Айдос Есмағамбетов

Айдос Есмағамбетов – гиперреалист-мүсінш

Айдостың өнерге деген талпынысы бала кезінен байқалған. Оның ата-анасы да өте талантты жандар. Әкесі сурет салып, мүсіндер жасаса, анасы кесте тоқиды. Кестесі инемен емес, қылқаламмен салынғандай. Айдос Арқалық қаласының тумасы. Кәсіби білімді Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институында «Бейнелеу өнері мен сызу» мамандығы бойынша алған. Силикон мүсін жасау Айдостың бұрын-соңды ойында болмаған. Ол тек көптің қолынан келе бермейтін дүниелерді жасауға ұмтылады.
– Мүсін жасау идеясы Мадам Тюссо музейінен кейін туындады. Әзірге, ондай орындарды аралап көргем жоқ. Бірде теледидардан Обаманың жаңа силикон мүсініне көзім түсіп кетті. Содан «Неге біздің Қазақстанда жасап көрмеске?», «Неге отандастарым ондай мүсіндерді шетел асып қана көруі керек?» деген сауалдар туындай бастады, - дейді мүсінші.

Айдос бұрынырақ силиконнан аквариумдар жасағанын айтады. Оның жұмсақтығы, нәзіктігі жігіттің тағы бір қырын ашып жібергендей. Оған дейін саз-балшық пен гипстен кішігірім әр түрлі мүсіндер жасап жүрген ол осы материалға ден қоя бастайды. Беташар жұмысы Елбасы Н.Назарбаевқа арналған. Одан кейін, Абылай ханның мүсінін жасайды. Оны жасау идеясын Президенттің мәдениет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков ұсыныпты. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Мақпал Тажмағамбетова

Мақпал Тәжмағамбетова (Мыса) – ақын

Мақпал Тәжмағамбетова – ақын, жазушылар және журналистер Одағының мүшесі. "Алақандағы бақыт", "Мен керекпін" және "Аспантаудың көктемі" атты үш кітап авторы. Ақсу ауданының 80 жылдығы және Мұқағали Мақатаевтың 80-жылдығына арналған республикалық байқауларда бірінші орын алған. Молықбай қобызшы, Майра Уәлиқызы, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы сыйлықтардың иегері. Былтыр Ресей жазушылар Одағының шешімімен білікті аударма үшін балқар ақыны Керім Отаров атындағы алтын медальмен марапатталған. Сонымен қатар Қазақстан Тұңғыш Президенті Қоры ұйымдастырған «Алтын тобылғы» Республикалық байқауының бас жүлдегері атанған.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Рамазан айы. Оразаға қатысты сұрақ-жауаптар

Сұрақ: Мен студентпін, сабағымды жақсы түсіну үшін кейбір күндері ораза тұтпасам, кейін қазасын ұстасам бола ма?

Жауап: Ораза ұстау сабақтарыңа кедергі болмайды. Керісінше жақсы түсінуің үшін көмекші болады. Қарын қатты тоқ болса адамның миы жақсы жұмыс істемейді. Аш адамның зеректігі ашылып, түсіну қабілеті күшейеді. Бұл әлі тек медициналық жағы. Ал ораза тұтқанда Аллаһу та’аланың жаудыратын.......

Кеңестер
Толық

Қанат Исламды қаралаған «азамат» қазақ халқынан кешірім сұрасын!

Еліміз көкке көтеріп, мақтан тұтатын боксшылар дегенде сіз кімді ойлайсыз? Иә, әрине, әлемдік рингтерде күшін салып, елге жеңіспен оралатын Геннадий Головкин бірінші кезекте ойыңызға келері сөзсіз, оның орны бір төбе. Алайда нағыз қазақтың азаматы, елдің туын көкке желбіретіп жүрген палуан Қанат Ислам да ескерусіз қалмасы анық. Кәсіпқой бокста еліміздің намысын қорғап жүрген қазақ боксшысы бар деп мақтанышпен айтуға тұрарлық.....
Жаңалықтар
Толық

Бір-бірінің көйлегін алмастырып киетін жұлдыздар кімдер?

Бүгінде ел алдында жүрген қыз-келіншектер әр көйлегінің, тіпті әр сәнді бұйымының ешкімге ұқсамайтын, қайталанбайтын, ерекше болғанын қалайды. Дегенмен, кей жағдайда олардың бірдей көйлек киіп қалатын кездері де болады. Мәселен, отандық дизайнерден эксклюзивті көйлекке тапсырыс берген Аиша дәл сондай көйлекті Гүлнұр Оразымбетованың үстінен көріп, таң-тамаша болған еді.
Жаңалықтар
Толық