Есенғали Әбдіжаппарұлы Раушанов (1957)

Есенғали Раушанов 1957 жылы 5 қазанда Қарақалпақ АКСР-інде туған.
1973 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Келінтөбе совхозындағы №192 орта мектепті бітірген соң, 1975–1977 жж. Кеңес әскери күштері қатарында Солтүстік Кавказ әскери округінде қызмет атқарды. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Өлеңдері 1973 жылдан бері жарияланып келеді. 1983 жылы «Бердәулет пен Жоламан» атты....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Жәркен Бөдешұлы (1944)

Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда дүниеге келген. ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген. Мерзімдік басылымдарда және мемлекеттік Кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған. Қазір Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының ......
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Медетбек Темірхан (1945)

Медетбек Темірхан - 1945 жылы 6 наурызда Аманкелді атындағы колхозда (казіргі Нұртас ауылы) Түркістан ауданы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ол орта мектепті Түркістан қаласында бітіргеннен кейін екі жылға жуық туған ауылында колхозшы, сонан кейін бір жылдай аудандық газетте корректор болып жұмыс істеген.

Алматыдағы Абай атындағы институттың филология факультетінде оқыған, республикалық телевидениеде қатардағы редактор болған.

Жетпісінші жылдардың басында Маңғыстаудағы бірқатар геологиялық-барлау экспедицияларында жұмысшы боп, 1973 жылы Маңғыстау облысы ашылғаннан кейін облыстық газетте әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі міндетін.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Жақыпбаев Жұматай (1945 - 1990)

Жақыпбаев Жұматай (1945—1990) - Алматы облысы, Талдықорған ауданындағы Ешкіөлмес ауылында туған. Еңбек жолын кітапхана меңгерушісі болып бастаған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Талдықорған облыстық «Октябрь туы» газетінде, облыстық радиода және «Жалын» альманахында......
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Тәуке хан

Тәуке хан, әз-Тәуке Мұхаммед Баһадүр (т. ж. б. -1718) Қазақ хандығының билеушісі, Жәңгір ханның баласы. Ол билік еткен кезең Қазақ хандығының «алтын ғасыры» саналады. Орыстың белгілі тарихшысы А. Левшин Тәуке ханды көне Спартаның ақылгөй заңгері Ликургпен теңеген. Тәуке хан дала.....
Рефераттар
Толық

Тәтіқара ақын (1705 – 1780)

Тәтіқара – Абылай ханның тұстасы. Қалмаққа қарсы жорыққа қатысып, сол жорықтарды жырлаған ақын. Шоқан Уалиханов Тәтіқараның кезінде ірі ақын болғандығын айта келіп, оны Абылай қолының жыршысы деп орынды ескертеді және Абылай қолының жаудан сасқан бір шағында айтқан Тәтіқара өлеңінің мазмұнын баяндап береді. Профессор Е. Ысмайылов та Бұхар мен Тәтіқараны өзі көрген жортуыл туралы жырлар......
Рефераттар
Толық

Сырым Датұлы (1712-1802)

Датұлы Сырым (1712–1802) – қазіргі Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Сарыой ауылында дүниеге келген. 1783–97 жылдары Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. Шыққан тегі – Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан. 20жасында өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен аты шыққан......
Рефераттар
Толық

Сырымбетұлы Хангелді (1688-1763)

Сырымбетұлы Хангелді - жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен атақты батырлардың бірі. Шыққан тегі –Ұлы жүздің Албан тайпасының Әлжан руынан. Көнекөз кәриялардың, батырдың қазіргі ұрпақтарының айтуына қарағанда, оның аты Хангелді емес, Қангелді көрінеді. Бала анадан шыр етіп жерге түскенде.....
Рефераттар
Толық

Сыпыра жырау

Сыпыра жырау (туған — өлген жылдары белгісіз) – Дешті Қыпшақтың әйгілі жыршыларының бірі, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, барабы, құрдақ, қырым татарларына ортақ тұлға. Оның жырлары бізде өз атымен жетпеген, толғаулары «Құбығұл», «Едіге би», «Тоқтамыс ханның хикаяты» аңыз-әңгімелер мен «Ер Тарғын», «Едіге батыр» эпикалық жырларында сақталған. Қазақ зерттеушілері Сыпыра жырауды ноғайлы дәуірінен жеткен көптеген эпикалық жырлардың бірден-бір авторы санайды. Қазақ аңыздары мен батырлар жырында жырау ел бірлігін көздеген дана ретінде .....
Рефераттар
Толық