Сусыз, шетсіз шөлдерден, Тұманды, түпсіз көлдерден, Адамдық көші өткенше! Қасқыр мен қой дос болып, Достықсыз өмір бос болып, Шын өмірге жеткенше! Іштен өсіп.....
Күлтегін және Білге қаған дәуіріндегі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы, «көк түркінің көк семсері» атанған атақты батыры. Құтлық қағанның кенже баласы. Әкесінен жастай жетім қалып, ағасы Қапаған қағанның тәрбиесінде өскен Күлтегін тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы.......
ЕскелдіЖылгелдіұлы - би, шешен, қолбасшы. Шамамен 1695 жылы Жетісу өңіріндегі Қаратал өзенінің бойында дүниеге келіп, 1770 жылы дүниеден озған. Төле бидің Ұланбике деген қызынан туған жиен немересі. Ұлы жүз құамындағы жалайыр тайпасының сиыршы руынан шыққан. Ескелдіби «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Тұрлымбет Бекенұлы, Жайнақ, Тәттібай мерген, Малтабар, Құлжан.......
Қожаберген Толыбайұлы шамамен 1663 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Гүлтөбе Маманай өңірінде дүниеге келіп, 1763 жылы қайтыс болған жырау, батыр. Арғы тегі Орта жүз Ашамайлы Керйдің Көшебе руының Таузар әулеті. Жастайынан нағашысы Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлы ұрпақтарының қолында өсіп, Үргеніш, Бұқара, Самарқан медреселерінде оқыған, араб, парсы тілдерін меңгерген. Он үш жасынан ақындыққа.......
Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды.
Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, соның белгілі қолбасшыларының......
Кетбұға (шамамен 1150–1225) — жырау, күйші, аңыз кейіпкері. Орта жүз құрамындағы найман тайпасының бағаналы тармағынан шыққан. 14 ғасырда жазылған «Шаджарат әл-атрак» («Түрік шежіресі») атты кітаптағы деректер мен ел аузындағы аңыздарға қарағанда, Жошы хан аң аулап жүріп қаза......
Қасым хан (шамамен 1445–1518/1523) – қазақ ханы, Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі – Жәнібек ханның баласы. Шешесі Жаған бегім Мұхаммед Шайбани ханның інісі Махмуд сұлтанның шешесінің туған сіңілісі. Қасым ханның ішкі және сыртқы саясаты, ел басқару әдісі, т. б. жөнінде мәліметтер өте аз. Жазылған еңбектердің бәрі М. Х. Дулатидің «Тарихи Рашиди» атты шығармасына сүйенеді. Мұхаммед Шайбанидың қазақ билеушілеріне ......