Тәрбие сағатының тақырыбы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан мәлімет беру, тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстыру. Отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу. Сынып: 7,8 сынып Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер слайд, шарлар, гүлдер.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақстан - 2050» стратегиясы Тәрбие сағатының мақсаты: 1. Елбасымыздың жолдауымен таныстыру. 2.Жолдау жарқын жол ашады. Көрнекілігі: үнтаспа, елбасының суреті, сөзжұмбақ. Сабақ әнұран айтумен басталады.
Тәрбие сағат тақырыбы: Отбасы – адамгершіліктің алтын қазынасы Тема воспитательный часа: Семья – основа нравственности
Тәрбие сағат мақсаты: 1. Оқушыларға Халықаралық отбасы күні туралы мәлімет беру; 2. Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, рухани тазалыққа баулу. 3. Отбасы мен ата-ананы бағалауды үйрету.
"Алматы аруы-2012" Фарида Мәлік өткен аптада Ыстықкөл жағалауында өткен халықаралық сұлулар байқауында "Мисс Бикини СНГ" атағын жеңіп алды, деп хабарайды Tengrinews.kz.
Фарида демеушілердің қолынан тәж бен сыйлықтар алып қана қоймай, 2013 жылы Грецияда өтетін Miss Fashion TV World халықаралық байқауына да қатысуға мүмкіндік алды.
"Өте бақыттымын, Грециядағы байқауға жолдаманы жеңіп алғаныма сене алар емеспін. Байқау соңында үш қатысушы қалды, Қырғызстаннан келген қыз бас жүлдені жеңіп алады деп ойладым. Кейіннен қазылар алқасы менің атымды атағанда, қуаныштан жылап жібердім", - дейді Фарида Мәлік.
Бірінші вице-мисс атағын Қырғызстандық Дарья Лебедева жеңіп алды, ал екінші вице-мисс атағы оның отандасы Таттыбюбю Самидинқызына бұйырды. Дарья Миронова "Ыстықкөлдің Інжу сұлуы" және Алматылық Сабина Әділқұлова "Азия сұлуы-2013" атағын жеңіп алды.
Ал Ресейлік Ксения Ясакова "Көрермендер көзайымына" бөленді. Ақтық сын төрт кезең бойынша өтті. Байқауға қатысушылар ұлттық киімде, той-жиында киетін киімде және күнделікті өмірде киетін киімде шығып, сән көрсетті. Байқауға ТМД мемлекеттерінен жалпы саны 14 қыз қатысты.