Еркінбек Ақынбеков (1863 жыл, қазіргі Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Құшата ауылы — 1918 жыл, Түркістан қаласы) — ақын, ауыз әдебиеті нұсқаларын жинаушы.
1893 ж. Түркістандағы төрт кластық орыс мектебін бітірген. Ферғана, Әулиеата, Шымкент уезі басқармаларында тілмаш болған. Түркістан уезі атқару комитетінде әкімшілік жұмыс атқарған.....
Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысы,Аягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның заманы туралы толғаулары енген.
Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет “Өсиетнама” деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда “XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” (Қазақ КСР ұылым академиясының баспасы, А., 1962) деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды” (Революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары. А., 1965) жинағында басылып шықты. Ал, “Еспембет” поэмасы алғаш рет 1957 жылы “Жұлдыз” журналының 5-нөмірінде жарияланды. Дулат шығармаларын барынша зерттеп, жинап баспаға әзірлеген Қ.Өмірәлиев болды. Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен 1991 жылы жарық көрді. Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны — 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнау өлеңдерінде қазақ жерінің отарлануын, ел билеушілердің отаршыл саясаттың шылауында кетуін “Сауыр жерден айрылып, Қазақ елі жұқарды..., Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты..., Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады”, — деп, кекті де отты жыр жолдарына айналдырған. Д-тың ақындық өнері, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты. ....
Доспамбет жырау (1490, қазіргі Ресей Федерациясы, Ростов облысы, Азау қаласы — 1523, Астрахан маңы) — жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Тайпааралық ұрыстардың бірінде қаза тапты.
Шығармашылығы Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады. Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады. Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды (“Айнала бұлақ басы таң”, “Тоғай, тоғай, тоғай су”, “Азау, азау дегенің”, “Арғымаққа оқ тиді”, “Қоғалы көлдер, қом сулар”, “Айналайын, Ақ Жайық”, т.б.). Жырау өткен өмірді жырлағанда туған ел, өскен жерге деген ыстық махаббатын келер ұрпақ болашағымен байланыстыра сипаттайды.....
Доскей Әлімбайұлы (1850, Астана, Сораң атты жер - 21.09.1946, Қарағанды) - топжарғын ақын, айыр-көмей шешен, жезтаңдай әнші, дарынды композитор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, халық ақыны. Арғын тайпасының Қуандық руының Мойын Байдәулет бөлімінен шыққан.
Жасынан жетім қалып, байларда жалшылықта жүрген. Жас шағынан өнер мәдениетін - әйгілі Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Біржан салдардан үйреніпті. Доскей Орынбай, Кемпірбай сынды өнерпаздармен кездеседі, Үкілі Ыбырай және Ақан серімен айтысады. "Көмейің кең, тілің мірдің оғындай өткір екен…" - дейді Біржан, Доскейге домбрасын сыйлап.
Доскей әу бастан аңыз - әңгімелерге, ертегі - жырларға, ән-күйге құлағын түріп, зейініне тоқып, халықтың ақ жамбыдай асыл дүниелерін жадына ұстап жүреді. Жасынан жетім қалған, байлардың жалшысы болған ол 16 жасынан өзінің ақындығын таныта бастайды. Революцияға дейін Доскей патша үкіметі мен бай, билердің айуандық қылықтарын өзінің өткір жырларымен өлтіре шенеді. Халық ішінен шыққан ақын Доскей қанша қудаланып, қиындыққа кездессе де, үстем тап өкілдерінің алдына бас имеген. Кеңес заманы орнағаннан кейін Доскей көмірлі Қарағандыда өмір сүрген. Сондықтан шығармаларының негізгі тақырыбы Қарағанды кеншілерінің өмірі мен еңбегі болды. "Қарағанды", "Екі сайлау", "Жүрегім" деген өлеңдері ақынның таңдаулы шығармалары болып есептеледі.....
Сәкен Қордабайұлы Майғазиаев (1975 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында туған) — қазақстандық әнші, МузАРТ ансамбльінің солисті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.
Өмірбаяны Сәкен алты ұл мен төрт қызды дүниеге әкелген Қордабай Майғазыұлы мен Ұлтай Мырзамбекқызы отбасында тоғызыншы болып туған. 1993 ж. Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжіне түсіп, «соқпалы аспаптар және эстрада әншісі» бөлімі бойынша К. Бектаев пен Л. Кесоглудан сабақ алды. 1997ж. Т. Жүргенов атындағы «Өнер» академиясының «эстрада әншісі» бөлімі бойынша Л. Тулешовадан білім алды.
2001 ж. бастап МузАРТ тобының мүшесі болып тағайындалды. 2012 ж. бері - Ж. Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінде ұстаз.....
Жанар Асылбекқызы Дұғалова (1987 жылдың 17 қаңтарында Қазақстанның Қызылорда қаласында туған) — қазақстандық әнші. Türkvizyon 2014 Ән байқауының жеңімпазы. KeshYou тобының бұрынғы орындаушысы. 2014 жылдың тамызынан бастап, жеке дара мансабын бастады. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері (2015 ж.).
Өмірбаяны Жанар Асылбекқызы Дұғалова Қызылордада туып, Павлодар қаласында өскен. Бала кезінде отбасымен бірге Алматыға көшті. Диапазоны кең әнші. Бірінші мұғалімі - анасы. Сол үшін Жанар жастайынан әнші болуды армандаған. Алты жасында бірінші рет жетістікке жетті. Әрі қарай республикалық, қалалық байқаулардан жеңіске жетті. 2001 жылы "Жас қанат" байқауының жүлдегері болды. Жанар Доғалова музыкалық колледжін бітірген және Мәскеудегі ГИТИС-ті тәмамдаған. 2001 жылы продюсер Баян Есентаевамен кездеседі. Қазір Жанар "Кеш You" тобының мүшесі. Әнші болудан басқа ол актерлік шеберлігі де жетерлік. "Ғашық жүрек-2" киносында түскен. ....
