Ұлыбритания қазақстандық бизнесмендерге виза беруді жеңілдетті

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін Ұлыбританияға бизнес-виза алу процедурасы жеңілдетілді.

Фото: newskaz.ru
Фото: newskaz.ru

ҚР Премьер-Министрі ресми сайтының хабарлауынша, бұл жайында Ұлыбритания Премьер-Министрінің сауда елшісі Чарльз Хэндри қазақстандық-британдық сауда-өнеркәсіптік кеңестің 17 отырысында мәлім еткен.

"Біз енді ілкі негізде виза берудің арнайы бағдарламасын жүргіземіз. Оның аясында Қазақстан азаматтарына бизнес-виза беруге бар-жоғы 2-3 күн қажет болады", - деді Чарльз Хэндри.

Бүгінде 16 қазақстандық компания осы бағдарлама бойынша визаға құжаттарын тапсырып, олардың 10-ы визаларын алған.

"Бұл бағдарламаны әрі қарай жалғастыруға ниеттіміз, мерзімдер шектелмеген. Менің білуімше, осы бағдарлама бойынша 150-ге жуық виза берілген. Тағы бір жағымды жаңалық - қазан айынан бастап Астана мен Лондон арасында тікелей әуе рейстері ашылады, оны Air Astana компаниясы жүзеге асырады. Көптеген бағыттар бойынша өрлеу жүріп жатқанын көріп отырмыз", - деді британдық Үкімет басшысының өкілі.

Жаңалықтар
Толық