Қолымда он жүзігім ал шығармай, Бір бөрі мал жейді екен қан шығармай. Төрт торы, екі сала жұмбағым бар, Мұны тапқан мені алсын мал шығармай. Он тырнақ, ұстара, жылдың төрт мезгілі
Бір жанды мақлұқ көрдім пошымы бөлек, Бір тау бар ортасында дөп-дөңгелек. Үстіне шыққан шөбі бәрі тегіс, Мал жемес, шауып алып неме керек. Сол таудың ортасында екі өзен. Астында бұлағы бар, алды кезең. Не астына, не үстіне шыққан шөп жоқ, Адамзат көргенің жоқ ондай өзен. Сол таудың етегінде жалғыз құдық, Беткейде асыл таспен аузын қиып, Ішіне кірген нәрсе тірі шықпас, Асыл тас жібереді бәрін қиып. Адамның басы, беті, аузы, тісі
Мұхит (Мұхамбеткерей) Мерәліұлы (1841–1918) Батыс Қазақстан облысындаҚаработын ауданында, Ақбақай ауылында дүниеге келген. Мұхиттың ата-анасы дәулетті бай адамдар болған. МұхамбеткерейМұхиттың туған бауырлары: Пәнгерей, Шәнгерей, Сақыпкерей, Жәнші, Жүсіп бұлардың бәрі отбасымен мәдениетті жақсы көрді, ән айтты, скрипкада ойнады, күй тартты. Мұхит- халық композиторы күйші, домбырашы. Мұхит тойларда, ірі жәрмеңкелерде домбырада ойнап, ән айтумен көзге түскен өнер иесі. Мұхит, Есбай, Тазбала, Сәулебай күйлерін ерекше........