Димаш Құдайберген (Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайберген, 24 мамыр 1994 жыл, Ақтөбе) — қазақстандық әнші. Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған, «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты, «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасының Президенті Құрмет грамотасымен марапатталған, «ABU TV song» халықаралық фестивалінің қатысушысы.
Отбасы Димаштың ата-анасы танымал әншілер Қанат Айтбаев және Светлана Айтбаева. Димаштың әкесі Қанат Айтбаев - облыстық филармонияның басшысы, анасы Светлана Айтбаева – облыстық маслихат депутаты. Димаштың ата-әжелері де музыка адамдары. Бірі домбырада ойнаса, екіншісінің ән айтуға бейімі мол. Димаштың Раушан атты қарындасы, Мансұр атты інісі бар.
Димаш Құдайберген 24 мамыр 1994 жылы Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері Қанат Құдайбергенұлы мен Светлана Айтбаева отбасында дүниеге келген. Ең алғаш рет спектакльде ойнауымен таныла бастады. Бес жасында музыкалық колледж сахнасында алғаш әнші ретінде ән салған. Алты жасында “Айналайын” Республикалық байқауының “Фортепиано” номинациясында жеңімпаз атанған. 2010 жылы "Байқонырдың Әсем дауыстары" Халықаралық фестивалінің І жүлде лауреаты атанды. 2012 жылы “Жас қанат” Республикалық жас ән орындаушылар байқауының Гран-при жүлдесіне ие болды. 2012 жылы “Восточный базар” Халықаралық байқауында І жүлде лауреаты атағына ие болды. Бір жылдан соң, “Мейкин Азия” І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы болып атанды. 2014 жылы Ақтөбе қаласында А.Жұбанов атындағы Музыкалық колледжінде “академиялық ән орындау” факультетін бітіріп, Қазақ Ұлттық өнер университетінің “эстрада өнері” факультетіне түсті.....
Бақыт Қалсапарқызы Шадаева (1970 жылы 12 қаңтарда Түркістан облысы Мақтаарал ауданында туған) — эстрада әншісі. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері (2005). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (1997). Мақтаарал ауданының құрметті азаматы
Жалпы мәліметтер Алматы эстрада студиясын бітірген (1989). Өнердегі жолы 1988 жылы басталды. «Жас жігер» байқауына қатысқан жас әнші лауреат атанды. Студияны бітірген соң мемлекеттік «Гүлдер» ансамбліне жолдама алды. Осы жылдары ол бірнеше халықараралық, республика конкурстарға қатысып көзге түсті. «Юрмала-89», «Жас қанат» (1994) конкурстарында дипломмен марапатталды. Мальта Республикасында өткен «Мальта әуендері» ән байқауында лауреат болып, таңдаулы шетел әншісі атанды. Ол Қазақстан және шетел композиторларының әндерін, сондай-ақ халық әндерін де орындайды. Шадаева шырқаған «Аңса жаным», «Жауын», «Алматым – сұлу астанам», «Достарым», «Өмір – арман» әндері кеңінен танымал. Әнші Қытай, Германия, Франция, Италия, Ресей, Түркия және басқа елдерде өнер көрсетті. 1994 ж. «Сазген» этнографиялық ансамблімен бірге таяу және алыс шетелдер жұртшылығы алдында ән шырқады.....
Меруерт Балғабайқызы Түсіпбаева (1971 жылы 6 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған) — қазақстандық танымал эстрада әншісі, кино актриса, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (2000). Педагогика ғылымдарының кандидаты (2009).
Меруерт Балғабайқызы 1971 жылы 6 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1995 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "музыкалық театр актері" мамандығы бойынша Қазақстанның халық артисі, профессор Тілектес Мейрамовтың классын бітірген. 1995 - 2001 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы болды. Осы театрда жүріп, Ғ. Мүсіреповтың «Ұлпан мен Есеней» спектаклінде Ұлпан рөлін, М.Ақынжанов, А.Әшімовтың «Алтын сақасында» Күнбала рөлін, М.Шаханов пен Ш. Айтматовтың «Сократ» спектаклінде Нуриді және т.б. елге танымал койылымдарда аса биік актерлік шеберлік көрсете білді. 1996 жылдан жеке шығармашылықта. ....
Медеу Уәлиханұлы Арынбаев (1967 жылы 5 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза кентінде туған) — әнші, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). "Алтын Адам" ұлттық сыйлығының иегері (2002). Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
Медеу Уәлиханұлы Арынбаев 1967 жылы 5 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза кентінде дүниеге келген. 1990 жылы Ташкенттегі эстрадалық студиясын бітірген. 1990 - 1995 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің музыкалық - педагогика факультетін бітірген. 1992 жылы «Жас қанат» республикалық жас орындаушылар конкурсына қатысып, екінші орынды иеленеді. 1995 - 1997 жылдары Гүлдер ансамбльінің солисті. 1997 жылы "АБК" эстрадалық тұңғыш трисының әншісі әрі жетекшісі болды. (құрамында Қыдырәлі Болманов, Ерлан Көкеев). қазіргі таңда жеке шығармашылықта. Ән салып қана қоймай өзі де ән жазады.....