Сүлеймен Бақырғани

Хакім ата (туған жылы белгісіз – 1186 жылы қайтыс болған) сопылық диадктикалық сарындағы әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі, ислам дінінің «жахрия» («йассаушиілік») деп аталатын ағымын қыпшақ даласына уағыздап, таратушы көрнекті діни қайраткер. Болашақ ақын қазіргі Қарақалпақстанға қарасты Қоңырат қаласына жақын жердегі көш қамал – қала Бақырғанды туған. Түркі әлеміні ғылым және өнер ошақтары – испиджаб (Сайрам), Фараб (Отырар), Йасы (Түркістан) шаһарларында ұзақ жыдар оқып, ислам дінінің аса көрнекті ғұламаларынан дәріс алған.
Кезінде «ұстаздардың ұстазы» атанып: «ұлы Шайхы» дәрежесіне жеткен ғұлама ақын Ахмет Йассауидың ең қабілетті шәкірті, ізбасары болған.
Бұл туралы Сүлеймен Бақырғани:
Йассы өзені жағасы
Жатыр гауһар асылы
Машайықтар сарайы
Шейхым Ахмет Йассауи
Қарашығымен қыстаған
Сұңқар, лашын ұстаған
Сансыз шәкірт бастаған
Шайхым Ахмет Йассауи
Шариғаты – шапағат
Таризаты - қанағат
Хақизаты парасат
Шайхым – Ахмет Йассауи –
дейді.
Бақырғани жасы ұлғайған сайында ел арасында Хакім ата деп аталып кеткен. Бақырғанидың сопылық – дидактикалық мазмұндағы хикмет - өлеңдері кезінде ұлан – ғайыр қыпшақ даласы мен Орта Азияның түркі тілдес тайпалары арасында кеңінен тарағаны тарихтан жақсы мәлім. Алайда мұрасы тек ХІХ ғасырда ғана қайта жинақталып, Қазан, Ташкент және Стамбұл бапаларынан «Бақырғани кітабы» деген атпен бірнеше рет (1846, 1877, 1898 жж.) басылып шықты.....
Рефераттар
Толық

Балғабек Қыдырбекұлы | Бақыр бас

(этнографиялық әңгіме)

«Жұртқа келген селебе, селебені елеме» десе де, халық елге келген обадан осы заманғы үйлерде хлорофостан қырылған тарақандай жайраған бір кердері кезең болса керек-ті. Аурудан әбден ығыр болған жұрт Үкітайдың баласы Әлтай аяқ астынан қатты ауырып сандырақтап жатыр дегенді естігенде, аза бойлары қаза болды. Ауылдас ағайын жесір қатын, жетім баланың жалғыз түйесін есігінің алдына әкеліп, тіздеп тастады. Он шақты уақ-жанын бөліп, оны осы шетте отырған үйдің төңірегіне иірді де, басқалары апыл-ғұпыл үдере көшті. Кім біледі, Әлтайдың аяқ астынан ауырғанына қарағанда малға келген қарасандай елге тағы да оба, әлде сарамас сияқты әрбір үйден ойбай шығарып, кейбіреулерінің түндігі ашылмай қалатындай қисыпыр жасайтын бірдеме келіп қалған болар. Ондайда ең дұрысы іргені аулақ салып, түп көтеріле көшіп кету болмақ.

— Кім біледі, Үкітай, топырақтан тысқары болсақ әлі-ақ кездесерміз, әлі-ақ ондай күн туса ғана бүтін құртты бөліп жеп, жарты құртты жарып жеп отырармыз. Мына мал-жанына ие бол! — деді ат үстінен үйге түспестен Жармақ шал. Сырттан айтқан сөз Әлтайдың құлағына анық-ақ жетті......
Әңгімелер
Толық

Бір бақыр бөкпен

Баяғыда бір кішкентай қыз болыпты.

Бір күні қыз жидек тере барғанда, бір кемпірге кездеседі.

— Аманбысың, қызым?—дейді кемпір.— Жидегіңнен берші.

— Мә, жеңіз, әже,— дейді қыз.

Жидекті жеп болған соң, кемпір:

Қарағым, «сыйға-сый, сыраға-бал» деген......
Ертегілер
Толық

Үміт

Үміт өлмейді.

Үмітсіз - шайтан.

Үміттінің өз дәулеті өзінде.

Қазан аузы жоғары, қармақ суда.

Сағыныш - сары ауру,үміт - талшық.
Мақал-мәтелдер
Толық

Сүлеймен Бақырғани (12 ғасырдың басы — 1186)

Сүлеймен Бақырғани (12 ғасырдың басы — 1186) – сопылық дидактикалық сарындағы әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі, ойшыл, ғұлама, ақын, «Түркістан пірі» атанған Қожа Ахмет Яссауидің атақты төрт шәкіртінің бірі. Түркістан қаласында дүниеге келген. Самарқанд, Бұхара, Хорезм, Шам қалаларында білім алған. Халық арасында Әкім ата деген атпен белгілі. Атақты түрколог А. Боровтың зерттеулері бойынша, Сүлеймен Бақырғани өз жырларын кезінде бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған оғыз-қыпшақ тілінде жазған. Ол сопылық поэзия үрдісін....
Рефераттар
Толық