Туған жерімнің бейнесі (Қызылорда)

Мен сіздердің өз өмірлеріңізбен ел өмірін толыққанды, сәнді
және бояуы қанық ете алатындарыңызға кәміл сенемін.
Жаңа ғасырға Қазақстанды сіздер алып барасыздар!
Н.Ә.Назарбаев

Мен биылғы жылы он бес жасқа қадам бастым. Бала деуге келмейтін, бойжеткендеуге жетпейтін, жасөспірім кезеңге аяқ бастым. Білгенімнен білмейтінім, көргенімнен көрмегенім көп. Мен үшін жұмбақ, таңсық нәрселер жетерлік. Өзгермелі қоғамда, дамыған заманда болашағымды болжай алмасам да,келешекке үлкен сеніммен, алдағы өмірге деген үкілі үмітім бар.

XXI ғасырда болашаққа қарыштап қадам басқан елімнің жетістіктерін күнделікті баспасөз беттерінен оқып танысамын, теледидардан көріп марқаямын. Асқақтаған Астанам, көкпен таласқан Бәйтерегім, жұрттың көз-қуанышына айналған туған жерімнің табиғаты мен оны мекен еткен ұлыс пен ұлт өкілдерінің тату-тәтті тұрмысын мақтан етемін.Кім келсе де құшағын жая қарсалатын, нанын бөліп жеуге даяр тұратын, қызын аялаған, ұлын ардақ тұтқан, бейбітшілікті ту еткен ерекше елдің перзенті болғаным үшін шаттанамын. Елімнің қай түкпірін сөз етсем де туған жерге деген сезімім сана төріне сан түрлі ой, толқыныс әкеледі......
Шығармалар
Толық

Ортағасырлық қоғамды қаланың сәулеті мен өнері қалай бейнелейді? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Феодализм
Сабақ тақырыбы: Ортағасырлық қоғамды қаланың сәулеті мен өнері қалай бейнелейді? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.4.1.1 – қолөнер мен сауданың рөлін анықтай отырып, ортағасырлық қалалардың даму ерекшеліктерін сипаттау;
6.2.2.2 – өнердің (сәулет, сурет өнері) дамуына қоғамдағы өзгерістердің ықпалын анықтау
Сабақ мақсаттары: ортағасырлық өнер стильдерінің ерекшеліктерін зерттеу......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ортағасырлық қоғамды қаланың сәулеті мен өнері қалай бейнелейді? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Феодализм
Сабақ тақырыбы: Ортағасырлық қоғамды қаланың сәулеті мен өнері қалай бейнелейді? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.4.1.1 – қолөнер мен сауданың рөлін анықтай отырып, ортағасырлық қалалардың даму ерекшеліктерін сипаттау;
6.2.2.2 – өнердің (сәулет, сурет өнері) дамуына қоғамдағы өзгерістердің ықпалын анықтау
Сабақ мақсаттары: - ортағасырлық өнер стильдерінің ерекшеліктерін зерттеу......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы әйел бейнесі

Еліміздің ірі қоғам қайраткері, ХХ ғасыр қазақ әдебиетінің көрнекті өкілінің бірі – Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов. Жазушының шығармашылық жолы өте бай, туындылары әдебиет тектерін толық қамтыған. Қай туындысын алсақ та Ғ.Мүсіреповтің қаламгерлік ерекшелігін қыр-сырынан тани аламыз. Ол қазақ әдебиетінің барлық жанрын дамытуда аянбай еңбек еткен академик-классик жазушы. Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Алайда қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас шебері деп біледі, құрмет тұтады.

XX ғасырдың басындағы қазақ прозасында әйел теңсіздігі тақырыбы ерекше орын алғанын білеміз. Қазақ әдебиетіндегі ірі, орта эпикалық туындылардың алғашқыларының -«Бақытсыз Жамал», «Қалың мал», «Шұғаның белгісі» атауларынан-ақ олардың тақырыптық-идеялық сипатын айқын аңғарамыз.

