Бабажанов Мұхамед-Салық (1832 - 1871)

Бабажанов Мұхамед-Салық (1832, Бөкей ордасы — 1871, сонда) — этнограф, қоғам қайраткері, ағартушы. Ордадағы орыс-қазақ мектебінде бастауыш білім алған (1841 – 45) соң, Орынбордағы Неплюев кадет корпусының Азиялық бөлімін бітірген (1851). 1852 – 55 ж. Орынбор шекаралық комиссиясының кеңсесінде қызмет етті. 1855 ж. Ішкі Орда қазақтарының толқуына қатысты деген желеумен қызметінен қуылып, 2 ай абақтыда отырды. 1855 – 61 ж. Ішкі Орданы басқару жөнінде Уақытша кеңестің кеңесшісі болды. 1862 ж. қызметтен кетіп, 1866 жылға дейін мал шаруашылығымен......
Рефераттар
Толық

Шорман би Күшікұлы (1799 - 1837)

Шорман Күшікұлы, Шорман би (1799–1837) – төбе, аға сұлтан. Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Орта жүз арғынның ішіндегі қаржас руынан шыққан, өз еліне танымал Сәтиұлы Күшік шешеннің ұлы. Шын есім – Жұмабай. Қуандық руының Қожы төре бастаған жігіттері қаржастардың жылқысын......
Рефераттар
Толық

Мұқағали Мақатаев

Мұқағали Мақатаев 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Әкесі соғыста қаза тауып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. 1948 — 49 жылы ҚазМУ-дың филология факултетінде оқыған. К.Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі “Текес”) ауылдық кеңес хатшысы, мектепке мұғалім болды. 1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды.

Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Мырзағұлұлы Бекет ата (1750–1813)

Мырзағұлұлы Бекет (Бекет ата 1750–1813) – Кіші жүз құрамындағы Байұлы тайпасының Адай руынан шыққан, абыз-көреген, қазақтың әйгілі батыры, сәулетші. Туып-өскен жері Атырау облысы, Жем өзені бойындағы Ақмешіт-Құлшан және Маңғыстау өңірі. Өзі тұрғызған Оғыланды мешітіне жерленген. Хорезмдегі Пақыржан.......
Рефераттар
Толық

Жамақұлы Бейбарыс сұлтан (1223–1277)

Жамақұлы Бейбарыс (1223–1277) – түркі әулеті Бахриден шыққан мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны. Оны тарихи шығармаларда Бейбарыс, Бибарыс деп те атайды. Оның шыққан тегі – қыпшақ. Бірақ қай жердің қыпшағы дегенге келгенде әр түрлі деректер айтылып, бірі – Хорезм, Дербент қыпшақтарынан десе, екіншілері маңғыстаулық еді дегенді айтады. Соңғы зерттеулер бұл дүдәмалдықтың түйінін шешіп, Бейбарыстың қыпшақ......
Рефераттар
Толық

Баян батыр Қасаболатұлы (шамамен 1710/15–1757)

Қасаболатұлы Баян (шамамен 1710/15–1757 ж. ж.) – бүкіл өмірін қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек ардагерлердің бірі, батыр. Батырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар шайқастарына қатысып, «Батыр Баян» атанған. Батыр Баян жөніндегі деректерді Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян поэмасынан, жыраулар шығармаларынан, Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен кездестіруге болады. Тарихи деректерде Баян жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырларының......
Рефераттар
Толық

Домалақ ана (1378-1456)

Домалақ ана (Нұрила) Түркістан қаласында 1378–28.05.1456 Қаратау, Балабөген өзенінің жағасында жерленген- есімі ел ұранына айналған абыз аналардың бірі. Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі. Әкесінің есімі -Әли Сылан, анасының есімі-Нұрбике. Нағашы ағасы Уәйіс хан-Моғолстанның ханы болған. Домалақ ананың әкесі Әмір Темірдің әскерінде қызмет етіп түзде жүреді, ел анасы ерте қайтыс болып, жетім қалады. Сөйтіп Нұрила атасы Мақтым Ағзам қожаның қолында тәрбиеленеді. Кейінірек Бәйдібек бидің шақыруымен Мақтым Ағзамның.......
Рефераттар
Толық

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693–1787)

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693–1787) – әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшы-биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне-көп Абылай ханның өтінішімен, «сәуе айтшы» деген тілегімен түсінде көрген істерін болжап айтады екен, бұлары дәлме-дәл келіп отырған. Жырау қазақ халқының жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білген. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың ......
Рефераттар
Толық

Бопай ханым (1690-1780)

Бопай, Бәтима (шамамен 1690 жылы дүниеге келген, 1780 жылы Елек өзені бойында қайтыс болған) — Әбілқайыр ханның зайыбы, ел басқару ісіне араласқан қайраткер, мәмілегер. Төре тұқымынан шыққан.

Бопай күйеуі Әбілқайырдың түпкі мақсаты Жайық қазақтарының, башқұрттар мен Еділ қалмақтарының шапқыншылықтарын тоқтату, жоңғарларды түпкілікті талқандау екендігін және бұл..........
Рефераттар
Толық

Барақұлы Бөкей хан (шамамен 1737 — 1819)

Бөкей (шамамен 1737 — 1819) — сұлтан, хан. Тұрсын ханның немересі, Барақ ханның баласы, Ә. Бөкейхановтың 4-атасы. 1749 жылы Бөкей әкесінің тапсыруымен өзінің төлеңгіттерімен бірге Түркістан аймағынан Солтүстік-Шығыс Қазақстан өңіріне қоныс аударып, қаракесектің бигелді аталығына сұлтан болып сайланды. 18 ғ-дың 50-жылдарының басында Коряков бекінісі (қазіргі Павлодар қаласы) маңын қоныстанып, Орта жүз қазақтарының жоңғар басқыншыларына қарсы шайқасына қатысты. Бөкей 18 ғ-дың 80 — 90-жылдарында Ресейден Орта Азияға бағытталған........
Рефераттар
Толық