар «Намаз оқымайтын, ішкілік ішетін, орамалсыз ашық-шашық жүретін немесе басқа күнәларды істеп жүрген адам босқа ораза ұстамау керек» деп жатады. Бұл сөз дұрыс па? Жауап: Жоқ, дінге қайшы. Бірнеше күнә істеген адамның басқа күнәларды да істеуі қажет емес. Әрі ораза тұтып, әрі күнә істейтін адам, ораза ұстау арқылы берілетін үлкен сауапқа жете алмайды, бірақ ахиретте неге ораза ұстамадың деп есепке тартылмайды. Ораза парызын.....
Сұрақ: Бір молда: «Оразасын ұйқыда өткізетін адам сауап алмайды, алса тек түсінде ғана алар. Оразаның сауабын қиялдай да алмайды» дейді. Мен түнде жұмыс істеймін, күндіз ұйықтаймын, тек намаз уақыттарында тұрып, намаздарымды оқып, қайтадан жатамын. Менің оразаларым босқа кетіп жатыр ма? Жауап: Жоқ, ораза ұстаған адамның ұйықтауының зияны жоқ. Керісінше ұйықтауы да сауап болады. Түнде жұмыс істемесеңіз де күндіз ұйықтауыңызға болады. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай: «Ораза ұстаған адамның ұйқысы ғибадат.» (Дәйләми)
Ұйықтау жаман амал емес. Өлі сияқты жатқан адам, Аллаһу та’аланың мейірімімен, ұйықтағанда да сауап алады. Ұйқыда күнә жазылмайды, өйткені саналы түрде ешқандай.....
Сұрақ: Ораза ұстап жүргенде күнә істеу, ғайбат айту оразаны бұзады ма? Жауап: Оразаны бұзбайды, бірақ әсіресе ораза ұстап жүргенде күнәдан көбірек сақтану керек. Хадис шәрифте: «Ғайбат айту, сөз тасу, өтірік жерде ант ету, бөтендерге шаһуетпен қарау оразаны бұзады»- делінген. (Дәйләми)
Имам Ағзам хазреттері бұл хадис шәрифті ашып түсіндірген және «Бұл күнәлар оразаның сауабын бұзады, өзін бұзбайды, ораза мәкрух болады»- деген. Яғни бұл күнәларды....
Сұрақ: Рамазанда бір әйелдің хайзы (етеккірі) келсе, тұтқан оразасын ашып жібере ала ма? Хайзы бітуге жақындағанда ішіп-жеуі күнә болады ма? Жауап: Рамазанда бір әйелдің хайзы имсак (ауыз бекітетін) уақытынан кейін тоқтаса, сол күні кешке дейін ораза ұстағандай ешнәрсе жемей жүреді. Имсак уақытынан кейін хайзы басталған....
Сұрақ: Рамазанда «Аллаһтан жасырмағанды құлдан жасырам ба» деп ашықтан-ашық ішіп-жейтіндер кездесіп жатады. Ораза тұтқандардың көзінше бірдеңе шайнап отыру күнә емес пе? Жауап: Рамазанда өзгелер көретін жерде ішіп-жеген кісілер күнә істеген болады. Күнәны ашық түрде де, жасырын түрде де істеу жаиз емес. Бірақ нәпсіне, шайтанға еріп.....
Сұрақ: Түнгі сменада жұмыс істеймін. Рамазан айында оразаға ниет етуді ұмытып жатып қалдым. Оянған кезімде түскі намаздың азаны айтылып жатты. Айналамдағылар енді ниет етуге болмайды, ниет ету уақыты өтіп кетті деді. Бәлкім бір жолы бар шығар деп кешке дейін ешнәрсе....
Сұрақ: Сәресіге тұрдым, сәресіні ішіп болып, ораза ұстауға ниет етіп жатып қалдым. Таңертең тұрғанымда аузымның берік екенін ұмытып, кешке дейін ішіп-жеп жүрдім. Ауыз ашар уақытында есіме түсті. Оразам сахих болды ма? Жауап: Иә, сахих болды, өйткені ұмытып ішіп-жеу.....
Мәкрух болатындар мыналар: 1) Тістерді тіс пастасымен тазалау, пастасыз болса мәкрух болмайды. 2) Дәрімен тамақты (ауызды) шаю мәкрух. Егер ауыздағы жара намаз оқуға кедергі болса, дәрімен ауыз шаю мәкрух болмайды, өйткені үзір бар. 3) Жүніп болу ықтималы бар кезде әйелін сүю. 4) Рамазан күні инемен дәрі (укол) қабылдау немесе өз қалауымен ауыз толтырып құсу сияқты бір себеппен ораза бұзылса, сапардағы жолаушы өз қаласына келсе, әйелдің.....
Сұрақ: Рамазан айының құндылығы қандай? Жауап: Рамазан айының құндылығы туралы Имам Раббани хазреттері былай деген:
Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі. Бұл айда жасалған нәпіл намаз, зікір, садақа және бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап басқа айларда жасалатын парыздардың сауабына тең. Бұл айда жасалған бір парыз басқа айларда жасалатын жетпіс парыздай болады. Бұл айда ауыз бекіткен бір адамға ифтар беріп, ауыз аштырған адамның күнәлары кешіріледі. Жаһаннамнан азат болады. Сол ораза тұтқан адамның сауабындай сауап бұған да жазылады. Ораза тұтқан адамның сауабы да мүлдем азаймайды.
Бұл айда қол астындағыларға жұмыстарын жеңілдеткен, олардың.....
Ораза тұту денсаулыққа зиянды емес, керісінше өте пайдалы. Өйткені Аллаһу та’ала құлына зиянды нәрсе әмір етпейді. Пайғамбарымыз да «Ораза тұтыңдар, денсаулыққа қауышыңдар» деп бұйырған. Ораза тұту асқазан мазасыздығына себеп болмайды, керісінше асқазанның саулығы үшін өте пайдалы. Бұл жайт бүгінгі медицина мамандары тарапынан анық, айқын түрде дәлелденген. Қаншама шетел тілінде маман дәрігерлер тарапынан жазылған кітаптарда көптеген аурулардың диета сақтаумен емделетіні немесе диета.....