Жалпы осы тақырыпта да қазақ әдебиетінің кемеңгері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов ана бейнесін ашуда үлкен үлес қосты. Әйел-Ана тұлғасын сомдауда бүкіләлемдік аналар галереясын байыта түсті. Сонымен қатар сөз өнеріне де тақырыптық-идеялық сипатта зор үлес қосты. Жазушының әдеби-шығармашылық еңбегіне үлгі болған Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Крылов, Чехов, Толстой, Салтыков-Щедрин сияқты орыс классиктері және батыс классиктері болды. Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық әңгімелері қызықтырады. .....
Шығармалар
Толық

XIII – XV ғғ. өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді? 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3A XIII – XV ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: XIII – XV ғғ. өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді? 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.2.1 күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау
Сабақ мақсаттары: 7.2.2.1 күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі
маңыздылығын айқындау.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

XIII – XV ғғ. өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:XIII – XV ғғ. Қазақстан.
Сабақ тақырыбы: XIII – XV ғғ. өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді? 2-сабақ
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): 6.2.2.1 күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі
маңыздылығын айқындау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:
• күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретінде таниды
Оқушылардың басым бөлігі:
• күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау
Кейбір оқушылар:
• тарихи құндылығын анықтайды.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

XIII – XV ғғ. өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:XIII – XV ғғ. Қазақстан.
Сабақ тақырыбы: XIII – XV ғғ. өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді? 1-сабақ
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау
Сабақ мақсаттары: Барлығы: берілген деректерден қажетті ақпараттарды іріктеп алып, сұрақтарға жауап береді.
Көпшілігі: деректерді салыстыра талдап, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін түсіндіріп, тақырып бойынша қорытынды жасайды
Кейбірі: дерек көзін қолданып, көшпелілердің түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелейтін философиялық және әдеби шығармаларын бірнеше аспектіде қарастырып, өзіндік пайым жасайды.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Сабақ жоспары (қмж): Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың дүниетанымын қалай бейнелейді (Қазақстан тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
Сабақ тақырыбы: Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың дүниетанымын қалай бейнелейді
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.2.1.1 алғашқы адамдардың наным – сенімдерін сипаттау
5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді салыстыру
Сабақ мақсаттары: Мәтінмен жұмыс жасай отырып алғашқы адамдардың наным-сенімдері туралы түсінік қалыптастыру. Дерек көздерін талдау арқылы наным-сенімдердің, тотемизм, анемизм т.б. діни түсініктердің пайда болуының себеп-салдарларына талдау жүргізу. Археологиялық ескерткіштердің маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Мәңгі жас бейнелер

Мені екінші дүниежүзілік соғыс жайлы деректер көп қызықтырады. Дәлірек айтар болсам ел басына күн туған шақта бес қаруын асынып, қан майданда жаумен бетпе-бет келіп,нағыз қаһармандықтың үлгісін көрсетіп,еліміз тарихында аттарын аңызға айналдырған батыр апаларымыздың бейнелері үнемі көз алдыма келеді. Кешегі өткен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың-қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерліктері туралы біздер көркем шығармалардан, оқулықтардан, кинотуындылардан білеміз.
Айдаһар болып майдан жұтып жатты
Ата мен немеренің аралығын- деп ақын атамыз Қадыр Мырза Әли суреттегендей соғыс зардабы қазақ қыздарының да тағдырын айналып өтпеген екен. Ұлы Отан соғысы басталған күннен-ақ мыңдаған қазақ қызы майданға сұрана бастаған. Тарихи деректерді ақтара отырып төмендегідей мәліметтермен таныстым: 1941-1945 соғыс жылдарында бір миллион 196 мың 164 қазақстандық әскерге алынған .Мұның елеулі бөлігі қыздар болған. Ақтөбе облысынан 1941-1942 жылдары әскерге алынған 80226 адамның 950-і әйелдер мен қыздар болған. Атырау қаласынан 23,Доссор кентінен 4, Қызылорда облысы Арал ауданынынан бірнеше ондаған қыздар мен әйелдер майданға аттанғанын дәйекті деректер анықтайды. Әскерге алынған қыздар соғыс техникалары мен құралдарын жетік меңгеріп алды.Шайқастарда ерлік көрсетті.Халқының абыройын асырды,елінің даңқын шығарды.......
Шығармалар
Толық