Тұманбай Молдағалиев (1935 - 2011)

Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Жарсу ауылында туған. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. Еңбек жолын «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде әдеби қызметкер болудан бастаған. 1956–1959 жж. «Пионер» журналында әдеби қызметкер, 1959–1971 жж. «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор болған. 1971—1973 жж. «Балдырған» журналында жауапты хатшы, 1973–1984 жж. «Жалын» альманахының бас редакторы қызметтерін атқарған. 1984–1986 жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы болды. Қазір «Балдырған» журналының бас редакторы.
Тұңғыш өлеңдер жинағы 1957 жылы «Студент дәптері» деген атпен жарық көрді. Содан бергі уақыт ішінде ақынның қырықтан астам кітабы басылды. Орыс және батыс классиктерінің, сондай-ақ туысқан республикалар....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (1748–1819)

Шал Ақын, Тілеуке Құлекеұлы (1748–1819) халық ақыны, Абылай ханның замандасы. Тiлеуке Құлекеұлы қазiргi Ақмола облысы Азат темiр жол станциясының маңында дүниеге келген. Шал ақынның әкесi Құлеке батыр Тәңiрбердiұлы қазақ-қалмақ соғысының атақты батырларының бiрi.

Ол Абылай ханның ширек ғасырдай уақытта ең жақын қадiрлес досы, сенiмдi батыры, беделдi елшiсi болып, орта жүздiң iшiндегi ел бастаған, қолбасшы адамы болған. Ол 1742 жылы.......
Рефераттар
Толық

Хақназар хан (1538-1580)

Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер.....
Рефераттар
Толық

Өтеген батыр (1699–1773)

Өтеген батыр (1699–1773) – XVIII ғасырдың І-жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. Ұлы жүздің дулат тайпасынан Жаныс руынан шыққан. Өтегеннің ата-бабалары да есімдері елге танылған батырлар болған. Бабасы Сырымбет 1635 жылы Ойрат ханы Батырдың 50 мың әскеріне қарсы соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқа қатысқан. Өз әкесі Өтеғұл да талай қанды жорықты бастан кешкен батыр......
Рефераттар
Толық

Үмбетей жырау

Үмбетей Тілеуұлы 1697 жылдар шамасында осы еліміздің Ерейментау өңірінде дүниеге келген. Әкесі – Тілеу қаһармандық жырларды, көне аңыздарды, шешендік сөздер мен қиссаларды жақсы білетін шежіре, сонымен қатар халықтың музыка өнерінен көп хабары бар шебер қобызшы, ел ішінде абыз атанған адам екен. Үмбетейдің өмірдегі, өнердегі мектебі — өз әкесі, дәріс алған тұстаздары – сол кездегі әкесі тәрізді көнекөз қарттар. Ақындық.......
Рефераттар
Толық

Толыбайұлы Олжабай (1709-1783/85)

Толыбайұлы Олжабай (1709–1783) — жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақтың атақты батырларының бірі. Шыққан тегі — Орта жүздің Арғын тайпасынан.

Олжабайдың арғы атасы Айдабол он үш жасында би болған. Осы Айдаболдың үш әйелінің бәйбішесінен — Жанқозы, Малқозы, Кенжеқозы, ортаншы әйелінен Қарақозы, Бозқозы, Аққозы.......
Рефераттар
Толық

Саңырық батыр Тоқтыбайұлы (1691-1740)

Саңырық батыр Тоқтыбайұлы (1691, қазіргі Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылы маңындағы Ағыбай қыстауы – 1740, Арыстанбаб кесенесі маңы) – жоңғар басқыншылығына қарсы күрестегі атақты батыр, қолбасшы. Ұлы жүздің Ошақты тайпасының тасжүрек руынан. Әкесі – Тоқтабай да батыр болған. Ол кісі кезінде.....
Рефераттар
Толық

Тілеуқабылұлы Өтейбойдақ (1388-1478)

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1388–1478) – қазақтың әйгілі шипагер ғалымы, елдің әлеуметтік-саяси өміріне жүйрік тарихшысы. Райымбек ауданы, Шалкөде жайлауында ғұмыр кешкен. Адам ағзаларында кездесетін кейбір кеселдерді емдеу үшін төрт түлік малға тәжірибе жасап, шипа дарыту амалдарын тапқан. Соның нәтижесінде жазған «Шипагерлік баян» атты еңбегі 7 рет көшірілу арқылы бүгінгі күнге жетіпті деген.....
Рефераттар
Толық

Иса Байзақов (1900 - 1946)

Байзақов Иса (1900-1946) - қазақтың халық ақыны, әнші, әртіс, домбырашы, композитор.
Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылында туған. Семейдегі жұмысшылар факультетін, Орынбордағы қазақ халық ағарту институтын, Қазақ педагогикалық институтын бітірген

Әкесі Байзақ ескіше хат таныған, жасында ән салып, өлең шығарған, шағын шаруалы, сауыққой кісі болған. Иса 9-ға шыққанда шешесі қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді. Кішкентайынан ол «Домбырашы бала», «Әнші Иса» атанады. Революцияға дейін....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Шыңғыс Айтматов (1928-2008)

Шыңғыс Айтматов (қырғызша: Чынгыз Айтматов) (1928 ж. желтоқсанның 12 Шекер, Қырғыз АКСР - 2008 ж. маусымның 10, Нүрнберг, Алмания) - ойшыл гуманист, данагөй, қазақ-қырғызға ортақ халық жазушысы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері және Лениндік сыйлықтың лауреаты.
Ш. Айтматовтың бүкіл шығармашылығы мен өмірі бастан-аяқ қазақ халқымен тығыз байланысты болды. Сонау «Жәмиладан» бастап, әлемге танымал «Қош бол, Гүлсары», «Ақ кеме», «Ғасырдан да ұзақ күн», «Жанпида» сияқты барлық шығармаларындағы көркем образдарының рухы мен мінезі қырғыздан гөрі қазаққа өте-мөте жақын еді. Жазушының өзі де қазақ...
Өмірбаяндар (биография)
Толық